Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мойынқұм және Бірлік ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мойынқұм және Бірлік ауылдық округтері тұрғындарымен  кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

Кездесу өткен күн: 09.09.2022 жыл

Берілген тапсырмалардың барлығы: 15 тапсырма

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 10
  • орындалу үстінде – 2
  • орындалмағаны - 3

 

№

Іс-шараның

атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдау

2022 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің  орынбасары С.Төлегенов,

аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Өнеркәсіп:

2022 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  94 859,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады (2022 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 86 952,6 млн. теңгені, НКИ 99,0 % құраған болатын).

Ауыл шаруашылығы:

2022 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі 8 233,8 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,8 %-ға орындалды.

     Оның ішінде :

·        мал шаруашылығы 6 041,2 млн. теңгені құрап, НКИ 98,3 %;

·        егін шаруашылығы 2 192,6млн. теңгені құрап, НКИ 125,0 %.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі:                         

2022 жылдың қорытындысымен 24 719,5млн. теңгені, нақты көлем индексі 84,2 %-ды құрады (2021 жылы инвестиция көлемі 33 119,3 млн. теңгені құрап, НКИ 116,8 %-ға орындалған).

 

Көрсеткіштің төмен орындалу себебі: 2019 жылдан бастап ауданымыз арқылы өтетін Меркі-Шу-Бурылбайтал автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар соңғы жылдары ауданымызға салынған инвестиция көлемін арттырып келді. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар аяқталды. Инвестицияның жаңа көздерін тарту жұмыстары тоқтатылмайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2022 жылдың қорытындысымен  12 065,3млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 39,1 %-ды құрады   (2021 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 28 477,9 млн. теңгені құрап, НКИ 128,2  %-ға орындалған).

Көрсеткіштің төмен орындалу себебі: 2019-2021 жылдары ауданымыз арқылы өтетін «Меркі-Шу-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал» және «Күрті-Бурылбайтал» Республикалық автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізіліп келген. Бұл жұмыстар ауданымыздағы атқарылатын құрылыс жұмыстары көлемін айтарлықтай арттырып, сала бойынша статистикалық көрсеткіші жоғары болған. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар аяқталды. Яғни, осы тектес ірі көлемде құрылыс жұмыстары ауданымызда бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жоқ.

Тұрғын үй алаңы: пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2022 жылдың қорытындысымен 6625,0 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 39,0 %-ды құрады. Оның ішінде жеке салушылар қаражаты есебінен 135,0 %-ға орындалды (2021 жылы тұрғын үй алаңы 16 968,0 шаршы метрді құрап, НКИ 4,3 есе артқан болатын).

Көрсеткіштің төмен орындалу себебі: Елімізде болған пандемияға байланысты 2021 жылы Ақбақай ауылында «Алтыналмас» АҚ өз қызметкерлеріне арнап 9 жатақхана құрылысын салып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. «Алтыналмас» АҚ пайдалануға берілуі жоспарланған 3 860,0 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй көлемінен асып, 16 968,0 шаршы метр болып орындалған.

«Алтыналмас» АҚ және өзге де компаниялардың жатақхана құрылысы жыл сайын жоспарланбайтындығына байланысты ағымдағы жылы, тұрғын үй алаңы облыспен межеленген жылдық көрсеткішті толығымен орындады деп есептеледі.

Анықтама. 2021-2025 жылдарға арналған облыстың даму жоспарына сәйкес түйінді нысаналы индикатор 2022 жылға жоспар 4900,0 шаршы метр болып бекітілген.

Бөлшек сауда айналымының көлемі:

2022 жылдың қорытындысымен 3 185,1млн. теңгені, нақты көлем индексі
111,1 %-ды құрады (2021 жылы бөлшек сауда көлемі 2 495,2 млн. теңгені құрап, НКИ 124,4 %-ға орындалған).

Орындалмады.

2.

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

 

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

халықты жұмыспен қамту орталығы

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары бойынша аудан көлемінде 27 жиын өткізіліп, Мойынқұм таңы газетіне 9 мақала жарияланып нәтижесінде ауданда  38 азамат қайтарымсыз грант алды. 2022 жылдың 08-24 қыркүйек аралығында еңбек министрлігінің вице-министрі жетекшілік жасаған топ, облыстық басқарма тарапынан келген топтар ауданның барлық елді мекенін қамтып жаңа бағдарламаларды насихатталды.

Орындалды.

3.

Ауданға инвестициялық жобалар тарту бағытында жұмыстар жүргізу

 

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

 

Аудан әкімінің  орынбасары Е.Әмірханов,

аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік

бөлімі

Аудан аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған жалпы жобалық құны 34 431,2 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба Жамбыл облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, 2025 жылға қарай жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Олар:

1. Turan Industry» ЖШС. «Табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салу» жобасы.

2. «SATELLITE GS» ЖШС. «Мыңарал кен орнында құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу» жобасы.

3. «Максутова» ЖК. «Балық өңдеу цехы» жобасы.

 

4. «Shagala Mining» ЖШС.  Мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу жобасы.

5. «АЛТЕК MINING» ЖШС. «Доре қорытпасын өндіру бойынша қазіргі заманғы тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану» жобасы.

6. «Бастан-Эк» ЖШС. «Мырыш кендерін өңдеу және өндіру» жобасы.

7. «Qazken Invest» ЖШС. «Тау-кен өндірісін ұйымдастыру, марганец кенін өндіру» жобасы.

Орындалу үстінде.

4.

Ауданда тұрақты жұмыс орындарын ашу

2022 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

халықты жұмыспен қамту орталығы

Ұлттық жобалар бойынша жалпы 801  жұмыс орны болып жоспар  бекітілген, оның ішінде тұрақты 137 және уақытша 664 жұмыс орны.

Бүгінгі таңға уақытша 801, оның ішінде175 тұрақты жұмыс ашылды.

Орындалды.

5.

Ауданды абаттандыру және жасыл аймақтар құру

2022 жылғы

30 қараша

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамызындағы «Мойынқұм ауданы елді  мекендерін күзгі екі айлық көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы» №232 санды қаулысы қабылданып, қосымшаға сәйкес комиссия құрылып, іс-шара бекітіліп, аудандық  «Мойынқұм Таңы» газетіне жарияланған.

Мойынқұм ауданы бойынша 9 ауылдық округтерде (Мойынқұм, Қылышбай, Қарабөгет, Жамбыл, Қызылотау, Қызылтал, Бірлік, Биназар, Кеңес) жасыл белдеу құрып тал егу жұмыстары жүргізілді.

2022 жылға аудан бойынша 10 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған, қазіргі танда жоспар толық орындалды.

Орындалды.

 

6.

Ауылдық кітапханаларды интернет желісімен қамтамасыз ету

2022 жылғы

30 қараша

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Бүгінгі таңға Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 20 кітапхананың 17 интернет желісіне қамтамасыз етілген. «Қазақтелеком» АҚ филиалы корпоративтік бизнес жөніндегі дивизион В2G сату бөлімінің бастығы М.А.Шакировтың 2023 жылдың 18 қаңтардағы №305/7401 шығыс хатына сәйкес, Ұланбел, Сарыөзек, Құмөзек ауылдық кітапханаларын интернет желісімен қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндік жоқ екені хабарланған. Аталған ауылдар аудан орталығынан шалғай орналасқан және желілік кабель ауылдарға тартылмаған.

Орындалмады.

7.

Аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан

Аудан әкімінің  орынбасары С.Төлегенов,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі

2022 жыл басынан аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын күшейте отырып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Аудандық полиция бөлімімен аудан аумағындағы қылмыстылық ахуалы туралы ақпарат жинау және талдаулар әр ай, тоқсан, жарты жылдықтар бойынша жүргізіледі, аудан аумағындағы неғұрлым криминогенді аймақтарды анықтай отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында арнайы жедел профилактикалық іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, олар бойынша 9 - «Құқықтық тәртіп», 12- «Қауіпсіз жол», 8 - «Учаске» атты жедел жағдайды талдау негізінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтар көп орын алған аумақтар, елді мекендер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілері арасында өзара әрекеттестік пен ақпарат алмасу қамтамасыз етіле отырып барлығы 29 іс-шара  жүргізілді, бұқаралық ақпарат құралы ретінде аудандық «Мойынқұм таңы» газеті арқылы және АПБ-мен арнайы ашылған «moinkum_police» инстаграмм әлеуметтік желі парақшасында құқық бұзушылықты ескерту, патриоттықты салауатты өмір салтын насихаттау, рухани байлыққа бағыттау, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің оң жұмыстарын, атқарылған іс-шаралар мен қол жеткізілген табыстар туралы барлығы 57 мақала  жарияланған.

