Жамбыл облысының 2023 жылдың қаңтар-сәуірдегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 292,4 млрд. теңгені құрады, НКИ-103,7%.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 5,3%-ға (29,9 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 3,3%-ға (211,7 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда –3,8%-ға (48,7 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 3,1%-ға (2,1 млрд.теңге) қысқарды.
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 183 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 26,9 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («АлельАгро» АҚ - Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты, «Satellie GS» ЖШС - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, «Мол Даму» ӘКК - сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу, «Бахор» ЖК - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 57,5 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуірге 102,1 %-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,7 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы - 56,8 млрд. теңге (НКИ-102,1%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы 27 369,7 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6 716,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 20 653,7 млн.теңге. 2023 жылғы 1 мамырына 6 694,6 млн. теңге игерілді.
2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 2022 жылға қарағанда 770,4 мың га немесе 14,2 мың га артық алаңға орналастыру жоспарлануда, оның ішінде дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар - 398,3 мың га, майлы дақылдар-72,2 мың га, қант қызылшасы - 10,4 мың га, картоп - 11,8 мың га, көкөніс дақылдары - 44,8 мың га, бақша дақылдары - 16,8 мың га және жемшөп дақылдары - 216,2 мың га.
Ағымдағы жылдың 18 мамырына 216,3 мың га дәнді-масақты дақылдар, 30,8 мың га көпжылдық шөптер, 43,4 мың га көкөніс, 66,5 мың га майлы дақылдар, 10,5 мың га қант қызылшасы, 16,9 мың га бақша дақылдары, 11,8 мың га картоп, 27,9 мың га бір жылдық шөп және 18,3 мың гектарға дәндік жүгері себілді.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 36,2 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 104,6%, сүт - 84,3 мың тонна (101,5%), жұмыртқа – 34,0 млн. дана (90,3%).
МІҚ саны 556,8 мың басты (101,0%), қой – 3817,1 мың басты (103,7%), жылқы – 187,1 мың басты (106,7%), құс – 2150,4 мың басты (94,2%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1056,5 млрд. теңге (120,9%), жұмыспен қамтылғандар саны – 151,9 мың адамды (122,6%) құрады.
2023 жылғы 1 мамырына жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 89,2%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 220,4 млрд.теңгеге 9259 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 165,2 млрд. теңгені құрайтын 4909 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. 6,6 млрд. теңгеге 137 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 33,2 млрд. теңгені құрайтын 3938 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. - 1,8 млрд. теңгеге 53 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,4 млрд.теңгеге 135 жоба іске асырылуда (2023 ж. - 179,0 млн. теңгеге 4 жоба).
2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі бөлшек сауда айналымы 136,9 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарай 3,5%-ға ұлғайды. Көтерме тауар айналымы - 105,2 млрд. теңгеге (2,4%-ға) азайды.
2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 92,9 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылға қаңтар-наурызға қарай 166,8% құрады, оның ішінде экспорт - 29,4 млн. АҚШ долларын (167,0%), импорт - 63,5 млн. АҚШ долларын (166,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 34,1 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 14,6 млн. тонна (87,0%), жүк айналымы – 13,7 млрд.ткм (93,9%), жолаушыларды тасымалдау – 19,3 млн. адам (116,2%), жолаушылар айналымы – 556,1 млн. ткм (98,4%) құрады.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 89,1 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 107,4%-ды құрады.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 39,7 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 147,3% құрады.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 155,1 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 105,0%-ды құрады.
Инфляция деңгейі 2023 жылғы сәуір айында 2022 жылғы желтоқсанға 3,8% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 4,3% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 3,8% - ға, ақылы қызметтерге - 2,6% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,4 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 4,2%).
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы сәуірде 2023 жылғы наурызға 100,7% құрады, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша – 100,6%, азық - түлік емес тауарлар бойынша – 101,3%, ақылы қызметтер бойынша - 100,1%.
Азық - түлік тауарлары бойынша 2023 жылғы сәуірде күріш бағасы 3,3% - ға, сүт өнімдері – 2,7%% - ға (оның ішінде қаймақ - 2,8% - ға, сүзбе – 1,3% - ға), макарон өнімдері – 1,4%, шай – 1,1%, жемістер мен көкөністер – 0,7% - ға (оның ішінде қызанақ - 15,0% - ға, тәтті бұрыш - 10,1% - ға, алма - 3,0% - ға, пияз - 1,4% - ға, қырыққабат - 1,1% - ға), ет - 0,4% - ға, ұн - 0,3% - ға өсті.
