Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің Шу ауданына Бірлікүстем және Төлеби ауылы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Берілген тапсырмалардың барлығы: 46
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
«Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылаты (2-кезегі реконструкциялау) бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын жандандыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), «Қазсушар» РМК филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі |
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан «Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылату» нысаны бойынша құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толықтай жүргізіліп жатыр. Орындалу үстінде
|
|
2 |
«Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылаты (2-кезегі реконструкциялау) бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарына тартылатын жұмысшылардың санын арттыра отырып, 2 ауысыммен жүргізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі |
Аталған нысан бойын басында 80 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс нысаны екі бетон араластырғыш, құрылысқа қажетті техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар, құрылыс басына 80 тонна су жұқпайтын цемент түсірілді. Құрылыс жұмыстар жүргізілуде. Орындалу үстінде
|
|
3 |
«Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылатып 2-кезегі реконструкциялау жобасын қосымша келісім шарт жасай отырып, республика резервінен қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасы |
Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына түзету жұмыстары жүргізілді және ішкі аудит комитетінде қаралды. Аталған жоба бойынша республика резервінен қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізілді. Орындалды |
|
4 |
Жұмысшы тобын құра отырып, «Тасөткел» су қоймасының маңайындағы 85 ұңғыманың қай мекеменің меншігінде екендігін анықтау және аталған ұңғымаларды қалпына келтіру үшін ЖСҚ әзірлеу бойынша ұсыныс беру |
2023 жылдың соңына дейін |
«Қазсушар» РМК филиалы (келісім бойынша)
|
Жұмысшы тобы құрылып, бүгінгі күнге 85 ұңғыманы меншікке алу мақсатында мемлекеттік акт әзірлеуге тапсырыс берілді. Аталған ұңғымаларды қалпына келтіру үшін ЖСҚ әзірлеу жұмыстары меншікке алынған соң жүргізіледі. Тапсырманың орындалуы қосымша уақытта қажет етуіне орай, мерзімін ұзартуды сұраймын. Орындалмаған.
|
|
5 |
2022 жылғы қараша айынан бастап «Тасөткел» су қоймасына су жинау жұмыстарын жүргізу |
2022 жылдың қараша айы |
«Қазсушар» РМК филиалы (келісім бойынша) |
2022 жылдың 15 қазанынан бастап «Тасөткел» су қоймасына су жинау жұмыстары басталды, 14 қазан күні су көлемінің ең төменгі шегі 111.7 млн метр3 болды, бүгінгі күнге 16 қаңтар 2023 жылғы су қоймасына судың келуі, 85,6 м3/сек, жиналған судың көлемі 133.6 млн метр3 жетті Орындалды
|
|
6 |
Шу қаласы «Қант зауыты» ықшам ауданындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ–на тиесілі ғимаратты облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының меншігіне беру, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу, онда дәрігерлік амбулатория мен учаскелік полиция пунктін ашу мәселелерін пысықтап, шешу бойынша ұсыныстар енгізу және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, Шу ауданының әкімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісім бойынша), Жамбыл облысы полиция департаменті (келісім бойынша) |
Шу қаласы, Автобазовская көшесі, 6/1 мекен-жайда орналасқан әкімшілік ғимаратын республика меншігінен ауданның коммуналдық меншігіне, яғни меншіктің бір түрінен екінші түріне беру жөніндегі жұмыстар жүргізу үшін облыстық қаржы басқармасына хат жолданды (14.07.2022 жылғы №03-1134 хаты) Бұл ретте, облыс әкімінің 2022 жылғы 27 шілдеде №01-6520 хаты Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданып, 2022 жылғы 28 қыркүйекте №12732//01-2-4-19/24495 қолдау хаты келгендігін және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тарапынан жоғарыда аталған ғимаратты меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы бұйрығы келмеді. Орындалмаған |
|
7 |
«Хим-Плюс» ЖШС-нің 4 мың тонна жылдық көлемінен 375 тонна ғана өндіріп жатқанын ескере отырып, жобалық қуаттылығына шығу шараларын қабылдау және гербицидке субсидия көлемін арттыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келіссөздер жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және инсдустриалды –инновациялық дамыту басқармасы, «Тараз Химиялық Паркі» АЭА (келісім бойынша), «Хим Плюс» ЖШС (келісім бойынша) |
«Хим-Плюс» ЖШС 2022 жылы 635 мың литр «Фараон Голд» гербицидін өндіруді жоспарлауда. 2019-2021 жылдар аралығында Серіктестіктің өнімі субсидияланған. Осыған сәйкес, қайта субсидиялау көлемін есептеу үшін, тиісті мәліметтер облыстардың әкімдіктеріне жолданды.
Орындалды |
|
8 |
«Тараз Химиялық Паркі» АЭА-ның басым бағыттары тізіміне қара және түсті металлургия, элекр энергиясын өндіру бағыттарын қосу бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жұмыстар жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), «Тараз Химиялық Паркі» АЭА (келісім бойынша) |
Бүгінгі таңда, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жаңа қызмет түрлерін қосу бойынша өтініштерді арнайы комиссия отырысында қарап, АЭА-қа қара және түсті металлургия өндіру қызметін қосуды мақұлдап, электр энергиясын өндіру қызметін енгізуден бас тартты. Орындалмаған |
|
9 |
«Тараз Химиялық Паркі» АЭА-нан электр станциясы құрылысының бірінші кезеңін іске асырғанға дейін «TAS Market» ЖШС-не төмендетілген электр энергиясы тарифтерін (50 Мвт электр энергиясын) ұсыну бойынша ҚР Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізу. |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы(жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы |
«TAS Market» ЖШС-не электр энергияның тарифтерін төмендету бойынша ұсыныстар қарастырылуда Орындалу үстінде |
|
10 |
«Тараз Химиялық Паркі» АЭА инфрақұрылымының пайдалануға берілмеген 13 нысаны бойынша сот процестерінің жылдам аяқталуы үшін шаралар қабылдау |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), «Тараз Химиялық Паркі» АЭА (келісімі бойынша) |
Қазіргі таңда, 4 сот процессі толық қанағаттандырылды, 1 сот процессі бойынша талапты қанағаттандырудан толық бас тартылды. Сот процесстерін жылдам аяқтау үшін шаралар қабылдануда. Орындалды
|
|
11 |
«Тараз Химиялық Паркі» АЭА-на қосымша өндіріс орындарын тарту бойынша жұмыстар жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), «Тараз Химиялық Паркі» АЭА (келісімі бойынша) |
«Тараз Химиялық Паркі» АЭА-на 2023 жылы кемінде 2 өндіріс орындарын орналастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда «Altynalmas Reagents» ЖШС натрий цианидін (NaCn) өндіру және "Prosulfite" ЖШС натрий пиросульфитін өндіру. Сонымен қатар, қосымша өндіріс орындарын тарту бойынша Қазақстан мен ТМД бөлінісінде өнімге қажеттілікті (тапшылықты) негізге ала отырып, инвесторларды іздеу, Арнайы комиссия отырысына материалдар дайындау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Орындалды
|
|
12 |
Мүдделі мемлекеттік мекемелерді тарта отырып, Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғырту жобасына түзетулер мен толықтырулар енгізу және ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну |
2023 жыл 1 қазан |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау),облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шу ауданының әкімі,облыстық экология департмаенті (келісімі бойынша) |
Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғыртуға аудандық бюджеттен 45,0 млн теңге бөлініп, ЖСҚ-ы әзірленген (мердігер «АзияТурПроект» ЖШС-і). Бүгінгі күнге Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығына келісімге жолданды. Болжаммен а.ж. маусым айында аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жолданады. Орындалу үстінде
|
|
13 |
Шу ауданы бойынша 2023 жылы кемінде 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл соңына дейін ЖСҚ әзірлеу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев , облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі. |
2022-2025 жылдар аралығында 15 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажеттілік бар. Ағымдағы жылы 5 мектепке (А. Макаренко ом, Абай ом, С. Естемесов ом, Мойынқұм ом, Ш. Мұртаза ом) әрқайсысына 400 мыңнан ЖСҚ мен МС дайындау үшін шілде айындағы бюджеттің нақтылауында барлығы 42,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурсына беру үшін құжаттар біріңғай ұйымдастырушыға Шу ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсынылып, конкурс бойынша жеңімпаз анықталды, қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде. Орындалмаған
|
|
14 |
Шу ауданы бойынша күрделі жөндеу, жаңа құрылыс, жапсарлас құрылыс жұмыстарын қажет ететін білім беру ұйымдарына ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы қарастыру |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев , облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),құрылыс басқармасы,экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Шу ауданының әкімі |
Бүгінгі күні 5 мектепке ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы 62 млн. теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жердің мемлекеттік актісі дайындалуда. Орындалу үстінде
|
|
15 |
Мектеп асханаларының ас мәзірінде табиғи бал мен сүттің болуын қамтамасыз ету |
тұрақты |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Ауданы бойынша жекелеген топтағы балаларды 1 реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы ас мәзірі басшылыққа алынған. Ыстық тамақпен қамтамасыз етуші мердігерлер және «Жамбыл облысы омарташылар Ассоцияасы»-мен келісім шарт жүргізілген. Бекітілген ас мәзіріне сәйкес сүт өнімі тағамға ғана қосылады. Бүгінгі күнге бал және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Орындалды.
|
|
16 |
Шу аудандық полиция бөлімінің штат санын нормативке сәйкес толық қалыптастыру мәселесін ҚР Ішкі істер министрлігімен келісу |
2022 жылдың соңына дейін |
Жамбыл облысы полиция департаменті (келісімі бойынша) |
Шу аудандық полиция бөлімінің штат санын бекітілген нормативке сәйкес толықтыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан тұсрақты бақылауда. Орындалды.
|
|
17 |
Шу аудандық полиция бөлімінің штатын қаржыландыруды облыстық бюджет есебінен шешуді қарастыру |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), Жамбыл облысы полиция департаменті (келісімі бойынша) |
Шу аудандық полиция бөлімінің штат санын бекітілген нормативке қаржыландыру жұмыстары облыстық департамент арқылы жүргізілді. Орындалды.
|
|
18 |
Шу аудандық полиция бөліміне жаңа ғимарат салу үшін ЖСҚ әзірлеу (Қордай ауданының үлгісімен) |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы(жинақтау), Жамбыл облысы полиция департмаенті (келісімі бойынша) |
Шу аудандық полиция бөліміне жаңа ғимарат салу үшін ЖСҚ әзірленініп, сараптамаға жолданып оң шешңмңн тапты. Жобаның құны 3,2 млрд. теңге. Орындалды. |
|
19 |
Шу аудандық полиция бөліміне жаңа ғимарат салу үшін жер бөлу |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Шу ауданы Төле би ауылының оң түстік жағынан ішкі істер органдарына жаңа ғимарат құрылысын салу үшін 5,0 га жер қарастырылған. Оның 3 га «Дельта долина» есірткіге қарсы қылмыс бөлімінің ғимараты салынған. Қалған 2 га аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты салынады. Орындалды
|
|
20 |
Шу ауданы бойынша шалғай елді мекендерден қызметтік тұрғын үйімен қоса жергілікті полиция бекетін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі(жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы |
Шу ауданы бойынша шалғай елді мекенге жататын Шоқпар ауылдық округіне қызметтік тұрғын үймен бірге полиция бекетін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2019 жылы әзірленген. Бүгінгі күнге, ЖСҚ сақталу мерзімі өтіп кетуіне орай, қайта ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалмаған
|
|
21 |
Шу аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған барлық бейнебақылау камераларының жұмыс жасауын қамтамасыз ету |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі(жинақтау), Жамбыл облысы полиция департмаенті (келісімі бойынша) |
Ауданында барлығы 147 бейнекамера (Шу қаласында Орындалды
|
|
22 |
Жеке кәсіпкерлік нысандарындағы бейнебақылау камералын аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосу жұмыстарын кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі(жинақтау), Жамбыл облысы полиция департмаенті (келісімі бойынша) |
Шу ауданы аумағында 564 жеке кәсіпкерлік нысандары бар, барлығы ішкі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. бүгінгі күнге кәсіпкерлік нысандарындағы бейнебақылау камералын аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Орындалды
|
|
23 |
Шу қаласындағы орталық базардың аумағындағы аялдаманы қалпына келтіру |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Шу қаласындағы орталық базар аумағындағы Шу -Төле би бағытындағы автобус аялдамасы орнатылды. Орындалды
|
|
24 |
Бірлікүстем ауылының орталық стадионы мен негізгі көшелерін жарықтандыру бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Бірлікүстем ауылдағы Н.Жұмабаев, М.Ниязбеков, Ж.Масатбаев, М,Құдайғұлов, Т,Малдыбаев және Р.Байдахметова көшелеріне түңгі жарықтандыру шамдары жүргізілген. Ауылдағы көшелерге, орталық стадионға, ауыл сыртындағы асфальт жолдың бойына қайта жарықтандыруға құны 61,7 млн ЖСҚ жасалынып, биылғы жылы іске асырылады. Орындалды |
|
25 |
Бірлікүстем ауылындағы суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз етіп отырған І-ІІ-ІІІ ТЧХ каналдарына күрделі жөндеуді қарастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі(жинақтау), «Қазсушар»РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша) |
Бірлікүстем ауылындағы суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз етіп отырған І-ІІ-ІІІ ТЧХ каналдары ауданның коммуналдық меншігіне алынып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, бюджеттік өтінім беруге құжаттар әзірленуде. Орындалу үстінде
|
|
26 |
«Шатыркөл» кен байыту орнына жергілікті жастарды жұмысқа тарту, тұрғындарға әлеуметтік көмектер көрсету бойынша жұмыстар жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
«Шатыркөл» кен байыту орнына жергілікті жастарды жұмысқа орналастыру бағытында «халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы 2022 жылы 21 жас, 2023 жылы 11 жас әртүрлі жұмыстарға орналастырылды. Сонымен қатар, бекітілген меморандум шеңберінде көршілес жатқан Қонаев, Бірлікүстем, Бірлік ауылдарының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетілуде. (Шипажайлық – куроттық емделуге жолдама, тұрмыстық жақдайы төмен отбасыларға әлеуметтік азық-түлік кәрзенке тұрақты түрде берілуде). Қонаев ауылына кіреберістегі көпірдің жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленді, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орындалды
|
|
27 |
«Шатыркөл» кен байыту кәсіпорны аумағына көрші жатқан ауылдық округтерде соңғы 3 жылдағы қатерлі ісіктің аурушаңдық деңгейіне талдау жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
«Шатыркөл» кен байыту кәсіпорны аумағына көрші жатқан ауылдық округтер Қонаев, Бірлікүстем, Бірлік ауылдарында соңғы 3 жылдағы қатерлі ісіктің аурушаңдық деңгейіне талдау жүргізілген қатерлік іссіктің көбейуі туралы мәлімет нақтыланбады, жағдай бір қалыпты өзгеріссіз. Қосымша кесте жолданады. Орындалды |
|
28 |
Бірлікүстем ауылының маңайындағы жер асты суларын тоғандарға ағызатын ұңғымалар орнату мәселесін зерделеп, ұсынсы енгізу |
2024 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Жаңажол-Бірлікүстем бағытындағы және Бірлікүстем-Қонаев бағытындағы жолдың бойынан жер асты суларын тоғандарға ағызу мақсатында ұңғымалар орнату бойынша ЖСҚ әзірленген, құны 45 млн. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Орындалды |
|
29 |
Каналдар арқылы егіндік алқаптарын суару кестесін бекіту және кестеге сәйкес ағын судың мерзімінде берілуін қамтамасыз ету |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі, ауылдық округ әкімдері, «Қазсушар»РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша) |
