«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық

жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3079 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының                                      2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі

 

Н. Нұржігітов

 

 

 

 


             «Келісілді»

Жамбыл облыстық мәслихаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы

 

 

 

 

                   Г. Жауынбекова

 

 

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
30 июня 2023