Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 қыркүйекке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 17 қыркүйекке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы
17 қыркүйекке Жамбыл ауданының Полатқосшы ауылдық округі, Қордай ауданының  Қасық, Кенен, Отар және Степной  ауылдық округтері, Мерке ауданының Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтері және Сарысу ауданының Жаңатас қаласы, Талас ауданының Қаратау ауылдық округі және Т.Рысқұлов ауданының Құмарық ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Аудандық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/30673?lang=kk&parentId=21753

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 қыркүйекке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
09 августа 2023