Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша
берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Хаттама |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
«Қарақат» каналын күрделі жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс енгізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 25 сәуір
|
«Қарақат» каналын күрделі жөндеуден өткізу бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жобалау-сметалық құжаттың оң қорытынды сараптамасын жасады. Жалпы құны – 1,9 млрд.теңге. 2023 жылы қаңтар айында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне алып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
|
|
2. |
«Қарақат» өзенінің басты бұлағына округ тұрғындары арасында сенбіліктер ұйымдастыруды қолға алу
|
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 22 сәуір |
2023 жылдың 27-29 сәуірі күндері ауыл тұрғындарын үш бағытта ұйымдастыру арқылы «Қарақатты» тау аңғары «Жалғыз тал», «Қорғантас» тау аңғарларындағы бұлақ көздері тазаланды. |
|
3. |
«Қарақыстақ» өзенінен тартылған каналды жөндеу бойынша ұсыныс беру
|
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 2 мамыр |
«Қарақыстақ» өзенінен келетін тау суы «Қарақыстақ» гидробекетіне жиналып, магистралдық канал арқылы келеді. Оның жалпы ұзындығы 6,4 км. Гидробекеттен бастап 3,8 км. темір труба арқылы (диаметрі 130 м) «Қарақыстақ» гидроэлектрстанциясына келеді. Одан төменгі 2,2 км. Гешка бетонды каналының жағдайы қанағаттанарлық. |
|
4. |
Еңбекші ауылына спорт кешенін, мәдениет үйін салу жолдарын қарастырып, ұсыныс беру |
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 25 сәуір |
2021 жылы Абай ауылына 140 орынды мәдениет үйінің ғимаратын салу үшін Спорт кешенін соғу мақсатында ауыл әкімінің тарапынан жер телімі анықталып, бөлінетін болады. Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023-2027 жылдарға бекітілген бас жоспарына сәйкес, Абай ауылына дене шынықтыру спорт кешенін соғу жоспарланбаған. |
|
5. |
Луговой станциясына абаттандыру жұмыстарын жүргізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 30 сәуір |
Түрксіб вокзалы маңын абаттандыру үшін құны 154,0 млн.теңгеге ЖСҚ-сы дайындалды. 2023 жылға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді. |
|
6. |
Луговой ауылына келетін «Қарасу» өзенінің арнасын тазалау жұмыстарын жүргізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 5 мамыр |
«Қарасу» өзенінің арнасын тазалау үшін құны 6,0 млн.теңгеге ЖСҚ-сы дайындалды. 2023 жылға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді. |
|
7. |
Луговой ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналарын және ескірген электр желілерін ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу
|
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 2 маусым |
Т.Рысқұлов ауданының Луговой ауылына электр қуатын жеткізіп беретін екі мекеме қызмет көрсетеді олар: 1) «Жамбыл Жарық Сауда 2030» ЖШС-гі 1306 аулаға электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр, тарифі 1 кВа – 15,05 теңге. 2) «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның «ЭнергоПромТехно» ЖШС-гі 1080 аулаға электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр, тарифі 1 кВа – 26,76 теңге («Жамбыл Жарық Сауда 2030» ЖШС-нен 11,70 теңгеге қымбат). «ҚазақстанТемірЖолы АҚ-ның «ЭнергоПромТехно» ЖШС-гі электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған 10/0,4кВ трансформаторлар және 31 шақырымды құрайтын электр желілері бар. Жоғарғы кернеулі қондырғылармен электр желісі 1963 жылдан бері қолданыста болғандықтан тозығы 90 пайызға дейін жетіп тұр. Электр сымдары мен бағаналары апатты жағдайда адам өміріне қауіпті. «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ-ның «ЭнергоПромТехно» ЖШС-нің теңгерімдегі электр желісінің бағасын төмендетуге және тозығы жеткен қондырғылар мен желілерді жаңартуға хат жолданды. |
|
8. |
Луговой ауылдық округіне медициналық жедел жәрдем көлігінің қажеттілігін назарға алып, жұмыс жүргізу
|
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 27 мамыр |
Луговой ауылдық округі бойынша 10 мыңнан аса халық тұрады және медициналық көмек Луговой ауылдық емханасы мен Әскери қалашық ФАП мамандарымен қамтамасыз етіледі. Луговой ауылдық емханасына тіркелген тұрғындар 6 жалпы тәжірибелік аймаққа бөлінген (ол аймақтарда 6 дәрігер, 18 мейірбике жұмыс істейді). Жедел - жәрдем көмегі облыстық жедел - жәрдем көмегі арқылы 103 телефоны арқылы жүзеге асырылады. Шұғыл медициналық көмек (4-ші категориядағы шақыртулар) аудандық аурухана жанындағы 2 бекет фельдшерлік бригадамен көрсетіледі. Луговой ауылдық емханасын жедел көмек автокөлігімен қамтамасыз ету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс берілді. |
|
9. |
