Шу ауданы, Шу қаласы және Көкқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы

 

Шу ауданы, Шу қаласы және Көкқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы

 

Берілген тапсырмалардың барлығы: 21

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 2
  • орындалу үстінде – 18
  • орындалмағаны - 1

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

4

5

 

1.     

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

 

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Шу ауданының әкімі

«Ұлттық жоба» аясында Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру бойынша – қайтарымсыз грантқа (400 АЕК немесе 1 380 000 тг) жалпы        138,0 млн тг  қаражат бөлініп, 4 лек бойынша 25 адамнан  100 адамға грант беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 1 лек бойынша 217 адамның өтініші қабылданып,  құжаттары комиссия отырысына құжаттары рәсімделуде, алайда комиссия отырысында бизнес жобалары мақұлданбаған азаматтарға жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларына тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

2023 жылы 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайызбен аудан бойынша 31 жасқа Аграрлық несие корпорациясы арқылы  микрокредит беру жоспарлануда. Бүгінгі күнге қала және ауыл жастарына несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Атаулы әлеуметтік көмекке 3000 адамға 292  млн 770 мың теңге бөлінді Игерілгені – 383 отбасындағы 1968 адамға – 68 млн 231,3 мың теңге. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1077 балаға  58 млн 256 мың теңге қарастырылған, орындалғаны – 332 отбасы,  адам – 610 қаржы 9 млн 247,8 мың теңге

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев және тиісті бөлім басшыларымен бірлесе Шу қаласы және 18 ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Орындалу үстінде

2.     

Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдайтын кәсіпкерлермен келісім-шарт жасап, қоқыстарды белгіленген полигонға шығару жұмысын жүргізу

 

2023 жылғы

30 тамыз

Шу ауданының әкімі

Бүгінгі таңда Шу қаласы мен Төле би ауылдық округінде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен "Шу-Сервис"  ЖШС-гі жұмыс жүргізуде. Басқа да ауылдық окургтерде тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдайтын кәсіпкерлермен келіс сөздер жүргізілуде.

Орындалмаған

 

3.     

Байланыс операторлармен тиісті жұмыстар жүргізіп, барлық елді мекендердегі интернет жылдамдығы бойынша зерделеу жүргізу

2023 жылғы

мамыр-маусым

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы  (жинақтау)

 

Елді мекендердегі интернет жылдамдығын арттыру мақсатында бүгінгі күнге зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырманың мерзімін ұзартуды сұраймын.

Орындалу үстінде

4.     

Шу қаласы мен Көкқайнар ауылдық округтеріндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жоспарына енгізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Шу қаласы мен барлық ауылдық округтердегі тозығы жеткен электр желілері, бағаналарын орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша  Алға ауылдық округі Сауытбек ауылында аудандық (РЭС) тарапынан даму жоспарына сәйкес ескірген электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары аяқталды.         Сонымен қатар Төле би, Балуан Шолақ, Бірлікүстем, Бөлтірік ауылдық округтерінің тозығы жеткен электр бағандарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қалған елді менкендердің тозығы жеткен электр бағаналары кезең кезеңімен ауыстырыру жұмыстары жоспарлануда.

Орындалу үстінде

 

5.     

Шу қаласы мен ауылдық округтерінде МІҚ малының ауруын алдын алу мақсатында, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы 30 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Аудандық ветеринариялық бөлім Шу қаласы және ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына кенеге қарсы дизенфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу, малдың ауруын алдын алу мақсатында, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Алға ауылдық округінің қора-жайлары мен ауыл аумағы кенеге қарсы толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге ауылдық округтерде эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Орындалу үстінде

 

6.     

Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдық пилигондарына зерделеу (орналасқан жері елдімекенге қажеттілігіне, қызмет атқаруына, қоршалуына) жүргізу

2023 жылғы

1 маусым

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау)

 

Орындалу үстінде

 

7.     

Шу қаласы Батыс мөлтек ауданындағы аяқсыз қалған кәріз жүйесін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ-ң мемлекеттік сараптамадан өткізу

2023 жылғы

 1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғыртуға аудандық бюджеттен 45,0 млн теңге бөлініп, ЖСҚ-ы әзірленген (мердігер «АзияТурПроект» ЖШС-і). Бүгінгі күнге Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығына келісімге жолданды. Болжаммен а..ж. маусым айында аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жолданады.

Орындалу үстінде

8.     

Шу қаласына жаңа мәдениет үйін салу бойынша ауданның даму жоспарына енгізу мүмкіншілігін қарастыру

Жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ақсу, Далақайнар, Ақтөбе, Белбасар және Жаңа жол ауылдарына ауылдық мәдениет үйлері мен  клубтары құрылысының ЖСҚ-сы әзірленген. Бүгінгі күнге Ақсу және Далақайнар ауылдарының ЖСҚ-сының мерзімі өтуге жақын, ал қалған мәдениет үйлері мен клубтарының ЖСҚ-сы қаржылай қолдау таппауына байланысты Шу қалалық мәдениет үйі құрылысна салалық келісімге жолданған жоқ.

Орындалу үстінде

9.     

Шу қаласындағы жөндеуді қажет ететін көшелеріне (асфальт төселмеген) ЖСҚ әзірлеу

Жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Қалада барлығы 313 көше бар,  ұзындығы – 204,2 шқ. құрайды. Оның ішінде: қанағаттанарлық жағдайда - 132 көше (42,2%), жөндеуді қажет ететіні- 181 көше (57,8%).

