Жамбыл облысының 2023 жылдың қаңтар-шілдедегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 510,1 млрд. теңгені құрады, НКИ-107,8%.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 14,2%-ға (60,3 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 8,2%-ға (365,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,9%-ға (80,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 6,7%-ға (3,5 млрд.теңге) төмендеді.
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 200 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 27,7 млрд. теңге құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылуда («АлельАгро» АҚ - Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты, «Мол Даму» ӘКК - сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу, «Бахор» ЖК - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы, «KazGazBlock» ЖШС - автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыт салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 160,9 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 102,3%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 42,0 млрд. теңге (НКИ-101,7%), мал шаруашылығы – 118,9 млрд. теңге (НКИ-102,6%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы 27 369,7 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6 716,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 20 653,7 млн.теңге. 2023 жылғы 1 тамызына 14 393,5 млн. теңге игерілді.
2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 773,9 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,9 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 398,2 мың га, майлы дақылдар - 72,2 мың га, көкөніс және бақша дақылдары - 61,8 мың га, картоп - 11,8 мың га, қант қызылшасы - 11,1 мың га, жемшөп дақылдары - 218,8 мың га.
2023 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша астық масақтары 349,5 мың га немесе егін жинау алаңының 93,2% жиналды, онда өнімділік 11,3 ц/га құрады.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 70,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 104,7%, сүт – 194,3 мың тонна (101,4%), жұмыртқа – 72,0 млн. дана (92,2%).
МІҚ саны 562,3 мың басты (105,0%), қой – 3843,4 мың басты (108,2%), жылқы – 195,9 мың басты (109,1%), құс – 1993,9 мың басты (100,6%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылғы қаңтар-наурызында желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 192,5 млрд. теңге (138,8%), жұмыспен қамтылғандар саны - 157,1 мың адамды (122,0%) құрады.
2023 жылғы 1 тамызға жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 107,7 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 89,5%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 261,1 млрд.теңгеге 9963 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 172,4 млрд. теңгені құрайтын 5309 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. 13,8 млрд. теңгеге 537 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 35,0 млрд. теңгені құрайтын 4240 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. - 3,7 млрд. теңгеге 355 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,5 млрд.теңгеге 137 жоба іске асырылуда (2023 ж. – 283,4 млн. теңгеге 6 жоба).
2023 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда айналымы 260,1 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 3,8%-ға, көтерме тауар айналымы – 223,0 млрд. теңгеге (0,2%-ға) ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 235,3 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар-маусымға 132,9% құрады, оның ішінде экспорт - 51,2 млн. АҚШ долларын (89,0%), импорт – 184,1 млн. АҚШ долларын (153,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 132,9 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 286,5 млрд.теңгені (99,2%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 25,7 млн. тонна (90,7%), жүк айналымы – 24,3 млрд.ткм (95,7%), жолаушыларды тасымалдау - 33,4 млн. адам (117,3%), жолаушылар айналымы - 1065,2 млн. жкм (94,1%) құрады.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 241,0 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 115,9%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсуі Сарысу ауданында - жел электр станциясының («Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС), тыңайтқыш өндіру зауытының («Еврохим-Қаратау» ЖШС) құрылыстарына, Шу ауданында - мыс өндіру бойынша тау-кен күрделі қазбаларына («Қазақмыс корпорациясы Балқашцветмед өндірістік бірлестігі» ЖШС), шахта салуға («ZANASHYR Прожект» ЖШС), республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялауға (Меркі-Бұрылбайтал. Айналма жол - Шу қ.) «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ЖОФ); қант қызылшасын өсіруге арналған ауыл шаруашылық жерлерін тамшылап суаруға шағын кешенін сатып алуға («Qyzylsha» ЖШС) салынған инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 119,6 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 132,4% құрады.
Өсім Мойынқұм ауданында Орталық-Оңтүстік дәлізі шеңберінде Құрты-Бұрылбайтал 21,52-22,14 шқ жол учаскесін («Сине Мидас Строй» БК ЖШС, «Тодини Конструкциони Женерали» АҚЖФ) және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің«Балхаш-Бурыл Байтал» бөлігін қайта жаңғырту («Синодрокорпорейшн Лимитед» АҚ ҚФ), Шу ауданында -Шатыркүл-Жайсан кластерінде кен байыту фабрикасын салу («АА Инженеринг Групп» ЖШС), «Мерке-Бурыл Байтал» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шу қаласын айналып өту (90-000-126+638 шқ) қайта жаңғырту («ҚР құрылыс және даму жөніндегі «СиньСинь» Қытай компаниясы» ЖШС филиалы), Шатыркүл кен орны нысанын салу («Қазақмыс Шахта корпорациясы» ЖШС филиалы, Омаров атындағы өту тресті), ЖЭС-ның 6 фундаментін салуды аяқтау («GFD PARTNER» ЖШС), Ақкөл көлінен кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін су құбырын салу («Fortis» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 349,2 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 101,3%-ды құрады.
Өсім жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйді пайдалануға беруі есебінен қамтамасыз етілді.
Инфляция деңгейі 2023 жылғы шілде айында 2022 жылғы желтоқсанға 5,4% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 5,5% - ға, азық-түлік емес тауарлар - 6,1% - ға, ақылы қызметтер - 4,1% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,4 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 5,8 %).
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы шілдеде 2023 жылғы маусымға 100,3 құрады, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша – 99,9%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 100,7%, ақылы қызметтер бойынша -100,8% -ды құрады.
Азық - түлік тауарлары бойынша 2023 жылғы шілдеде бағалар қырыққабат – 10,1%-ға, сәбіз - 5,2%-ға, алма - 4,6%-ға, кофе - 3,1%-ға, күріш - 2,1%-ға, шұжық - 1,7%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға (оның ішінде қатты ірімшік - 1,2 - ға, айран, қаймақ - 0,7%-ға, сүт – 0,2%-ға, сүзбе - 0,1% - ға),май және тоң май - 0,4%-ға (оның ішінде зәйтүн майы 5,9%-ға), балық және теңіз өнімдері - 0,3%-ға, ет - 0,1% - ға (оның ішінде жылқы еті - 0,1% - ға), Қызанақ бағасы - 31,2% - ға, қияр - 20,3% - ға, пияз - 4,5% - ға, күнбағыс және өсімдік майы - 1,3% - ға, жарма - 2,8% - ға (оның ішінде қарақұмық - 4,9% - ға), қант - 2,5% - ға, құс еті - 1,0% - ға, қызылша – 0,5% - ға жұмыртқа - 0,4% - ға, нан - 0,2%-ға төмендеді.
Ұн, шай, қой еті, шошқа еті, макарон өнімдерінің бағалары тұрақты юолып қалды.
Азық - түлік емес тауарлар кеңсе тауарларына - 2,6% - ға, шыны бұйымдарға, ас құралдары мен үй ыдыстарына - 1,6% - ға, жуу және тазалау құралдарына - 0,8% - ға, фармацевтикалық өнімдерге - 0,6%-ға, сыртқы киімдерге - 0,4% - ға бағасы өсті.
Дизель отынының бағасы - 0,2% - ға, бензин-0,1% - ға төмендеді.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың шілде айында бассейндер қызметтері - 11,8% - ға (абонемент), әуе жолаушылар көлігі қызметтері - 7,3% - ға, демалыс, ойын - сауық және мәдениет саласында - 6,1% - ға, ұялы байланыс - 2,8% - ға, телефон және факсимильді жабдықсыз байланыс - 2,0% - ға, сақтандыру - 0,5% - ға өсті.
Жолаушылар көлігі қызметтері - 0,2% - ға (оның ішінде теміржол көлігі қызметтері - 1,0% - ға) төмендеді.
Салықтар. 2023 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджетке 111,5 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 104,7% (о.і. РБ – 32,8 млрд. теңге (77,7%), ЖБ - 78,7 млрд. теңге (122,5%)) түсті.
Салық бойынша берешек 4,7 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 134,2-ды құрады.
Бюджет. 2023 жылдың 1 тамызына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 335,2 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 78,7 млрд. теңгені немесе болжамға 122,5%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 71,8 млрд. теңге (120,1%), салықтық емес түсімдер – 4,7 млрд. теңге (231,1%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 2,2 млрд. теңге (90,5%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,5%-ға (311,3 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 38536 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 16368 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1053 адам, жастар практикасымен - 967 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 8679 адам қамтылды.
Жаңадан 42361 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 29735. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 34336 адамның 24883 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 291861 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 12,4%-ға артты (2023 ж. 2 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
121857 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға өсті.
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 49,0 мың тұрғынға 2 476,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 2 345,6 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 96,1 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 34,5 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 317,7 млрд. теңге қарастырылып, 176,2 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,9%, 26 білім беру нысанын дамытуға 26,7 млрд.теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 2 мектептің (1200 орындық), Қордай ауданында 2 мектептің (600 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (5000 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданында 1 мектептің (150 орындық), Меркі ауданында 2 мектептің (230 орындық), Қордай ауданында 1 мектептің (150 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (300 орындық), Шу ауданында 1 мектептің (300 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (3 180 орындық) құрылысы және 8 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Ағымдағы жылы 13 жобаны іске асыру есебінен 1 апатты, 5 орын тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен және 4 жапсарлас ғимараттың мәселесі шешілетін болады.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 446 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2023 жылғы 1 тамызына облыстағы 573 мектепке дейінгі ұйымдарымен (451 балабақша, 122 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
13,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 4,6 млрд. теңге игерілді, немесе 99,4 %-ды құрады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,5 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 2,0 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,3 млрд. теңге бөлінді (ЖБ - 4,6 млрд. теңге, ҰҚ - 0,7 млрд. теңге), есепті мерзімге 1,3 млрд. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3772,0 млн. теңге (оның ішінде ЖБ - 1170,7 млн.теңге, Ұлттық қордан - 2 601,3 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 20 денсаулық сақтау нысанын (ДА - 7, МП - 6, ФАП - 1, Б. Момышұлы ауылында ОАА-ға қосымша, Қордай ауданы Сортөбе ауылында ауысымына 200 адам қабылдайтын емхана, Масаншы ауылындағы емханаға қосымша құрылысы, Шу қаласындағы емхана ғимаратын қайта жаңарту, Меркі орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту) салу жоспарлануда.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде қатерлі ісік аурулары, наркологиялық аурулар, психикалық бұзылулар, қант диабеті және қан айналымы жүйесімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сонымен қатар туберкулез және мерез ауруларымен сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 4 жағдайы Тараз қаласында, Т.Рысқұлов Байзақ және Меркі аудандарында тіркелді.