Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша отырысының баспасөз парағы
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың төрағалығымен Жамбыл облысының пилоттық өңірлерінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті.
Отырысқа Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары қатысты.
Отырыста Сайлау туралы Конституциялық заңның 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихатының «Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу үшін Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлердің тізбесін белгілеу туралы» және «Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлерде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы» 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімдері негізінде 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленген Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің пилоттық сайлауын әзірлеу және өткізу міндеті тұрғанын атап өтті.
Осыған байланысты аудан әкімдері сайлауы жөнінде аумақтық сайлау округтерін құру және сайлауды тағайындау туралы қаулылары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары мен өзге де сайлау құжаттарының жобалары талқыланды.
Сонымен қатар, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына алдағы сайлау науқанына дайындық аясында сайлау инфрақұрылымын өзектендіру, оның ішінде комиссиялардағы бос орындарды толықтыру, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру, сайлау учаскелеріне түгендеу (инвентаризация) жүргізу, сайлау учаскелерінің сайлаушыларға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету, учаскелік сайлау комиссияларының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинарларын ұйымдастыру, қажетіне қарай әдістемелік көмек көрсету, олардың жұмысына қажетті кеңсе және шаруашылық тауарларының уақытылы қамтамасыз ету сияқты бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.
Отырыс соңында аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы