Жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдардың

2023 жылдың ІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
179 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қоса алғанда 300) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 17 қызмет түрі (5,7 %);
  • электронды түрде – 283 қызмет (94,3 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 109 қызмет (36,3 %).

2023 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 3,5 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 434 666 қызмет (99,33 %);
  • қағаз түрінде –     188 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   22 738 қызмет (0,66 %). 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 608 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 24.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 589 303 халықты қамтыған 795 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2023 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның 51 қызметкерлері өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың ІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 36 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 22 жергілікті атқарушы органдар, 14 ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтыды.       Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.

Нәтижесінде 232 бұзушылықтар анықталды және 59 ұсыныс әзірленіп, 42 ұсыныс орындалды, 17 ұсыныс орындалуда.

Сонымен қатар бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
6 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 7 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылуының 1 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 77 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 5 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 16 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 29 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 97 фактісі анықталды.

Жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
10 июля 2023