Облыс әкімінің 2023 жылы Талас ауданының тұрғындарымен кездесулерінде
берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
03.03.2023 жыл
Бостандық және Аққұм ауылдық округтері
|
1. |
Бостандық ауылдық округі тұрғындарына ауыл шаруашылық техникаларын (комбайн) сатып алу бойынша ұсыныс беру
|
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы І тоқсан |
Бостандық ауылында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасы аясында 1 комбайн, құны 120 млн теңгеге сатып алуға ұсыныс енгізілген. |
|
2. |
Бостандық ауылдық округіндегі орталық саябаққа, ауылдық балабақшаның қоршауына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы мамыр |
«Ақбөпе» бөбек-жай бақшасы мен орталық саябақтың 80 метр қоршауы қалпына келтірілді. |
|
3. |
Бостандық – Ақкөл ауылдары арасындағы аудандық деңгейдегі тас жолды жөндеуге ұсыныс беру
|
облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Ақкөл-Талапты, Бостандық ауылдары арасындағы аудандық деңгейдегі тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
|
|
4. |
Бостандық ауылдық округіне қарасты Талапты ауылына ауылдық клуб салуға ұсыныс беру, ЖСҚ әзірлеу
|
облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы сәуір |
Бостандық ауылдық округіне қарасты «Талапты ауылына мәдениет үйінің құрылысын салуға құны 149,2 млн тг. ЖСҚ әзірленіп, ЖСҚ сараптамасы алынған. Облыстық тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылып, қаржыландыру күтілуде. |
|
5. |
Бостандық ауылдық округіндегі тұрғындарға ауыз судың тәулігіне 24 сағат берілуін қамтамасыз ету |
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Тұрақты |
Бостандық ауылына тәулік бойы ауыз су беру мәселесі Аққұм ауылындағы скважинаны іске қосу арқылы шешу жоспарлануда. Бұл мәселе бойынша Аққұм ауылдық округі тарапынан 3,8 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Кезекті нақтылдауда қаражат қарастырылады. Қазіргі уақытта, ауыл тұрғындарына тәулігіне 2 мезгіл ауыз су берілуде.
|
|
6. |
Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы ауыр жүк автокөліктерін жүруін заң талаптарына сәйкес реттеу |
Облыстық полиция департаменті |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы жүретін тас жолға полиция департаментімен жол белгілері орнатылған. Ағымдағы жылы инертті материалдар тасымалдағаны үшін 9 жүк машинасының иесіне хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда жүк көліктері аталған тас жолмен жүруіне толық шектеу қойылды. |
|
7. |
Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекеніне ауыз су тарту мәселесін заң талаптарына сәйкес қарастыру |
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Жаңақоныс елді мекеніндегі 6 үйді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Аққұм ауылынан келетін су құбырына қосу үшін 1,5 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, кезекті нақтылауда аудандық бюджеттен қаржы қарастыру жоспарлануда. |
|
8. |
Аққұм ауылы мен Жаңақоныс елді мекенін жалғастыратын жолды шағал төсеу арқылы жол салу мәселесін қарастыру
|
Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
42,0 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, кезекті нақтылауда аудандық бюджеттен қаржы қарастыру жоспарлануда. |
|
9. |
Бостандық, Аққұм ауылдарына келетін «Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныс беру |
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
«Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша 1,2 млрд теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат қарастыру күтілуде. |
|
10. |
Аққұм ауылдық округіндегі «Барбол Тоқтықожаұлы атындағы» орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімдігінің білім басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 59,5 млн. теңге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Мердігер «Объектстрой» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде |