Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
хабарламасы
2023 жылғы 25 маусымда Жамбыл облысында Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі, Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі және Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 4490 азамат енгізілді, олардың - 3072 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Смагулов К.Е. – 2208, Секеров Е.Т. – 470, Матекбаев Б.А. - 379.
Түймекент ауылдық округінің әкімі болып Смагулов Канат Ерубаевич сайланды, 1990 жылы туылған, Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округінің әкімі, Байзақ ауданының, Түймекент ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымында сайланған Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1206 азамат енгізілді, оның 730 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кикбаев Б.Е. - 343; Масатов А.А. - 381.
Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Масатов Айдын Адилханович сайланды, 1989 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарасу ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/486790?lang=kk
Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 24016 азамат енгізілді, оның ішінде 14591 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аяпберген А.М.– 1102; Каспакбаев А.М. – 11701; Қабылтай Т.Ү. – 1759.
Қордай ауылдық округінің әкімі болып Каспакбаев Адлет Медельбекович, 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Қордай ауданының Қордай ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы