Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына 2023 жылдың 1–жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар бойынша ақпарат

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына

2023 жылдың 1–жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар бойынша ақпарат

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына 2023 жылдың        1 - жартыжылдығында облыс көлемінде 38 277 (2022 жыл осы кезеңі – 34 565) өтініш тіркеліп (обылыс әкімі аппаратына – 1890 (1624)), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға артқан (3 712).

1.Келіп түскен жалпы өтініштер бойынша.

Ақпараттық Жүйе мен Модульдің көрсеткішіне сәйкес, Жамбыл облысында 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында 38 277 өтініш (арыз – 31 114, шағым – 2 298, ұсыныс – 1 169, өзге де – 3 696), ал 2022 жылдың                                             1 - жартыжылдығында 34 565 өтініш (арыз – 28 338, шағым – 1 559, ұсыныс – 567, өзге де – 4 101) тіркеліп, 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында өтініштер үлесі 2022 жылдың 1 - жартыжылдығымен салыстырғанда 9,6% артқан. Өтініштер ішінде басым бөлігі арыздар 31 114 (81,2%) болып келеді.

Талдау нәтижесі көрсеткендей бір өтініш иесі бірнеше рет өтінішпен жүгінгендігін көрсетіп отыр, мысалы 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында жалпы арызданушылар саны – 23 268 (жеке тұлға – 21 079 (90,5%), заңды тұлға -              2 189 (9,5%), 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында жалпы арызданушылар саны – 21 920 (жеке тұлға – 20 211 (92,2%), заңды тұлға – 1 709 (7,8%). Салыстырмалы түрде өтінішпен жүгінгендер саны 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында 5,7% артқан.

Өтініштердің  жалпы  санынан  бөліп  қарағанда 2023 жылдың                    1 - жартыжылдығында 14074 (10738) қолайлы әкімшілік акт, ауыртпалық салатын әкімшілік акт 2563 (5644) қабылданған және оңайтылған 8829 (5754) әкімшілік іс қаралған.

         Талдау көрсеткендей 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында қабылданған қолайлы актінің саны 14074 (10738) 23,7%-ға артқан, ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 2563 (5644) 54,5%-ға азайған.

Сот органдарында 511 әкімшілік іс-әрекеттер түскен, оның 158 іс бойынша шешім шығарылған. 35 талап қоюлар қайтарылды, 9 іс медиация тәртібімен аяқталды, 35 жеке ұйғарым шығарылған, 44 (18,4%) қанағаттандырылды, 29 (12,1%) бас тартылған, 84 іс қаралуда.

Өтініштерді салаларға бөліп қарағанда: Өтініштердің 26,4% (10 622) жер, 9,6%   (3 880) жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, 15,6% (6 291) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, 2,1% (862) тұрғын үй мәселесі, 10,8% (4 365) білім саласы, 1,8% (743) кәсіпкерлік, салаларына қатысты. 

 Өтініштердің жалпы санынан қала, аудандарға бөліп қарағанда 2023 жылдың         1- жартыжылдығында облыс әкімдігінің аппараты және басқармаларына – 10 373 (6 883), Тараз қаласында – 13 009 (14 578), Қордай ауданында – 4 093 (2 319), Меркі ауданында –       1 539 (1 448), Байзақ ауданы бойынша  – 1 705 (1 598), Шу ауданында – 2 046 (2 433), Жамбыл ауданы бойынша – 1 570 (1 327), Жуалы ауданы бойынша – 723 (1 401), Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 757 (805), Сарысу ауданы бойынша – 767 (628), Талас ауданында – 900 (710), Мойынқұм ауданы бойынша – 795 (435) өтініштер түскен.

Сондай-ақ, облыс тұрғындары атынан Президент Әкімшілігіне 210 (207), Үкімет Аппаратына 106 (48) өтініш  түсіп,  оларға  белгіленген   мерзімінде  тиісті  жауаптары берілген.

2..Өтініш иелерінің жыныстық құрамы бойынша.

Модуль дерегіне сәйкес, өтінішпен жиі ер адамдар жүгініп отыр, атап айтқанда, 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында 49,2% ер азаматтар (10 362), 50,8% әйел азаматшалар (10 700), сондай-ақ, 2022 жылдың                                       1 - жартыжылдығында 46,2% ер азаматтар (9 328), 53,8% әйел азаматшалар       (10 862).

          3..Өтініш иелерінің жас құрамы

Облыс көлемінде өтінішпен жүгінетіндердің басым бөлігінің жастық құрамы  31-40 жас аралығын құрайды, 5 671 азамат (орташа есеппен 26,9%).
1- жартыжылдығында да осы жас құрамы жоғары белсенділікті көрсетіп отыр. Одан кейін 41-50 жас аралығы бойынша азаматтар өтінішпен жиі жүгінгендігін көрсетіп отыр (орташа есеппен 21,5%).

 

 Анықтама үшін:

2022 жылдың 1-жартыжылдығында           2023 жылдың 1- жартыжылдығында

18-30 жас  – 1 912 (9,5%),                               18-30 жас – 2 955 (14%)

31-40 жас  – 5 169 (25,6%)                              31-40 жас – 5 671 (26,9%)

41-50 жас  – 4 698 (23,3%)                              41-50 жас – 4 528 (21,5%)

51-60 жас  – 3 661 (18,1%)                              51-60 жас – 3 534 (16,8%)

61-70 жас  – 3 231 (16%)                                 61-70 жас – 3 016 (14,3%)

71-80 жас  – 1 193 (5,9%)                                71-80 жас – 1 039 (4,9%)

81-90 жас – 274 (1,6%)                                    81-90 жас – 243 (1,6%)

 

 

  1. Өтініш иелерінің әлеуметтік мәртебесі.