Ауданда барлығы - 102 су жүйелерінің нысандары бар. (о.і 11 гидротехникалық құрылыс (ГТҚ), атап айтқанда 3 су қоймасы, 4 су бөгеттері, 1 су торабы және 3 магистралды канал 91 шаруашылық каналдар бар). Бұл су жүйелерінің басым көпшілігі, яғни 96 су нысаны «Қазсушар» РМК-ң Жамбыл филиалының теңгерімінде, 5 су нысаны «Жамбыл су қоймалары» КМК-ң теңгерімінде, ал 1 нысан жеке меншікте. Аудандағы 3 магистралды каналға вегетациялық мерзімге сәуір айынан 1 қазанға дейің суару кестесін бекітілген. Аудандағы шаруашылықтар және шаруа қожалықтарының жерлеріне бекітілген суару кестесіне сәйкес ағын сумен толық қамтамасыз етілді. Орындалды |
|
30 |
Халықтың тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында күнделікті кемінде 1 отбасына барып, тұрақты табыс көзі бар/жоғын анықтап, мәселелерін ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде шешу бойынша жұмыстар жүргізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын
|
Шу ауданының әкімі, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері |
Шу қаласы мен ауылдық округтер әкімдері әр отбасының үйіне тұрақты табыс көзі бар/жоғын анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 6382 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (тұрақты жұмыс орны –2842, жастар практикасы – 170, ақылы қоғамдық жұмыс орны – 1213, әлеуметтік жұмыс орны – 70, қайтарымсыз грант – 168, алғашқы жұмыс орны – 15, күміс жас – 25, қысқа мерзімді оқуға-135, ұрпақтар келісімшарты – 3, бастау-бизнес жобасы – 1741 адам) Нысаналы топтағы мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында 147 адам әр түрлі жұмыспен қамтылды (тұрақты жұмыс - 61, ақылы қоғамдық жұмыс орны-47, жастар практикасы-2, қайтарымсыз грант-3, қысқа мерзімді оқытуға-5 адам жолдама алды). Орындалды |
|
31 |
Орта және шағын бизнес нысандарына қолдау көрсету мақсатында аптасына кемінде 1 кәсіпкерге немесе шаруа қожалығына барып, жағдайымен танысып, мемлекет тарапынан берілетін көмектерді (субсидия,жеңілдетілген несие, т.б.) алуға жәрдемдесу,туындап отырған мәселелерін ауылдық,аудандық,облыстық деңгейде шешу бойынша жұмыстар жүргізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын
|
Шу ауданының әкімі, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері |
Аудандағы және ауылдардағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан берілетін көмектер туралы әр аптасына бөлім басшылары іс шаралар жоспары аясында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Одан бөлек бизнесті дамыту бойынша 2022 жылы «Бейбітшілік және келісім жобасын іске асырудың «Ауылдардағы кәсіпкерлерді қолдау» бағыты бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік индустриалды – иновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 19 ауылдық округтеріне халықпен кездесулер өткізілді.Аудандағы «Шу өңірі газетінің беттерінде және инстаграмм парақшасына бизнесті дамыту бағдарламалары туралы хабарландырулар тұрақты жарияланып отырады. (Бизнес жол картасы -2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және Береке бағдарламалары). Орындалды
|
|
32 |
Мал жайылымының тапшылығын шешу бойынша 5 бағытта жұмыс жүргізу: -босалқы жер қорындағы жайылымдарды экономикалық айналымға қосу; -елді мекендерге жақын 5 шақырымдық радиуста орналасқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару; -ветеринарлық нормадан артық мал басын ұстап отыраған тұрғындардың малдарын орман қорындағы жайылымдықтар мен шабындықтарға шығаруды ұйымдастыру; -агроқұрылымдармен Меморандум жасасу арқылы өнім жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал бағуға рұқсат беру; -игерусіз жатқан жайылым жерлерді мемлекет иелігіне қайтару. |
