Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің әкімдігіне кандидат болып тіркелген кандидаттар:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Түймекент ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген кандидаттарды хабарлайды:

Матекбаев Бахыт Амантаевич, 1988 жылы туылған, Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман. Байзақ ауданы, Түймекент ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Секеров Есил Турарович, 1986 жылы туылған, Түймекент орта мектебі директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Байзақ ауданы Түймекент ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Смагулов Канат Ерубаевич, 1990 жылы туылған, Түймекент ауылдық округінің әкімі, Байзақ ауданы, Түймекент ауылының тұрғыны «AMANAT» партиясы ұсынған.

Байзақ аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/478174?directionId=29257&lang=kk

 

 

Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар:

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округіне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

 

Қарасу ауылдық округіне Кикбаев Бакытжан Ержанович, 1988 жылы туған, «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық филиалының консультанты,  Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;

 

Қарасу ауылдық округіне Масатов Айдын Адилханович, 1989 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

Қарасу ауылдық округіне Мураталиев Сабыр Кенетович, 1983 жылы туған, Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп директоры, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

Жамбыл  аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/478695?lang=kk

 

Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар:

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауылдық округі әкімдікке «AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

 

Қордай ауылдық округіне Каспакбаев Адлет Медельбекович, 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

 

Қордай ауылдық округіне Аяпберген Алишер Мухаметқалиұлы, 1995 жылы туған, Әлжан ана ауылындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің мұғалімі, Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Қордай ауылдық округіне Қабылтай Танат Үсеналыұлы, 1994 жылы туған, Қордай ауданы әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/126112?lang=kk

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
06 июня 2023