Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 6 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 6 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы
6 тамызға Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі, Жуалы ауданының Билікөл және Нұрлыкент ауылдық округі, Қордай ауданының Ауқатты  ауылдық округі, Мойынқұм ауданының Жамбыл, Мойынқұм, Хантау ауылдық округтері және Шу ауданының Бірлікүстем және Көкқайнар ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

2023 жылғы 6 тамызға тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Аудандық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/30173?lang=kk&parentId=21753

 

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 6 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
29 июня 2023