АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

                                                       АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  

2023 жылдың 13 шілде күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 29 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2023 жылдың 13 шілде күні сағат 10.00-де мына мекен жайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан №25 мекен-жайда орналасқан Жаңатас қаласы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында  өтеді.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы берілетін жер учаскелерінің тізімі

Лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы көлемі, га

Егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

Бөгде жерлер

суармалы

тәлімді

1

«Б.Серікбаев» босалқы жерінен

500,0

 

 

 

500,0

 

 

2

«Б.Серікбаев» босалқы жерінен

25,7148

 

 

 

25,7148

 

 

3

«Даулет» босалқы жерінен

223,0681

 

 

 

200,0681

23,0

 

4

«Даулет» босалқы жерінен

220,0

 

 

 

220,0

 

 

5

«Даулет» босалқы жерінен

225,0

 

 

 

225,0

 

 

6

«Жаңатас» босалқы жерінен

463,4739

 

 

 

463,4739

 

 

7

«Игілік» босалқы жерінен

100,0

 

 

 

100,0

 

 

8

«Игілік» босалқы жерінен

70,0

 

 

 

70,0

 

 

9

«Игілік» босалқы жерінен

493,149

 

 

 

493,149

 

 

10

«Игілік» босалқы жерінен

396,8065

 

 

 

396,8065

 

 

11

«Игілік» босалқы жерінен

858,2092

 

 

 

858,2092

 

 

12

«Игілік» босалқы жерінен

3350,3613

 

 

 

3350,3613

 

 

13

«Игілік» босалқы жерінен

38,0974

 

 

 

38,0974

 

 

14

«Қабанбай» босалқы жерінен

99,4422

 

 

 

99,4422

 

 

15

«Қамқалы» босалқы жерінен

1790,2856

 

 

 

1790,2856

 

 

16

«Қамқалы» босалқы жерінен

1395,354

 

 

   

1395,354

 

 

17

«Қамқалы» босалқы жерінен

5000,0

 

 

 

5000,0

 

 

18

«Қызылдихан» босалқы жерінен

218,4735

 

 

 

218,4735

 

 

19

«Қызылдихан» босалқы жерінен

39,6502

 

 

 

39,6502

 

 

20

«Түркістан» босалқы жерінен

48,0

48,0

 

48,0

 

 

 

21

«Түркістан» босалқы жерінен

27,0871

 

 

 

27,0871

 

 

22

«Шығанақ» босалқы жерінен

1500,0

 

 

 

1500,0

 

 

23

«Шығанақ» босалқы жерінен

2344,30

 

 

 

2314,30

30,0

 

 

Барлығы

19426,47

48,0

0

48,0

19325,47

53,0

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.

  1. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) Конкурсқа қатысуға арналған  өтінім;

2) Конкурстық ұсыныс;

2.Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда –күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда - он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі..

4.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағында көрсетілген  мәліметтер қамтылуы тиісті.

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп- өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және  игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

6.Өтінімде және конкурстық  ұсыныста  қатысушыға грамматикалық  және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер,өшіруле немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

7.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын , ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану( жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2023 жылғы 13 шілдеге дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

  1. Жер кодексінің 43-1 бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қонкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
  2. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады.Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

10.Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

11.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурсқа байланысты деректерді Жамбыл  облысы,Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №18 ғимаратында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.Байланыс телефоны: 8 (726-34) 6-17-37, 6-31-39

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
26 июня 2023