Қияр бағасы - 45,2% - ға, жарма - 3,1% - ға (оның ішінде қарақұмық - 6,1% - ға), май және тоң май – 0,8% - ға, қант- 0,1% - ға төмендеді.
Нан, жұмыртқа, картоп бағалары өзгеріссіз.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша тұрғын үй - жайларға қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдардың бағасы - 2,9% - ға (оның ішінде су негізіндегі бояулар - 5,9% - ға, құрғақ құрылыс қоспалары-5,2% - ға), ыдыс-аяқ-1,7% - ға, фармацевтикалық өнімдер -1,1% - ға, жуу және тазалау құралдары, киім мен аяқ киім - 1,0%-ға өсті.
ЖЖМ бағасы 15,2% - ға (оның ішінде дизель отыны - 26,7% - ға, бензин - 12,2% - ға) көтерілді.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үй - жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер 2,3% - ға, сақтандыру - 1,3% - ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында - 1,0% - ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінде - 0,9% - ға, мейрамханалар мен қонақ үйлерде - 0,8% - ға өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 2,1% - ға (оның ішінде теміржол көлігі қызметтері - 10,4% - ға), байланыс қызметтері - 2,0% - ға төмендеді.
Салықтар. 2023 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке 63,7 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 125,9% (о.і. РБ – 20,6 млрд. теңге (91,1%), ЖБ - 43,1 млрд. теңге (154,2%)) түсті.
Салық бойынша берешек 4,1 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 96,0%-ды құрады.
Бюджет. 2023 жылдың 1 мамырына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 171,5 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 43,1 млрд. теңгені немесе болжамға 154,2%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 39,9 млрд. теңге (148,7%), салықтық емес түсімдер – 2,0 млрд. теңге (238,5%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 1,2 млрд. теңге (433,5%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,5%-ға (155,9 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 23847 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 7158 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 978 адам, жастар практикасымен - 631 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 7333 адам қамтылды.
Жаңадан 22321 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 12374. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 22987 адамның 15587 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 254646 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 15,8%-ға артты (2023 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
104325 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға (2022 ж.) өсті.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 42,7 мың тұрғынға 1334,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 1237,8 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 75,2 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 21,1 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 320,6 млрд. теңге қарастырылып, 93,9 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,8%, 25 білім беру нысанын дамытуға 19,2 млрд.теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 2 мектептің (1200 орындық), Қордай ауданында 2 мектептің (600 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (5000 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданында 1 мектептің (300 орындық), Меркі ауданында 2 мектептің (230 орындық), Қордай ауданында 1 мектептің (150 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (300 орындық), Шу ауданында 1 мектептің (300 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (3 180 орындық) құрылысы және 7 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Ағымдағы жылы 13 жобаны іске асыру есебінен 1 апатты, 5 орын тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен және 4 жапсарлас ғимараттың мәселесі шешілетін болады.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 446 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2023 жылғы 1 мамырына облыстағы 573 мектепке дейінгі ұйымдарымен (451 балабақша, 122 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
12,3 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 3,4 млрд. теңге игерілді, немесе 98,9%-ды құрады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,5 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,8 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 4,6 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 263,0 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3 282,9 млн. теңге (оның ішінде ЖБ - 681,6 млн.теңге, Ұлттық қордан - 2 601,3 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 20 денсаулық сақтау нысанын (ДА - 7, МП - 6, ФАП - 1, Б. Момышұлы ауылында ОАА-ға қосымша, Сортөбе ауылында ауысымына 200 адам қабылдайтын емхана, Масаншы ауылындағы емханаға қосымша құрылысы, Шу қаласындағы емхана ғимаратын қайта жаңарту, Меркі орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту) салу жоспарлануда.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде туберкулез, наркологиялық аурулар, психикалық бұзылулар және мерез ауруларымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сонымен қатар, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті және қан айналымы жүйесімен сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 3 жағдайы Тараз қаласында, Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарында тіркелген.