Жамбыл облысының 2023 жылдың қаңтар-мусымдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 439,0 млрд. теңгені құрады, НКИ-107,4%.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 10,3%-ға (50,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 7,6%-ға (316,3 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 4,2%-ға (69,6 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 5,9%-ға (3,0 млрд.теңге) төмендеді.
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 183 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 26,9 млрд. теңге құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылуда («АлельАгро» АҚ - Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты, «Satellie GS» ЖШС - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, «Мол Даму» ӘКК - сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу, «Бахор» ЖК - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 107,7 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-маусымға 102,6%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 4,7 млрд. теңге (НКИ-111,1%), мал шаруашылығы - 103,0 млрд. теңге (НКИ-102,2%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы 27 369,7 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6 716,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 20 653,7 млн.теңге. 2023 жылғы 1 шілдесіне 10 867,7 млн. теңге игерілді.
2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 773,9 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,9 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 398,2 мың га, майлы дақылдар - 72,2 мың га, көкөніс және бақша дақылдары - 61,8 мың га, картоп - 11,8 мың га, қант қызылшасы - 11,1 мың га, жемшөп дақылдары - 218,8 мың га.
2023 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша астық масақтары 232,1 мың га немесе егін жинау алаңының 61,3% жиналды, онда өнімділік 10,9 ц/га құрады.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 62,0 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 104,1%, сүт - 161,3 мың тонна (101,4%), жұмыртқа - 56,7 млн. дана (91,8%).
МІҚ саны 569,5 мың басты (105,1%), қой - 3913,1 мың басты (108,2%), жылқы - 197,1 мың басты (109,1%), құс - 2161,3 мың басты (100,1%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылғы қаңтар-наурызында желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 192,5 млрд. теңге (138,8%), жұмыспен қамтылғандар саны - 157,1 мың адамды (122,0%) құрады.
2023 жылғы 1 шілдеге жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 106,1 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 88,6%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 226,7 млрд.теңгеге 9872 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 169,5 млрд. теңгені құрайтын 5219 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. 10,9 млрд. теңгеге 447 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 35,0 млрд. теңгені құрайтын 4240 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. - 3,7 млрд. теңгеге 355 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,4 млрд.теңгеге 136 жоба іске асырылуда (2023 ж. – 234,0 млн. теңгеге 5 жоба).
2023 жылғы қаңтар-маусымдағы бөлшек сауда айналымы 216,9 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтар-маусымға 4,1%-ға, көтерме тауар айналымы - 0,3%-ға (182,8 млрд. теңгеге) ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 187,0 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылға қаңтар-мамырына 140,7% құрады, оның ішінде экспорт - 44,2 млн. АҚШ долларын (110,5%), импорт - 142,8 млн. АҚШ долларын (153,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 98,6 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 21,9 млн. тонна (90,1%), жүк айналымы - 20,8 млрд.ткм (95,8%), жолаушыларды тасымалдау - 29,2 млн. адам (116,7%), жолаушылар айналымы - 892,1 млн. ткм (100%) құрады.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 217,0 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 132,7%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсуі Шу ауданында - мыс өндіру бойынша тау-кен күрделі қазбаларына («Қазақмыс корпорациясы Балқашцветмед өндірістік бірлестігі» ЖШС), шахта салуға («ZANASHYR Прожект» ЖШС), республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкцияға (Меркі-Бұрылбайтал. Айналма жол - Шу қ.) «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ЖОФ); Сарысу ауданында - жел электр станциясының («Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС), тыңайтқыш өндіру зауытының («Еврохим-Қаратау» ЖШС) құрылыстарына салынған инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 108,3 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 138,0% құрады.
Өсім Мойынқұм ауданында - Құрты-Бұрылбайтал 21,52-22,14 шқ жол учаскесін («Сине Мидас Строй» БК ЖШС) және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін («Синодрокорпорейшн Лимитед» АҚ ҚФ - «Балқаш-Бурыл Байтал» учаскесін) қайта жаңғырту;
Шу ауданында - байыту фабрикасының («Имсталькон» ЖШС), Шатыркөл кеніші нысанының («Қазақмыс Шахта корпорациясы» ЖШС филиалы) құрылыстары және Меркі-Бұрылбайтал Республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту («ҚР құрылыс және СиньСинь даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС филиалы) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 304,1 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 101,8%-ды құрады.
Өсім жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйді пайдалануға беруі есебінен қамтамасыз етілді.
Инфляция деңгейі 2023 жылғы маусым айында 5,1%-ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 5,6% - ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,4% - ға, ақылы қызметтер -3,3% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 5,3 %).
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы маусым айында 2023 жылғы мамырға 100,3% құрады, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 100,1%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 100,7%, ақылы қызметтер бойынша -100,3%.
