Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Ұланбел және Қарабөгет ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
АҚПАРАТ
Кездесу өткен күн: 04.05.2023 жыл
Берілген тапсырмалардың барлығы: 12
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Ұланбел ауылына жоғары жылдамдықтағы мобильді интернет (4G) орнату мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімі аппараты
|
Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерді талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген. Жол картаға Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы қосылған. Ұланбел ауылы аталған жоба аясында мобильді интернет желісімен қамтылуы күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
2. |
Мойынқұм – Ұланбел облыстық маңызы бар тас жолының бойындағы сексеуілдерді тазалау жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Мойынқұм – Ұланбел облыстық маңызы бар тас жол болуына байланысты тиісті жұмыстар облыс көлемінде атқарылады. Аудан тарапынан жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Мойынқұм -Ұланбел автожолының екі жақ қапталындағы өсіп тұрған өспелерден тазарту бойынша облыс әкімінің салалық орынбасарына, облыстық басқарма басшысына 2023 жылдың 26 мамырында шығыс №1-641 хат жолданды. Орындалу үстінде.
|
|
3. |
Қарабөгет ауылы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сараптама қорытындысын алу немесе жаңа мектеп құрылысына құжаттар рәсімдеу
|
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мойынқұм аудандық бөлім бөлімі (келісімі бойынша) |
2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов орта мектебіне 2024 жылы мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орындалу үстінде. |
|
4. |
Ұланбел ауылы тұрғындарының ірі қара малдарының «Сона» жәндігінің тасымалдауымен белгісіз аурудан өлу себебін лабороториялық зерттеулер арқылы анықтап, тиісті шара қабылдау |
2023 жылғы 20 тамызға дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы (келісімі бойынша) |
Ауырған ірі қара малдарынан қан сынамасы алынып, Мойынқұм аудандық ветеринариялық зертханасынан өткізілген. Сынама нәтижелері Сарыбезгек ауруының белгілерін көрсеткен. Көрсетілген аурудың алдын алуға арнайы вакцина жоқ. Алайда мал ауырған кезде алғашқы кезеңінен кешіктірмей қосымша антибиотиктер салу арқылы емдеуге болады. Аумақтық инспекция мен ветеринариялық станса бірлесе отырып аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Аудандық «Мойынқұм таңы» газетіне тиісті хабарлама берілген. Осы мәселелерді ескере отырып көрсетілген аурудың алдын алу үшін арнайы вакцина анықтау үшін облыстық ветеринариялық басқармасына ұсыныс енгізілген. Орындалу үстінде.
|
|
5. |
Ұланбел ауылы аумағынан мал өлекселерін тастайтын «Беккер» шұңқырын салу жұмыстарын аяқтау |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
Облыстық құрылыс басқармасына 2023 жылға арналған республикалық және облыстық бюджетті қалыптастыруға «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу»нысандары бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, ПИР-ді есептемегендегі құрылыс құны 92869,904 мың теңгені құрайтын, оның ішінде: 1) «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылына биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу» нысанына 23259,666 мың теңге; 2) «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылына биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу» нысанына 23259,666 мың теңге; 3) «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылына биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу» нысанына 23175,286 мың теңге; 4) «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылына биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу» нысанына 23175,286 мың теңге дайын инвестициялық жобалар ұсынылған. Орындалу үстінде. |
|
6. |
Қарабөгет ауылындағы апатты жағдайдағы көпірдің құрылысына жасалған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысын алып, бюджеттік өтінім енгізу |
2023 жылғы 20 шілдеге дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылына кіре-беріс автожолы көпірінің құрылысы» жобасының әзірлеуге АБ-16,832 млн. теңге қаржы қарастылып, жобалаушы «Абсолют Строй Инжиниринг» ЖШС мен келісім-шарт жасалынды. (2022ж-3,0 млн.тг; 2023ж-13,832 млн.тг) Сәулет бюросына жолданды. Мемлекеттік сараптамаға құжаттар берілді. Орындалу үстінде.
