Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

Кездесу өткен күн: 24.02.2023 жыл

Берілген тапсырмалардың барлығы: 12

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 4
  • орындалу үстінде – 4
  • орындалмағаны - 4

 

№

Іс-шараның

атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1.

Мыңарал ауылдық округін жедел жәрдем көлігімен

қамтамасыз ету бойынша

ұсыныс енгізу

2023 жылғы

20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы №100 қаулысымен және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылғы 1 маусымдағы шығыс №2761 хаты негізінде. Аудандық орталық аурухананың 29.06.2018 жылғы №188 бұйрығымен Мойынқұм, Бірлік және Шығанақ жедел жәрдем бөлімдері бекітілді. РПН бойынша Мыңарал стансасында халық саны -640 адамды құрап отыр.

Мыңарал ФАП Шығанақ дәрігерлік амбулаториясына қарасты. Осыған орай Мыңарал округіне -1-111 категориялардан түскен шақыруларды облыстық жедел жірдем бөлімшесі атқарады, 4-категориялық түскен шақырауларды фельшерлік амбулаториялық пункт атқарады.

Сонымен  қатар  тиісті басқарамаға аудандық орталық аурхана атынан Мыңарал ауылдық  округін  жедел жәрдем  көлігімен қамтамасыз ету туралы  ұсыныс хат енгізілді.

Орындалу үстінде

2.

Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационар жағдайында ем алуға жағдай жасау

2023 жылғы

20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана

Шығанақ дәрігерлік амбулаториясының күндізгі стационар бөлімі -5 төсекке арналған. Жауапты дәрігер бас дәрігердің 2023жылғы 04 қаңтардағы №1-Ө бұйрықпен ЖТД Саттарова А.А жүктелген (0,5 бірлік) Күндізгі стационар бөлімінің жұмысы кестесі 08:00-20:00 аралығында бекітілген. 2022 жыл қорытындысымен  ем алып шыққан науқастар саны – 97, оның ішінде I00-I99қан айналымы жүйесінің аурулары -18, J00-J99тыныс жүйесінің аурулары-22, К00-К93 асқазан-ішек жолдарының аурулары-11, М00-М99 тірек-қимыл аппаратының аурулары-36,N00-N99 несеп –шығару жолдарының аурулары-10. Барлық науқастар  клиникалық протоколға сәйкес ем қабылдап шығады. Бір жыл ішінде 480 науқас ем қабылдау мүмкіндігі бар.

Орындалды.

 

 

3.

Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыл азаматтарын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру

 

 

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыз су имаратынның 4 қызметкеріноқыту жұмыстарын ұйымдастыру Шығанақ ауылына мембраналық қондырғыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен соң іске асырылады.

Орындалмады.

4.

Шығанақ ауылдық округі аумағында «Балқаш-Бұрылбайтал» тас жолының қайта жаңғырту жобасы аясында жүргізіліп жатқан автокөлік жолынан МІҚ малдар өткелін салу

 

2023 жылғы

1 мамыр

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жамбыл облыстық  «КазАвтоЖол»  ҰҚ» АҚШығанақ ауылдық округ әкімі аппаратаның тарапынан 25.07.2022 жылы шығыс №01-18/281   және 17.02.2023 жылғы №2-05-01 санды хаттары жолданған. Хатқа берген жауаптарына сәйкес «Алматы-Екатеренбург» автомобиль жолының 348-349, 353-354, 359-360 шақырым аралықтарында мал өткелін салу мүмкін екені және аталған мәселе жоба авторы, техникалық қадағалау ұйымы және мердігер ұйымдарымен үш жақты пысықталып жатқандығы хабарланды.

Орындалмады.

5.

Мыңарал ауылындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қазіргі таңда бөлімнің тарапынан Мыңарал және Мыңарал стансасын ауыз су имараттарына қуаттылығы 15 м3/сағ мембраналық қондырғы мен тазарту кешенін орнатуға және 1 жылдық сервистік қызмет көрсетуге 152,5 млн. теңгеге сұраныс Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасына сұраныс берілді.

Орындалмады.

6.