2022 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Аудан бойынша жер қорының 923 212,4 гектары жайылым жері. (555 666,4 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 45210,5 га елді мекендер жайылымдық жері, 224 323,0 орман қорында 98 571,4 га босалқы жер қорында). Ауылдық елді мекен ішіндегі мал басының саны 75 098 Қазіргі таңда тіркелген мал басын шартты басқа айналдырғанда (33,6 мың бас) әр бастың қажеттілік нормасы 4,5 га жайылым. Жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 91,8 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды. Мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: 1-бағыт. Елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша аудандық босалқы жер қорынан қосымша 83,3 мың гектар жайылымдық жер учаскелері бекітіліп берілді. 2- бағыт. Елді мекенге жақын 5-7 шақырым радиуста орналасқан жайылым жерлер бойынша 15 ауылдық округтен, 104 шаруашылықтың 13 338 га жайылымдық жер анықталды. О.і. қора - жайларының көлемі, 38 га. 2 ауылдық округте (Көкқайнар, Бірлік) 5-7 шақырым радиуста жайылым жерлері бар шаруа қожалықтар орналаспаған. Шоқпар а.о. жайылымдық жер мәселесі жоқ. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен өткізген жиын хаттамалық шешімдеріне сәйкес кедергісіз мал жаюға жер иелерімен меморандум жасалды. Одан бөлек жайылым жерлерін халық мұқтажы үшін қайтару жұмыстары бойынша 6 683 га жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Жаңа жол ауылдық округінен екі шаруа қожалық Мамедов Расим 37,0 га (тутовник) және Алға ауылдық округінен «Корпарация NEXAGRO»- 1561,9 га Тасөткел ауылыдық округінен «Корпарация NEXAGRO»- 548,5 га жайылымдық жер телімдері мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты жерді бағалау құны анықталып Сотқа талап арыз берілді. 3-бағыт. Мал басы көп тұрғындардың малдарын орман қоры жеріне шығару. Орман қорындағы 38,9 мың гектар жайылым жерге 5 890 мал басы (Абай, Сауытбек, Ақтөбе) шығарылды. 4-бағыт. ауылдық округ әкімдерімен жер көлемі 14 988 гектар болатын 146 шаруашылықпен жерлеріне мал жаю жөнінде меморандум жасалынды. 5-бағыт. Бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерлерді зерделеу барысында мал басы тіркелмеген 115 507 гектар жайылымдық жер анықталды. Жер инспекциясына 81 769 гектар жайылымдық жер учаскесіне шара қолдану үшін хат жолданды. Бүгінгі күнге жалпы 28263,6 оның ішінде 26 821 га жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. (жоспар 6000 га) Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы «Smart agro Karkara» ЖШС-не жалпы алаңы 6 917,05 га (жайылымдық) жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы екі жақты келісім шартты бұзу туралы сотқа талап арыз берілді. Жыл басынан бері игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 шаруа қожалығының 49 446 гектар жайылымдық жер анықталды, яғни мал басы саны тіркелмеген. Оның ішінде 5 ірі шаруа қожалықтарының жері 38 906 гектар, қалғаны 16 шағын шаруа қожалықтарына тиесілі 10 539 гектар. Жер телімдерін игермеген шаруа қожалықтары бойынша ҚР заңнамаларына сәйкес шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Орындалды
|
|
33 |
Әл-Фараби мектебінің құрылысын жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002 »ЖШС-ін жосықсыз мердігер деп тану үшін сотқа құжаттар әзірлеу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы |
Аталған нысан бойынша мердігерді жосықсыз деп тану үшін сотқа құжаттар тізбелері әзірленуде. Орындалды
|
|
34 |
Әл-Фараби мектебінің құрылысын өндірістік кестеден кешіктіріп жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002 »ЖШС-іне айыппұл салу шараларын қабылдау |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы |
Әл-Фараби мектебінің құрылысын өндірістік кестеден кешіктіріп жүргізіп жатқан «Сұңқар 2002 »ЖШС-іне мемлекет пайдасына 29,7 млн. айыппұл соммасын өндіру туралы сот шешімі шықты. Орындалды
|
|
35 |
Жиенбет ауылындағы мектепке жаңа ғимарат салу үшін ЖСҚ әзірлеу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Жиенбет ауылынан жаңа 100 орындық мектеп салу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда. Орындалды
|
|
36 |
Төле би ауылындағы С.Шәкіров орта мектебіне жапсарлас ғимарат құрылысын жүргізу үшін үнемделген қаржы есебінен ЖСҚ әзірлеу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Төле би ауылындағы С.Шәкіров орта мектебіне құрылыс басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жапсарлас ғимарат құрылысын әзірлеу үшін басқарма тарапынан бюджеттік өтінім берілген. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда Орындалды
|
|
37 |
Төле би ауылдық округінің солтүстік аумағындағы тұрғын үй алқабына ауыз су құбырын жүргізу бойынша берілген бюджеттік өтінімді қарастыру |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау) Шу ауданының әкімі |
Төле би ауылдық округінің солтүстік аумағындағы тұрғын үй алқабына ауыз су құбырын жүргіліп жұмыстар толықтай аяқталды. Жалпы құны 889,0 млн теңге бөлініп 22 шқ. Ауыз су құбыры тартылты. Орындалды |
|
38 |
Төле би ауылының орталық саябағындағы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің орнатылу заңдылығын қарау |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсумбаев,облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Шу ауданының әкімі |
Монументтік өнер құрылыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің жанынан құрылған Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі комиссияның келісімімен орнатылады. Алайда, Түрік Республикасының негізін қалаушы Ататүрк Мустафа Кемалдың ескерткіші жоғарыда аталған заң талаптарын басшылыққа алмай орнатылған. Осыған орай, аталған ескерткішке жеке және заңды тұлғалардың өз есебінен Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының Орындалу үстінде
|
|
39 |
Шу қаласының ішкі жолдарын жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, ойын алаңшаларын салу мәселелері бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
2022 жылы жалпы ұзындығы 3,109 шақырым сомасы 132 142,2 теңге құрайтын 8 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шу қаласында 3 аулаға балалар ойнайтын алаңша орнату, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына – 51 302,0 мың теңге қарастырылып жасалды. 1. Шу қаласында гул, тал көшеттерін суғаруға – 1 897,7 мың теңге; Мердігер «Аулие – Ата 2» мекемесі (ЖШС); 2. Шу қаласындағы «Теміржолшылар» аллеясы және Теміржол вокзал алаңын ағымды жөндеу, абаттандыру жұмыстарына – 1 600,0 мың тг; Мердігер жеке кәсіпкер «Арайлым»; 3. Шу қаласы Сатпаев көшесі №323, Сыпатай батыр көшесі, Сейфуллина көшесі №1 «А» тұрғын үйлердің жанында аулалық балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде – 21 747 040 теңге . Қала бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тоғай, Қант-Зауыты және Қосқұдық мөлтек аудандарында арық жүйелері арнайы техника арқылы тазартылып, су жіберілді. 2023 жылға қаланың жолын жөндеуге 428,0 млн теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 млн теңгеге артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 19,7 шқ болатын 21 көше жөнделетін болады. (Аудандық бюджеттен 218,1 млн., облыстық бюджеттен 209,8 млн. қаржы бөлінді). Орындалды |
|
40 |
Шу қаласындағы темір жол бекетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалымен үйлестіру жұмыстарын жүргізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), «Қазақстан темір жолы- Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі |
Шу қаласындағы Темір жол вокзалы 1989 жылы соғылған "КТЖ" ҰҚ" АҚ Жамбыл магистралдық жиелі бөлімшесінің филиалына қарасты, 2012 жылы соңғы рет ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Вокзал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын қарастыру үшін аталған мекемеге хат жолданған. Темір жол вокзалы ғимаратында орналасқан мекемелер : 1) Жолаушылар тасымалы АҚ қала маңындағы тасымалдар 2) "Саят-Күзет"ЖШС Вагон сервисі 3) және ЖК (жеке кәсіпкерлер). Орындалмаған
|
|
41 |