|
|
7. |
Ұланбел-Ойық, Ұланбел-Мойынқұм бағыттарында ірі көлемде тұз тасымалдаумен айналысатын жүк көліктерін жол жабындысына зиян келтіруіне байланысты көлік бақылау инспекциясымен бірлесе рейдтік шаралар ұйымдастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық полиция бөлімі (келісімі бойынша) |
Ұланбел-Ойық, Ұланбел-Мойынқұм облыстық маңызы бар тас жол болуына байланысты, осы бағытта ірі көлемде тұз тасымалдаумен айналысатын жүк көліктеріне рейдтік шараларды облыстық басқарма жүргізуде. Орындалу үстінде. |
|
8. |
Айдарлы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталуын бақылауда ұстау
|
2023 жылдың 20 қыркүйек |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы |
Құрылысын жүргізу үшін бөлінген қаражат 359 199,0 мың теңге (РБ-323 279,0 мың теңге, ЖБ-35 920,0 мың теңге) мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, яғни "Нурбек" ЖШС анықталып, мердігердің сомасы 326982,530 мың теңге (ққс-сыз 291 948,687 мың теңге). 2022 жылға бөлінген қаражаты 189 119,0 мың теңге. Бүгінгі таңда өтпелі келісім шарт (2022-2023 жылдарға) жасалынып, келісім шарттың талабына сәйкес 30 пайызы төлеу жұмыстары мен қоса алғанда 2022 жылға қаралған қаржы толық игерілген. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айынан басталды. Техникалық кадағалаушы (Арбакеш Астана ЖШС); Авторлық қадағалаушы (Тараз Гое проект Люкс ЖШС). Бүгінгі таңда объектіні жерге орналастыру (акт посадка) жұмыстары 100 пайыз, іргетас шұңқырларын (котлован) қазу жұмыстары 100 пайызға және фундамент қую жұмыстары 100 пайыз, каркасты (метал конструкция) құрастыру жұмыстары 30 пайыз. Жалпы құрылысты аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Орындалу үстінде. |
|
9. |
Қарабөгет ауылының тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ бірлесіп жұмыстарды ұйымдастыру
|
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығыбөлімі |
«Ауыл аманаты» жобасы аясында бүгінгі таңға Бірлік, Қызылтал, Қызыотауауылдық округтері енгізіліп, тиісті құжаттарын«Тараз» ӘКК» АҚ өткізілуде. Одан бөлек Жамбыл және Қарабөгет ауылдық округтері келесі жоба ретінде енгізілуде. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Орындалу үстінде. |
|
10. |
Тұрғындардың сұранысы бойынша Ұланбел, Қарабөгет және басқада ауылдық округтерден ветеринарлық дәріхана ашу жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлікбөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Мойынқұм ауданының ветеринариялық станциясы комуналдық мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) |
Бүгінгі таңда аудан орталығында 1 ветеринарлық дәріхана жұмыс істеп тұр. Ұланбел және Қарабөгет ауылдық округтері тұрғындарының ветеринарлық дәріханаға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында аталған ауылдық округ тұрғындарына ветеринарлық дәріхана ашу бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру тетіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Әзірше, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру алып ветеринарлық дәріхана ашуға ниет білдірген азаматтар мен кәсіпкерлер жоқ. Ниет білдіруші азаматтар немесе кәсіпкерлер болған жағдайда ветеринарлық дәріхана ашу бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Орындалу үстінде. |
|
11. |
Мойынқұм ауданындағы дала өрттері қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімінің төтенше жағдайлар және жұмылдыру жөніндегі бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ұланбел, Мойынқұм, Бірлік, Бұрылбайтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі (келісімі бойынша) |
2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Мойынқұм ауданының аумағы бойынша өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары аудан әкімінің қаулысымен бекітілген. Аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарына жанар-жағар май қорын жасау үшін шұғыл шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резервінен ауыл, ауылдық округі әкімдеріне (10 ауылдарға Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл, Қызылотау, Қызылтал, Бірлік, Биназар және Кеңес) 1 650 000 (бір миллион алты жүз елу мың) теңге, ерікті өртке қарсы құрылымдарына жауынгерлік арнайы киіммен және қол асты өрт сөндіру құралдарына 2 300 000 (екі миллион үш жүз мың) теңге бөлінді. Мойынқұм ауданы бойынша 2023 жылдың дала өрті қауіпті кезеңінде аудан аумағында рейдтік жұмыстар жүргізу үшін мобильдік топ құрамы бекітілді. Аудандағы 16 ауылдық округ ауыл әкімдігі аппараттарында 10 адамнан тұратын 160 адам ерікті өртке қарсы жасақтары құрылған. Аспалы бүріккіштер 35, алғашқы құралдар күрек, хлопушка 170 дана. Ауылдық округтерде ауыл тұрғындарымен тіркеме соқалары бар тракторлар 15, бейімделген техникалар 30, су тасығыш 3 техникамен келісім шарттар жасалған. Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен 13-етік, 50-жалпақ күрек, 8-өртке арналған киім, 7-рация, 1-фотоаппарат, 1-дүрбі, су соратын 10-мотопома даналар алынды. 2023 жылдың басынан дала өрт өқиғасы тіркелген жоқ. Орындалу үстінде. |
|
12. |
Айдарлы ауылындағы «Мойынқұм Құс» шаруашылығын кеңейту үшін мемлекеттік қаржылай қолдау жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылдың 30 қазан |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлікбөлімі |
«Мойынқұм құс» жобасын кеңейту мақсатында жоба жетекшісі – жеке кәсіпкер Тайбағаров Батырхан Шотайұлы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдау шарасын алуға ниет білдіріп, нәтижесінде, тиісті құжаттары жинақталып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына өткізілген болатын. Банк тарапынан кәсіпкердің құжаттары қаралып, кәсіпкерлігінің табыс көзін растауын талап еткен болатын. Алайда, кәсіпкердің карантиндегі 2000 бірлік тауықтары әлі күнге жеткізілмеуіне байланысты, табыс көзін растау мүмкін болмай отыр. Карантиндегі тауықтары жобаның жүзеге асырылу орнына жеткізілгеннен кейін, тиісті құжат банктің қарауына ұсынылатын болады. Орындалу үстінде. |