Биылғы жылы Шу қаласына 428,0 млн қаражат қарастылып, ұзындығы 19,7 шқ болатын 21 көше  жөнделеді. (Аудандық бюджеттен  218,1 млн., облыстық бюджеттен 209,8 млн.  қаржы бөлінді).

            Сонымен қатар, қалада 5 орынға арық жүйесі мен жаңбыр кәрізі құрылғысын орнату жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 22,9 млн. қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде

10.  

Шу қалалық емханасындағы дәрігерлер тапшылығын облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе шешу жолдарын қарастыру

 

2023 жылғы

 1 тамыз

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтаьу басқармасы.  Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге қажетті мамандықтар бойынша облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне сұраныс берілді.

Орындалу үстінде

11.  

Шу қаласы Сейфулин және Сәтпаев көшесі бойындағы 2-қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу (шатыры, қас беті т.с.с. ) жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

 1 шілде

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 167,0 млн.бөлініп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін 9 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. (Абылайхан №14, 27,6  млн.; Абылайхан №7/3, 15,3 млн., Сәтбаев №203, 8,2 мың.т, Абылайхан №9, 19,1 млн., Абылайхан №14, 20,7млн., Сейфуллин №1, 23,2 млн. Сейфуллин №1/А, 19,1 млн. Сейфуллин №2, 23,0 млн.; Сейфуллин №3, 10,9 млн.)                                                                                Орындалды

12.  

Шу қаласындағы табиғи газға қосылмаған көп пәтерлі тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын жандандыру

2023 жылғы

 1 шілде

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылы Жетісу мөлтек ауданындағы 75 пәтерлі 5 қабатты үйді (35277,0 мың тг.) және С.Сейфуллин көшесі бойындағы СПТУ-24 (29923,0 мын  тг.) жатақханасын табиғи газға қосу жұмыстарына 65,2 млн. қарастырылып, а.ж. іске асырылатын болады.

Орындалды

 

13.  

Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында Шу қаласының бірінші кезекте қажет ететін магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу

2023 жылғы

 1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 16,7 шқ (оның ішінде 5,8 магистралды жылу жүйелері, 10,9 ішкі жылу жүйелері).

2022 жылы 1,2 шқ (59-159 диаметр 17,161 млн) ішкі жылу желілері құбырлары ауыстырылды.

2023 жылы 1,6 шқ ішкі жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр (16,193 млн). Қосымша тозығы жеткен 548 метр құбырларды ауыстыруға ЖСҚ-ы әзірленді.

Бұдан бөлек, тозығы жеткен магистралды жылу құбырларын зерделеу мақсатында аудандық бюджеттен 2,8 млн қарастырылып, 5,8 шқ (2 құбыр) магистралды жылу желілеріне тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 70% тозығы жеткендігі анықталды. Аудандық бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырылатын болады.

Орындалу үстінде

14.  

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын бақылауда ұстау, қажет болған жағдайда арнайы тексеру жұмыстарын ұйымдастыру

 

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 19 түрінің бағаларына мониторинг топ мүшелерімен жыл басынан бері 230 рейдтік зерделеу жұмыстары жүргізілді (Шу қаласы мен 18 ауылдық округке).

Орындалу үстінде

15.  

Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов орта мектебінің еңбек кабинетін арналған техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету

2023 жылғы

 1 қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Шу ауданы білім бөлімі басшысы Қ.Райымқұлов

(жинақтау)

Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов орта мектебінің еңбек кабинетін арналған техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілдіү

Орындалу үстінде

16.  

Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Шу ауданы білім бөлімі басшысы Қ.Райымқұлов

(жинақтау)

Көкқайнар ауылындағы С.Естемесов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өткізуге құжаттар дайындалуда.

Орындалу үстінде

17.  

Көкқайнар ауылдық  мәдениет үйінің қазандығын газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу

 

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

Облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінің қазандығын газға ауыстыру бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып, а..ж. маусым айында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланады.

Орындалу үстінде

18.  

Ауыл маңындағы ағын су келмейтін суармалы жерлерді жайылым жерге ауыстыру жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

 

2023 жылғы

 1 шілде

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің жер қатынастар басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге суармалы егістік жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде

19.  

Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің ағаш терезелерін пластик терезелерге ауысту маселесін қарастырсын

2023 жылғы

 1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,

Шу ауданының білім бөлімі (жинақтау)

2023 жылы Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің ағаш терезелерін пластик терезелерге ауысту ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу  барысында іске асырылады.

Орындалу үстінде

20.  

Шу қаласының тозығы жеткен мемлекеттік балабақшаларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын қарастыру

Жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,

Шу ауданының білім бөлімі (жинақтау)

Жамбыл облысы әкімдігінің даму жоспарына сәйкес Шу қаласында орналасқан 10 мемлекеттік балабақшаларға 2026 жылы 5 балабақша, 2027 жылы 5 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Орындалу үстінде

21.  

Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданына спорт сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу

 

2023 жылғы

 1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің денешынықтыру әне спорт басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданындағы спорт кешенінің ЖСҚ-сы әзірленген. 2024 жылы құрылыс жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Орындалу үстінде

 

 

           

 

Шу ауданы, Шу қаласы және Көкқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы
Дата публикации
26 июля 2023