Мыңарал ауылының тұрғыны Қ.Б.Саутовқа Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыруға көмек көрсету

2023 жылғы

1 мамыр

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық  полиция бөлімі Ж.Тохабаев

 (келісімі бойынша),

 

2023 жылдың 9 наурызында Сауытов Альмиран мен оның ұлы Сауытов Қанат Бисембаевич, қызы Сауытова Руфина Бисембаевнаға ҚазақстанРеспубликасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыруға көмек көрсету мақсатында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне жүгініп, «consalmaata» веб сайтымен Сауытова Альмиранның Ресей Федерациясының Кірістер басқармасына қарызы, сотлылығы жоқтығы  туралы анықтама  алынды. Ал Сауытов Қанат Бисембаевич, Сауытова Руфина Бисембаевна Ресей Федерациясының  азаматы екендігі анықталды.

Ешқандай құжаттарының жоқ болуына байланысты бірінші кезекте аталған 2 азамат РФ-ның төлқұжаттарын рәсімдеу қажет. РФ-ның азаматы атанған соң, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құжаттар жинақталатын  болады. Бүгінгі таңда аталған азаматтар Алматы қаласындағы РФ-ның елшілігіне, РФ-ның азаматтығын алуға құжат өткізуде. Бір жеке куәлік алу құны 42000 теңге.  

Орындалмады.

7.

Мыңарал ауылдық округіндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жұмыстарын жүргізу қажеттілгіне қарай электр қуатын арттыру мақсатында трансформатор орнату

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Мыңарал ауылының сыртқы электр желілерінің құрылысы» нысанының ЖСҚ – сын әзірлеу үшін 2022 жылы 13440,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қазіргі таңда жоба Сәулет бюросында келісімі алынып, сараптамаға жолданды.

Орындалу үстінде.

8.

Шығанақ ауылдық округінде кәсіпкерлермен келісіп, көп қабатты үйлердің жинақтағыш тұндырғыштарынан (септик) сұйықтұрмыстық қалдықтарды жинауға және оларды көмуге арналған жерге тасымалдауға арналған арнайы көлік (ассенизаторская машина) жұмысын ұйымдастыру

 

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Арнайы көлік (ассенизаторская машина) жұмысын ұйымдастыру бойынша көрші Алматы облысына қарасты Үлкен ауылының «Үлкен су» жеке кәсіпкері ай сайын Шығанақ ауылына бір рет келіп жұмыс жасайтын болып  келісілді.

Орындалды.

 

9.

Шығанақ ауылындағыауыз су жүйесіне қосымша (цистерна) орнату

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылындағыауыз су жүйесіне қосымша (цистерна) орнату жұмыстары бойынша,  бүгінгі  таңға демеушілер есебінен цистерна алынып, монтаж, орнату  жұмыстары  ұйымдастырылуда.

Орындалу үстінде.

10.

Аудан бойынша ауыз су тарату имаратындағысу тұшытқыш мембраналық қондырғының пайдалануына, техникалық қызмет көрсетуіне аудандық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлу   

 

 

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ (2400,0 мың теңге), Жамбыл (2400,0 мың теңге), Қылышбай (2400,0 мың теңге) ауылдарына суды тазарту станцияларындағы  мембраналық  қондырғыны  күтіп ұстауға 2023 жылға қажетті химиялық реагенттерге 7 200,0 мың теңге бөлінді.

Орындалды.

 

 

11.

Шығанақ ауылында ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына қуаттылығы 42 м3/сағ мембраналық қондырғыны ауыстыруға және тазарту кешенін орнату мен 1 жылдық сервистік қызмет көрсетуге 96300,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасына 13.04.2023 жылы бюджеттік өтінім берілді.

Орындалу үстінде.

12.

Шығанақ ауылының ауыз су имараты «Шығыс кең басқармасының» ЖШС жекеменшікке өту заңдылығын зерделеу

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов,

Мойынқұм ауданынның прокуроры Т.Оспанов

(келісімі

бойынша)

 

 «Шығыс кең басқармасы» ЖШС-нің  жекеменшігіндегі  Шығанақ ауылының ескі ауыз су имаратына зерделу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда ескі имараттың қолданыста болмауына, жарамсыз болуына және Жамбыл облысының шекаралық аймағынан тыс орналасуына байланысты қайта теңгерімге алудың қажеттілігі жоқ екені анықталды. Себебі 2013 жылы Шығанақ ауылына жаңа ауыз су имараты пайдалануға берілген. Жаңа имарат арқылы ауыл тұрғындарына ауыз су тұрақты түрде берілуде.

Орындалды.

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
26 июля 2023