Азық - түлік тауарлары бойынша 2023 жылғы маусымда шұжық - 1,9%-ға күріш бағасы - 1,5%-ға, сүт өнімдері - 1,4%-ға (оның ішінде қаймақ - 2,5%, сүт - 1,1%,), жемістер мен көкөністер - 0,4%-ға (оның ішінде сәбіз – 15,3%, алма - 10,1%, картоп - 4,2%), ет - 0,2% - ға (шошқа еті мен қой еті - 2,0% - ға, жылқы еті - 0,2% - ға, сиыр еті - 0,1%-ға), макарон өнімдері және ұн - 0,1%-ға өсті.
Қырыққабат - 19,8% - ға, қызанақ - 18,9% - ға, қияр бағасы 9,9% - ға, пияз - 4,0%, май мен майдың бағасы 3,6% - ға (оның ішінде күнбағыс және өсімдік майы - 7,6%), жарма 2,7% - ға (оның ішінде қарақұмық - 5,1% - ға), қант - 0,9%-ға, жұмыртқа - 0,7%-ға, төмендеді.
Нан, шәй, қой еті, ірімшік бағалары өзгеріссіз қалды.
Азық - түлік емес тауарлар бойынша кеңсе тауарларының бағасы - 2,6% - ға, жуу және тазалау құралдарының бағасы - 1,2% - ға, сыртқы киімнің бағасы - 0,7% - ға, тұрғын үй - жайларға қызмет көрсету мен жөндеуге арналған материалдар - 0,5% - ға, дизель отын - 0,2% - ға, фармацевтикалық өнім - 0,1% - ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың маусым айында әуе жолаушылар көлігі қызметтері - 8,6% - ға, интернет желісіне кіру үшін абоненттік төлем - 2,7% - ға, сақтандыру - 2,2% - ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында - 0,4% - ға өсті.
Жолаушылар көлігі қызметтері - 1,0%-ға (оның ішінде теміржол көлігі қызметтері - 5,1%-ға) төмендеді.
Салықтар. 2023 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке 97,2 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 112,3% (о.і. РБ – 28,9 млрд. теңге (79,0%), ЖБ - 68,3 млрд. теңге (136,6%)) түсті.
Салық бойынша берешек 2,2 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 117,1%-ды құрады.
Бюджет. 2023 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 291,1 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 68,3 млрд. теңгені немесе болжамға 136,6%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 63,1 млрд. теңге (132,3%), салықтық емес түсімдер – 3,5 млрд. теңге (199,6%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 1,7 млрд. теңге (316,7%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,9%-ға (273,5 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 33779 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 12857 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1043 адам, жастар практикасымен - 780 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 8205 адам қамтылды.
Жаңадан 35976 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 24300. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 30228 адамның 21655 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 254646 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 15,8%-ға артты (2023 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
121857 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға өсті.
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 48,4 мың тұрғынға 2 095,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 1 965,2 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 92,5 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 34,5 млн. теңге төленді).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 446 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2023 жылғы 1 шілдесіне облыстағы 573 мектепке дейінгі ұйымдарымен (451 балабақша, 122 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 317,7 млрд. теңге қарастырылып, 164,0 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 100%, 26 білім беру нысанын дамытуға 26,7 млрд.теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 2 мектептің (1200 орындық), Қордай ауданында 2 мектептің (600 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (5000 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданында 1 мектептің (150 орындық), Меркі ауданында 2 мектептің (230 орындық), Қордай ауданында 1 мектептің (150 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (300 орындық), Шу ауданында 1 мектептің (300 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (3 180 орындық) құрылысы және 8 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Ағымдағы жылы 13 жобаны іске асыру есебінен 1 апатты, 5 орын тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен және 4 жапсарлас ғимараттың мәселесі шешілетін болады.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
13,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 4,0 млрд. теңге игерілді, немесе 100,0%-ды құрады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,5 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 2,0 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,3 млрд. теңге бөлінді (ЖБ - 4,6 млрд. теңге, ҰҚ - 0,7 млрд. теңге), есепті мерзімге 1,0 млрд. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3 282,9 млн. теңге (оның ішінде ЖБ - 681,6 млн.теңге, Ұлттық қордан - 2 601,3 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 20 денсаулық сақтау нысанын (ДА - 7, МП - 6, ФАП - 1, Б. Момышұлы ауылында ОАА-ға қосымша, Сортөбе ауылында ауысымына 200 адам қабылдайтын емхана, Масаншы ауылындағы емханаға қосымша құрылысы, Шу қаласындағы емхана ғимаратын қайта жаңарту, Меркі орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту) салу жоспарлануда.
2023 жылғы қаңтар-маусымда туберкулез, қатерлі ісіктер, наркологиялық аурулар, психикалық бұзылулар, мерез және қант диабетімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сонымен қатар, қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттану деңгейі төмендеді.
Тараз қаласында, Т. Рысқұловта, Байзақ және Меркі аудандарында ана өлімінің 4 жағдайы тіркелді.