Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылдың қараша айында Шу ауданы, Тасөткел және Қонаев ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалуы туралы

Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылдың қараша айында Шу ауданы, Тасөткел және Қонаев ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды

 іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалуы туралы

 

Берілген тапсырмалардың барлығы: 11

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 6
  • орындалу үстінде – 1
  • орындалмағаны - 4

 

 

№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

1.     

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылдың соңына дейін

Шу ауданының

әкімі

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, өнеркәсіп саласы бойынша 89,1 пайызға, көтерме сауда 62,2 пайызға орындалды. Қалған көрсеткіштер 100 пайызда аса орындалды.

Сонымен қатар,  ауыл шаруашылығы бағыты бойынша 2022 жылға жоспарлаған 22 жоба (құны 986,2 млн.тг.) толықтай іске асырылып, 48 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде:

-Жаңбырлатып суару технологиясын орнату – 1 жоба, құны 250 млн, 4 жұмыс орны

-Жылыжай - 3 жоба,құны 7,7 млн, 4 - жұмыс орны

-Сүт өңдеу цехы - 1 жоба,құны 90 млн, 5 - жұмыс орны

-Мал бордақылау - 4 жоба,құны 117 млн, 10 - жұмыс орны

-Көшетхана - 11 жоба,құны 50,5 млн, 11 - жұмыс орны

-Балық шаруашылығы - 1 жоба,құны 150 млн, 4 - жұмыс орны

-Құрама жем зауыты - 1 жоба,құны 321 млн, 10 - жұмыс орны

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 2022 жылы орындалғаны – 1 871,0 млн. теңгеге 135 жұмыс орнымен жоспарланған 23 жоба толыққанды 100 пайызға іске асырылды.

2023 жылы аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп бекітілген көрсеткіштер 100 пайыз орындалатын болады.

Орындалды

2.     

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

 

Шу ауданының

әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен ассистенттерінің тарапынан  Шу қаласы мен ауылдық округтердегі елді мекендерде халықтың осал топтарымен кездесулер ұйымдастырылып, қатысушыларға әлеуметтік көмек туралы толық ақпараттар берілді. Өткізілген жалпы 19 кездесу.

Жүргізілген жұмыстар бойынша әр ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығының инстаграмм әлеуметтік желісінде халыққа түсіндіру бойынша ақпараттық насихат жұмыстары жарияланды. Жарияланған 12 материал.

Қайтарымсыз грант бойынша

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант бойынша 2022 жылдың ақпан айында халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары мен бөлім басшыларынан жұмыстық топ құрылып, қайтарымсыз гранттың соммасының (200АЕК дан 400АЕК ға) және тәртібінің өзгеруіне байланысты, Шу ауданындағы 18 ауылдық округтері және Шу қаласы азаматтарымен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  2022 жылы  253 азаматқа   қаражат бөлініп, 1093 қатысушының арасынан конкурстық негізде комиссия отырыстары жүргізіліп, 253 азаматқа қайтарымсыз грант тағайындалды. Комиссия шешімі мақұлданбаған азаматтарға, сертификат мерзімі 3 жылға жарамды екені және сол уақыт аралығында қайта қатысуларына болатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр комиссия отырысының алдында, өтетін уақыты мен мекен-жайы және  комиссия қорытындысы туралы ақпарат әлеуметтік желілерге салынып отырды. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамту орталығының инстаграмм және фэйсбук парақшаларына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан қалай өтуге болады? Грант алуға өтінішті қалай беруге болады? деген тақырыптар бойынша видеонұсқаулықтар салынып отырды. Дербес компьютерлері жоқ  немесе интернет желісіне кіруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін Халықты жұмыспен қамту орталығында өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар екендігі айтылып, әлеуметтік желілерге ақпараттар салынды. 

Орындалды

3.     

Пилоттық жоба жүзеге асырылатын ауылдық округте ең бастысы ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесін басты назарда ұстасын (жалақы, еңбек табысы)

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

 

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ

(келісімі бойынша),

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда ағымдағы жылы пилоттық жоба іске асырылатын Бірлікүстем, Жаңа жол және Қорағаты ауылдық округтерінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жобаның басты мақсаты ауыл тұрғындарының табысын арттыру, қосымша кәсіп ашу, қосымша жұмыс орындарын ашу екендігі назарға алынды.

Орындалды

4.     

Тасөткел ауылдық округ тұрғындарының тұрғын үйлерін газ жүйесіне қосу жұмыстары аяқтау

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

15 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Шу ауданы әкімі

Тасөткел ауылдық округінің Тасөткел елді мекеннін аула саны 125,  2022 жылдың 15 желтоқсанында елді мекеннің ішкі көшелеріндегі газ құбырларына  газ беріліп толықтай іске қосылды. 2022 жылдың соңына дейін 17 үй газға қосылды, қазіргі уақытта қалған тұрғын үй иелерімен құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалмаған

5.     

Тасөткел ауылдық округінің электр желілері мен заңсыз кепілде тұрған Қайыңды су қоймасын мемлекет меншігіне қайтару

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы 15 тамыз

Шу ауданаралық прокуратурасы (келісім бойынша),

Шу ауданы әкімі

Шу ауданаралық прокурорымен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына заң бұзушылықтар жою туралы ұсыныс енгізілді. Атап айтқан, заң бұзушылықтарды жоюға, оның алдағы уақытта болмауына шара қолдануды, «Қайынды» су қоймасына құқық орнықтырушы құжаттарын әзірлеп, оны мемлекеттің теңгеріміне қабылдау бойынша шаралар көруді.

 Сонымен қатар, Тасөткел ауылдық акругіндегі электр желілері Қазақстан темір жолына қарасты, қазіргі уақытта аудандық РЭС теңгеріміне өткізуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, тапсырманың орындалу мерзімін ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартуыңызды сұраймын. 

Орындалмаған    

6.     

Тасөткел ауылы «Ш.Мұртаза» атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Шу ауданы әкімі

Ағымдағы жылы ауданның 5 мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 40 млн. теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде Тасөткел ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі бар. Дайындалған ЖСҚ негізінде аталған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Орындалды

                                  

7.     

Тасөткел ауылының ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарына ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

15 желтоқсан

Шу ауданы әкімі

Ағымдағы жылы Тасөткел ауылының ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды.

Орындалмаған

8.     

Қонаев ауылында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан спорт сауықтыру кешенінің ішінен жеке бокс және күрес залдарын ашуға ЖСҚ-ға өзгерістер енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

15 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау),

Шу ауданы әкімі

Қонаев ауылында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан спорт сауықтыру кешенінің ішінен жеке бокс және күрес залдарын ашуға ЖСҚ-ға қосымша құжаттар жасалды, құрылыс барысында аталған спорт түрлеріне спорт кешені ішінен жеке залдар салынатын болады.

Орындалды

9.     

Қонаев ауылындағы электр желілері мен электр бағаналарына жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Шу ауданы әкімі

Аудандағы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарды анықтап кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімі қаулысымен жұмысшы топ құрылған, жұмысшы топтың зерделеу жұмыстарының қорытындысы негізінде аудандық РЭС тарапынан 2022 жылы Алға ауылдық округіне қарасты Сауытбек елді мекенінде бағаналар мен желілер ауыстырылды. Ағымдағы жылы Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында аталған жұмыстар жүргізілетін болады.

Орындалу үстінде

 

10.  

Қонаев ауылынан аудан орталығына тұрғындарды тасымалдауға қоғамдық көлік жүруін қамтамассыз ету

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

15 наурыз

Шу ауданының әкімі

Жамбыл облысындағы тұрғын саны 100 асатын елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту жоспары бойынша, ағымдағы жылдың 28 наурыздан бастап Қонаев ауылынан Шу қаласына «Қонаев-Бірлік-Шу» бағыттағы мемлекеттік нөмірі KZ 386 AGW08 DAIMLER CHRYSLER қоғамдық көлігі қатынайды.

Орындалмаған

11.  

«Нұрдаулет» шаруақожалығының 2019 жылы лизингке алған ауылшаруашылық техникасына субсидия алу жұмыстарын ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылдың соңына дейін

Шу ауданының әкімі

«Нұрдаулет» шаруа қожалығының 2019 жылы лизингке алған ауылшаруашылық техникасына субсидия алу үшін қажетті құжат топтамалары мен атқарылатын іс – шаралар бойынша толық кеңес берілді.

Орындалды

 

 

 

Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылдың қараша айында Шу ауданы, Тасөткел және Қонаев ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалуы туралы
Дата публикации
26 июля 2023