Орындалды.

8.

Аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің жұмыс орны және жалақы қысқару мәселесін зерделеу

2022 жылғы

30 қыркүйек

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудандық орталық аурухана

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулысында медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыру қарастырылғанымен (дәрігерлер жалақысына 30%, орта буын медицина қызметкерлеріне 20%, өзге қызметкерлерге 23% көтерілген) алайда осы бағытқа             2022 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және медициналық көмек көрсетуге қосымша қаражат қарастырылмаған. 2022 жылдың тамыз айында қаржылық тапшылықтарға байланысты 36 дәрігерден, 20 орта буын кызметкерлерден,18-әкімшілік бөлімінің, 24 кызметкерлерден жұмыс уақытын 0,25 бірлікке азайту арқылы үнемделген 1,7 млн.теңге қаржыны электр және интернет жүйелерінің қызмет қарызына төленді. Әр қызметкерлердің жұмысына талдау жасалып, ақы төлеуді жұмысына қарай сәйкестендіруге шешім қабылданған.Бүгінге жұмыс орны, жалақы қысқару мәселесі жоқ.

Орындалды.

9.

Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылын көгілдір газбен қамту мақсатында «Амангелді-Газ» ЖШС арқылы газ жүргізу бағытында ұсыныс енгізу

2022 жылғы

30 қараша

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы

бөлімі

Ұланбел елді мекенін «Амангелді-Газ» газына қосылу бойынша облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан зерделу жұмыстары жүргізілген. Зерделеу нәтижесінде осы ауылды газдандырудың 2 нұсқасы жасалынды. Атап айтқанда:1.«Амангелді газ» кең орнынан газ құбырын тарту.

«Амангелді газ» кең орнынан табиғи газды өндірудің өзіндік құны жоғары болуына байланысты, бүгінгі күні аталған кең орында өндірілген табиғи газ экспортқа (Қытай Республикасына) тасымалданады. Бұл ретте, Ұланбел ауылына дейінгі жеткізуші газ құбырын «Амангелді газ» кең орнынан жүзеге асырылған жағдайда, облыстағы тауарлық газ тұтынушылары тарифының ұлғаюына әкеп соғады. Қосылу нүктесінде газ қысымы өте жоғары (50-55 МПа) болғандықтан, қосымша шағын автоматтандырылған газ тарқатушы стансасын салу қажет етеді. Жеткізуші газ құбырының және АГТС-ның болжамды құрылыс құны – 1,1-1,3 млрд.теңге.

2. Сарыөзек ауылына дейінгі жеткізуші газ құбырына қосу.

Қазіргі таңда Мойынқұм ауданындағы 13 елді мекендерді, оның ішінде Сарыөзек ауылын, газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

 

 

Аталған ауылға дейінгі жеткізуші газ құбырынан Ұланбел елді мекеніне дейінгі арақашықтық шамамен 70-80 шақырым құрайды. Жеткізуші газ құбырының болжамды құрылыс құны – 0,7-1,0 млрд.теңге. Осыған орай, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел ауылын табиғи газбен тарту экономикалық тұрғыдан осы аудандағы Сарыөзек елді мекеніне дейінгі жеткізуші газ құбырынан тиімді болатыны анықталған.

Басқарма тарапынан ұсыныс енгізілген.

Орындалды.

10.

Бірлік ауылындағы спорт кешенінің құрылысын мерзімінде аяқталуын бақылауға алу

2022 жылғы

30 қараша

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы

бөлімі

«Бірлік ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенін соғу» жобасы құрылысына  конкурс  қорытындысымен «Тараз құрылыс Инвест» ЖШС  жеңімпаз болып,  278,0 мың теңгеге  28.07.2021 жылы №65 келісім шарт жасалған.

(Осы қаржының 256 780,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 21 177,0 мың тенгесі облыстық бюджеттен қаралған)  

Спорт кешенінің құрылысы 30 желтоқсан  2022 жыл  аяқталып пайдалануға берілді.

Орындалды.

11.

Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы

бөлімі

Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту жұмысы бойынша  («Фурманов» су торабынан «Радай» өзегіне дейін) жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге «Пана-2030» ЖШС-гі. Жобаның болжамды сметалық құны 394,9 млн.теңгені құраған. Яғни бүгінгі таңда жоба Сәулеттік бюродан келісім алынып,  жоба сараптамаға ұсынылды.

 

Жобаның мемлекеттік сараптамадан шығу уақытысы болжам бойынша ағымдағы жылдың шілде айында.

Орындалу үстінде

12.

Аудандағы мемлекеттік мекемелерде зейнет жасындағы қызметкерлер бойынша талдау жасау

2022 жылғы

қыркүйек

Аудан әкімі

аппараты

Бүгінгі таңда  келісім-шарт негізінде қызмет атқарып отырған азматтар жоқ.

Орындалды.

13.

Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар мен ауыл ішілік жолдарына жөндеу мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

31 қазан

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Мойынқұм ауданы бойынша аудандық маңызы бар 158,2 шқ автожол және
212,9 шқ ауылішілік көше желісі бар. 2021 жылдың қорытындысымен 158,2 шқ аудандық маңызы бар автожолдың жақсы қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі - 93,6 пайызды құраса, 2022 жылы қорытындысымен 100 пайызды құрап отыр.

Ауылішілік 212,9 шқ көше желісінің жақсы қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 67,0 пайызды құраса, 2022 жылдың қорытындысымен 73,4 пайызды құрады.

Аудандық маңызы 124,4 шқ бар автомобиль жолдарын және 59 шқ елді мекен көшелерін орта жөндеуден өткізу бойынша облыстық тиісті салалық басқармамен                        2023-2025 жылдарға «Даму жоспары» бекітіліп, қазіргі уақытта бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес ЖСҚ әзірленіп, тиісті бюджетке ұсыныс енгізілді. Атап айтқанда:

124,4 шқ – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Жыл кесіндісінде:

2023 жылы 16,4 шақырым (3 жоба) – меже 100%;

2024 жылы 8 шақырым (2 жоба) – меже 100%;

2025 жылы 100 шақырым (5 жоба) – меже 100%  межесін орындау.

59,0 шқ – елді мекен көшелері.       

Жыл кесіндісінде тоқталатын болсақ:

2023 жылы 24,03 шақырым (9 жоба) – меже 80,9 %;

(«Ауыл-Ел бесігі» - 3 жоба (11,43 шқ), ОБ/АБ-6 жоба (12,6 шқ)

2024 жылы 13,8 шақырым (4 жоба) – меже 86,5%;

(«Ауыл-Ел бесігі» - 2 жоба (9,4 шқ), аудандық бюджеттен-2 жоба (4,4 шқ))

2025 жылы 21,2 шақырым (6 жоба) – меже 95,4%.

(«Ауыл-Ел бесігі» - 2 жоба (14,63 шқ), ОБ/АБ-4 жоба (6,57 шқ)

Орындалды.

 

 

14.

Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы

31 қазан

Аудан әкімінің  орынбасары С.Төлегенов,

аудандық білім бөлімі

Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 19.01.2021 ж. № QKZ-0002/21 сараптамадан өткізілді. Жоба құны 340 689, 878 мың теңге. Құрылыстың ұзақтығы 6 ай. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жобаны оңтайландыру (оптимизация) бойынша бастапқы бағадан 31,52 млн.теңге түсіріліп, жоба 309,170 млн.теңге болып жобалау мекемесімен келісілді. Күрделі жөндеу жұмыстарына 2023 жылға  278 352 627 млн.тг қаражат бөлінді.

Орындалды.

 

 

 

15.

Қылышбай ауылындағы ауыз су сапасын және ауыз су жүйесін жүргізген мердігерлер бойынша зерделеу жұмыстары

жүргізу

2022 жылғы

30 қараша

Аудан әкімінің  орынбасары Ж.Исақов,

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Жамбыл облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ауыз су сынамасы жіберілген, 03.10.2022 жылы  РО-22-09026 нөмірмен сынаманың нәтижесі оң қортынды болып белгіленген. Ауыз су жүйесі қазіргі таңда бірқалыпты жұмыс істеуде.

Орындалмады

 

 

 

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Мойынқұм ауданы Мойынқұм және Бірлік ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
26 июля 2023