2023 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша комиссия отырысы өтті

Жамбыл облысының аумақтық сайлау комиссияларының

2023 жылдың  I жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша комиссия отырысы өтті

 

          2023 жылдың 30 маусымында  Тараз қаласы, Абай даңғылы 125 мекенжайында Тараз қаласы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен  «Аумақтық сайлау комиссияларының 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытынды есебі» тақырыбында комиссия отырысы өтті.

         Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

  1. I жартыжылдықта ауыл әкімдері сайлауын өткізуге бөлінген қаржының игерілуі туралы;
  2. Сайлау инфрақұрылымы (жаңа сайлау учаскелерін құру, олардың комиссия құрамдарын қалыптастыру;
  3. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлаушылар тізімдерін салыстырып тексеру, айырмашылықтарды жою жұмыстары туралы.

          Жиын барысында, комиссия төрағалары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есеп берді. Есеп беру жиналыс соңында қалалық және аудандық сайлау комиссиялары төрағаларына нақты тапсырмалар берілді.

 

 Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

2023 жылдың  I жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша комиссия отырысы өтті
Дата публикации
11 июля 2023