Жергілікті қаламгерлерді, ақын-жазушыларды қолдау мақсатында көркем әдебиеттерін басып шығару, тарату және насихаттаудың ЕРЕЖЕСІ

Жергілікті қаламгерлерді, ақын-жазушыларды қолдау мақсатында
көркем әдебиеттерін басып шығару, тарату және насихаттаудың
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже көркем әдебиетті басып шығару, тарату және насихаттау
тәртібін және оған қатысу шарттарын айқындайды.
1.2. Жамбыл облысының ақын, жазушыларын қолдау мақсатында
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі (әрі қарай –«Ішкі саясат басқармасы» КММ) авторлардың
әртүрлі жанрдағы туындыларын сараптап, қарау жөніндегі сараптау тобы мен
комиссия (әрі қарай – Комиссия) құрамын қалыптастырады.
1.3. Комиссия шешімімен авторлардың туындылары кітап түрінде сатып
алу үшін «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - «Мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасы» КММ) ұсынылады.
1.4. Комиссия шешіміне сәйкес «Мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасы» КММ авторлардың туындыларын кітап етіп шығарып,
кітапханаларға таратады.
1.5. Комиссия қарауына ұлттық құндылықтар мен салт – дәстүрлерді
дәріптейтін туындылар проза, поэзия, әдеби сын, драматургия жанрларында
ұсынылады.
1.6. Өтінім беруге Жамбыл облысы аумағында тұратын авторлар құқылы
(облыс аумағында 1 жылдан кем емес тұрақты мекен-жайы болуы тиіс).
1.7. Авторлар туындыларын 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап
20 тамызы аралығында Комиссияға ұсынылады. Құжаттарды қабылдау
мекенжайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №1 («Ішкі саясат басқармасы»
КММ, 303 кабинет).
ІІ. Негізгі талап
2.1. Автор өзі ұсынған туындыны төмендегі белгіленген шарттар бойынша
береді:
1) Туындыны шығаруға (баспадан басып шығару құқығы);
2) Облыс аумағында таратуға, насихаттауға;
3) Туындыны жария көрсетуге;
4) Туындыны баспасөз беттерінде, интернет-порталдарда насихаттау, эфир
арқылы немесе кабель арқылы хабарлауға;
5) Туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізуге (кітаптардың жарық
көргені туралы мәліметті ақпарат кеңістігінде тарату);
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де
әрекеттерді жүзеге асыруға.
2.2. Авторлардан өтініштерді жинақтау, комиссия отырыстарын
ұйымдастыру, өтініштерді қарау, кітаптың мәтіні мен мазмұнын Комиссия
қорытындысымен барлық құжаттарды қарастыру «Ішкі саясат басқармасы»
КММ тарапынан жүзеге асырылады.
ІІІ. Авторларға қойылатын талаптар
3.1. Жамбыл облысының тұрғыны болып саналатын автор бұрын
жарияланбаған туындысын (проза, поэзия, әдеби сын, драматургия) ұсынуға
құқылы.
3.2. Автор бір ғана кітабын шығаруға комиссияға ұсына алады.
3.3. Кітап парағы 100-ден кем емес, 300-ден артық болмауы тиіс.
3.4. Ұсынылған кітаптарда кісінің жеке басына, ар-намысына нұқсан
келтіретін, ұлтараздықты ушықтыратын, теріс әрекеттерді насихаттайтын
элементтер болмауы керек.
3.5. Отбасылық, мерейтойлық деңгейдегі шығармалар, шежірешығармалар жиынтығы, жеке тұлғаларға қатысты деректер, журналистік
зерттеулер, ақпараттар, архивтік материалдар, тарихи тұлғалардың өмірбаяны
мен атқарған қызметіне қатысты хронологиялық тізімдер қабылданбайды.
Ұсынылған шығармалар барлық әдеби талаптарға толық жауап беруі шарт.
3.6. Автор негізгі Ережеде көрсетілген уақыттан туындыларын кеш
ұсынған жағдайда, автордың өтінімі қабылданбайды.
3.7. Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін авторлардың
туындылары конкурстан шығарылады.
3.8. Ұсынылған туындының жанры бойынша үздіктері анықталып, кітап
болып басылады.
3.9. Баспадан жіберілген кітаптың бір данасы (сигнал) Комиссияның
қарауына енгізіледі.
3.10. Туындысы шыққан авторға «Ішкі саясат басқармасы» КММ
тарапынан гонорар қарастырылмайды, төленбейді.
IV. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Автор:
1) Автор белгіленген мерзім ішінде туындылар жинағын Ережеде
көрсетілген мекенжайға тапсыруға;
2) «Ішкі саясат басқармасы» КММ мен «Мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасы» КММ-не туындының таралуына, насихатталуына
кедергі келтірмеуге;
3) Ұсынылған кітапты 3 жыл мерзімде өзге баспаларға түрлі шарттар
арқылы ұсынбауға;
4) Негізгі талап-шарттың 3-4 тармақшаларында көрсетілген талаптың
сақталатындығы туралы жазбаша кепілдік беруге;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік
меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан
авторлық құқықты алуға, сондай-ақ туындыдағы мәтіндік, грамматикалық,
орфографиялық және каллиграфиялық және басқа да қателер үшін жауапты.
Комиссия:
1) Автордың ұсынған туындыларын комиссия шешімі бойынша
«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-не кітап түрінде
шығаруға ұсынады;
2) Комиссия «Ішкі саясат басқармасы» КММ, «Мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасы» КММ мен автордың арасындағы келісімнің сақталуын
бақылауға;
3) Автор көрсетілген шарттарға бағынбай, шарт тәртібін бұзған жағдайда
«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-сі автормен арадағы
кітап шығару мәселесіне байланысты келісімшартты бұзуға;
4) «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ арқылы
кітаптарды республика бойынша барлық кітапханаларға және өзге де
мемлекеттік ұйымдарға таратуға құқылы

Жергілікті қаламгерлерді, ақын-жазушыларды қолдау мақсатында көркем әдебиеттерін басып шығару, тарату және насихаттаудың ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
20 июля 2023