Облыс көлемінде өтінішпен жиі өздігінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыспен қамтылғандар және зейнеткерлер жүгінген. Атап айтқанда,              2023 жылдың 1 - жартыжылдығында өздігінше жұмыспен қамтылғандар                        31,7% (7 384 азамат) жүгінсе, ал 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында 26,6%       (5 839 азамат) өтінішпен жүгінген.

Ал, 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында жұмыспен қамтылғандар 27,6% (6 444 азамат), 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында 21,1% (4 637  азамат) құраған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында зейнеткерлер үлесі 16,9% (3 941 азамат) көрсетсе, 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында 18,1%          (3 977 азамат) болып отыр.

Демек, облыс көлемінде өздігінше жұмыспен қамтылғандардың уәждері басым болып тұр.

  1. Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы.

2023 жылдың 1 - жартыжылдығында облыс бойынша барлығы 2 195 (2022 жыл - 760) қабылдау өткізіліп, 5 647 (3 628) азамат қабылданды.

Анықтама: облыс әкімі 24 қабылдау жүргізіп, 151 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің орынбасарлары – 22 қабылдау жүргізіп, 151 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің аппарат басшысы - 3 қабылдау жүргізіп, 5 азаматты қабылдаған.

Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыс басқармаларының басшылары
2 146 қабылдау өткізіліп, 5 340 азамат қабылданды.

Қабылдауда болған 3 529 (3 072) азаматтың мәселелері қанағаттандырылса, 2 118-не (556) түсіндірме берілген.

  1. «Jambyl 109» Бірыңғай диспетчерлік қызметі туралы.

2023 жылдың 1-жартыжылдығында бірыңғай диспетчерлік қызметіне барлығы 29 091 өтініш түсті, оның ішінде 25 655 өтініш өңделіп, толық жауап ұсынылды. Мерзімінен кешіктіріліп орындалғаны 2 353 өтініш. 275 өтініш өңделу барысында, орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер 736 құрады. Мерзімі өткен өтініштер - 72.

Оның ішінде оқиға, 13 854 арыз, 373 ұсыныс, 78 алғыс 48 және 14 743 кеңес берілді.

  1. 2023 жылдың 1 - жартыжылдығында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша «е-Otinish» жүйесі арқылы жүргізілген талдау барысында 45 заң бұзушылық анықталды.

Атап айтатын болсақ Кодекстің 76-бабының 1-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Алайда Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында             32 арыздардың, хабарлардың, сұраулардың және ұсыныстардың он бес жұмыс күндік мерзімі бұзылып тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкерлердің тізімі қосымшаға сәйкес жолданады.

  1. Тәуекелдер картасы бойынша.

1999 жылдан бері банкрот болған бұрынғы «Қаратау» ашық акционерлік қоғамының кәсіби аурулары мен мүгедектері денсаулықтарына келтірілген зиян үшін өтемақыларын ала алмауда.

Мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен арнайы Үкіметтік жұмысшы тобы құрылып, азаматтардың көтерген сұрағы бірнеше рет қаралды. Онымен бірге аталған азаматтардың талаптары барлық сот сатыларында қаралды.

Бұл ретте, сот актілеріне сәйкес мекеменің банкроттықты басқарушысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандарын тарта отырып, әрбір кредиторға индекстеу есебін жүргізуге міндетті.

Министрліктің мамандарымен банкроттықты басқарушы жүргізген индекстеу есептері әрбір кредиторға 3443 теңгеден бастап 58171 теңгеге дейін құрады. Жалпы сомасы - 334,8 млн. теңгені құрады.

Ал, азаматтар бұл соммамен келіспеуде.

Азаматтардың өздері жасаған есептеулері бойынша төленетін сомма 1,6 млрд. теңге. Алайда, бұл есептеулердің қандайда бір негізі болмауда.

Министрлік мамандары мен банкроттық басқарушы тарапынан жүргізілген есептеулер сот актілеріне және қолданыстағы заң талабына сәйкес келеді.

Конкурстық басқарушымен 2023 жылдың 30 қаңтарында бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы талабы қаралып, министрлік өкілдерімен бірлесіп жасалған есептеулері Жамбыл облыстық кірістер департаментінің сайтында орналастырылды.

2023 жылғы 6 ақпанда азаматтардың өкілі Ж. Айымбетов «Қаратау» ААҚ конкурстық басқарушысының бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізіліміне 334,0 млн. теңге мөлшеріндегі соманы енгізу туралы талабымен келіспей, Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз жолдады.

А.ж. 10 мамырдағы сот шешімімен регрессшілердің талабы ішінара қанағаттандырылды.

Сот «Қаратау» ААҚ банкроттық басқарушысы 1999 жылғы
09 қаңтардан бастап 70 жасқа дейінгі мерзімдік төлемдерді капиталдандыруды жүзеге асыруға міндеттеді.

2023 жылғы 6 маусымда азаматтар Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы
10 мамырдағы шешіміне апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық шағым Жамбыл облыстық сотымен қаралуда. Соттың бірінші отырысы а.ж. 13 шілдесі өтті. Келесі отырыс
ү.ж. 27 шілдесіне жоспарланды.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына 2023 жылдың 1–жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар бойынша ақпарат
Дата публикации
18 июля 2023