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының бойында сервистік орталығы (жанармай құю станциялары, сауда және қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер, т.б.) бар немесе сервистік орталық ашуға өтініш білдірген жеке кәсіпкерлердің нысандарын электр энергиясымен, ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына қолдау көрсету |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Қазавтожол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының бойында сервистік орталығы (жанармай құю станциялары, сауда және қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер, т.б.) бар немесе сервистік орталық ашуға өтініш білдірген жеке кәсіпкерлердің саны 12, жалпы көлемі 3 га құрайтын 6 жер телімін аукционға шығарылды. Жеңімпаз анықталған. Жер телімдеріне құжаттары рәсімделген соң, электр энергиясымен, ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табатын болады. Орындалу үстінде
|
|
42 |
Төле би ауылындағы тұрғын үйлерге газ кіргізу құнын төмендету бойынша заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдау және мәселенің оңтайлы шешілуін қамтамасыз ету |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), «КазТранГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі |
Бүгінгі таңда облыстық «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ тарапынан, Төле би ауылының газ тарту желілерін пайдалануға беру және «КазТрансГазАймақ»АҚ теңгеріміне атқарушылық – техникалық құжаттамасын (жұмыс жобасы, газ құбыры паспорты) ұсынуды міндеттеу туралы «Париев» ЖШС-іне қатысты Жамбыл облыстық экономикалық сотына талап-арыз берілген. Алайда Жамбыл облыстық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан апеляциялық шағым дайындалуда. Орындалмаған |
|
43 |
Шу ауданы бойынша тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын жоспарлы түрде ауыстыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, Бірлікүстем ауылында электр жарығының жиі өшіп қалуын болдырмау үшін жедел шаралар қабылдау |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы (жинақтау), «Жамбыл Жарық Сауда» ЖШС (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі |
Шу қаласы мен барлық ауылдық округтердегі тозығы жеткен электр желілері, бағаналарын орнату бойынша жұмыстарына 2022 жылдың басынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанынан бастап, Алға ауылдық округі Сауытбек ауылында аудандық (РЭС) тарапынан даму жоспарына сәйкес ескірген электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары аяқталды
Сонымен қатар Төле би, Балуан Шолақ, Бірлікүстем, Бөлтірік ауылдық округтерінің тозығы жеткен электр бағандарын ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қалған елді менкендердің тозығы жеткен электр бағаналары кезең кезеңімен ауыстырыру жұмыстары жоспарлануда. Орындалу үстінде
|
|
44 |
Төле би ауылындағы «Оқушылар сарайының» аумағна абаттандыру жұмыстарын жүргізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Төле би ауылындағы «Оқушылар сарайының» аумағна абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылы үнемделген қаражат есебінен 800,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. 2023 жылға көктемгі абаттандыру жұмыстары 1,5 млн. Орындалды
|
|
45 |
«Оқушылар сарайының» қызметіне қажетті қаржы көлемін 2023 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде қарастыру |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Жоспар бойынша 73 үйірме 2500 оқушы қамтылу керек, соның 19 үйірмесі 53топ және 696 оқушымен жұмыс жүргізіліп отыр. Қалған үйірмелер қаражаттың жоқтығынан іске аспай тұр. 2023 жылдың қаңтар айында қалған үйірмелердің қамтылуы жоспарлануда. 347 қажет бөлінгені 53 млн жабдықтауға Орындалды
|
|
46 |
Шу ауданаралық балаларды оңалту орталығының құрылысын аяқтауға қажетті қаржы көлемін қайта қарап, ұсыныс енгізу |
2022 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігініңқұрылыс басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды, оңалту орталығының жұмысына қажетті құрал жабдықтарды алуға бюджеттік өтінім берілді. Орындалды |