Елді мекендердегі алғашқы медициналық пункттердің жұмыс сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Медициналық көмек сапасы күнделікті тұрақты бақылауда, осы бағытта ауруханада «пациенттерді қолдау қызметі» жұмыс істейді, барлық бөлімдерде арыз – шағым жәшіктері орнатылып, түскен өтініштер тұрақты түрде зерделенеді. Сонымен қатар, бөлімдерде анонимді түрде пациенттердің медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейін анықтау сауалнамасы жүргізіледі. Медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау Ұлттық жобасының индикаторы қатарында |
|
10. |
Мәдениет үйлерінде, спорт мектептерінде балаларды қосымша үйірмелермен қамтып, қажеттілікке қарай қосымша штат бөлу мүмкіндіктерін қарастыру |
10.04.2023 ж. №817-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан әкімінің 2022 жылдың Қазіргі таңда, Ақыртөбе, Көгершін және Р.Сабденов ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы 2023 жылдың шілдесіне аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған ауылдарда балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарын ашып, мекемеде 4-5 спорттық үйірмелер ашу көзделіп отыр. Мекемеге жалпы 250-300 жасөспірім спортқа тартылады. |
|
11. |
Аудандағы елді мекендердің ауыз сумен қамтамасыз етілуі бағытында проблемалық мәселелерді зерделеп, ұсыныс енгізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
2023 жылғы 28 сәуір |
Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында проблемалық мәселелер төмендегідей: 1. Ақыртөбе және Р.Сабденов ауылдарына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 2013 және 2018 жылдары қаржы бөлінген. Алайда, бүгінгі күнге дейін жоба әзірленбеген. Жобаға тапсырыс берген Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі. Алайда, жобалаушы тараптан жұмыс жүргізілмей, сотқа берілді. Аталған жобаны демеушілер есебінен әзірлеуге жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін тиісті жоба әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, бюджеттік өтінім өткізу жоспарлануда. 2. Жарлысу ауылының ауыз су құрылысы 2020 жылы желтоқсан айында іске қосылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін ауыз су берілмеген. Негізгі себеп ауыз судың сапасы және судың тапшылығы. 25.01.2023 жылы Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасымен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің қызметінде 2020 жылғы Жарлысу ауылындағы су құбыры желісі мен су тарту құрылысын салу жұмыстарын жүргізу барысындағы заңдылықтың жай-күйі мен бюджеттік қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесіне сәйкес, кемшіліктер анықталмады. Бүгінгі таңда қосымша су ұңғымасын қазу бойынша мердігер мекеме тарапынан ЖСҚ әзірленуде. |
|
12. |
Аудан бойынша әлеуметтік нысандарды табиғи көгілдір отынға қосу бойынша жұмыстар жүргізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан бойынша қатты отынмен (көмір) жылу алатын әлеуметтік нысандардың қазандықтарын табиғи газға ауыстыру бойынша атқарылатын жұмыстардың кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023-2025 жылдарға жалпы |
|
13. |
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасының, өзге де (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға насихаттау бойынша жұмыстарды жандандыру
|
10.04.2023 ж. №817-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ауданда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске асырылу барысында, жобадағы 5 бағыты бойынша белгіленген қаражат көздерін алу жолдары, қаржыны тиімді қолдана отырып, үй іргесіндегі жерлерден жылда табыс табу, алған қаржыға малдар алып, асылдандыру, мал басын сақтай отырып, семіртіп сату, сол тірлігі арқылы малдардан табыс таба білуді, ауыл сыртындағы жерлерін игеруде басым бағыттағы сұранысқа ие дақылдарды егу арқылы, табыс табу жолдары туралы, көршілерімен біріге отырып, кооператив құрып, қажетті құрал-жабдық, қондырғы және техникалар сатып алу жолдары, ауыл тұрғындарының білімі мен икемдік қаблеттеріне қарай жеке кәсібін ашу жолдары ауыл тұрғындарына тұрақты түрде түсіндірілуде. Түсіндіру жұмыстары күнделікті жұмыс барысында, ақпараттық құралдар арқылы және ауылдарда жоспарлы түрде өтетін семинар-кеңестерде нақты мысалдармен тұрғындармен жүргізілуде. Сонымен қатар, басқа да Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер мен тиімді жобаларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарды алу жолдары туралы айтылып, түсіндірілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижелі болуда. |
|
14. |
Білім саласында адами капитал сапасын қалыптастыру, яғни білім беру сапасына жағдай жасау, материалдық жабдықталуын арттыру бағытында жұмыс жүргізу |
10.04.2023 ж. №817-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 38 мектеп,14 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымдары бар. Білім саласында адами капитал сапасын қалыптастыру, білім беру сапасына жағдай жасау, материалдық жабдықталуын арттыру бағытында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, 2022 жылы 28 орта және 2 негізгі мектептердің 23-і (76,7%) жаңа пәндік кабинеттермен жабдықталған болса, 2023 жылы бір мектеп пәндік кабинетпен жабдықталып 80% көрсеткішке жетеді. 2023 жылы білім бөліміне қарасты мектептерге 9 кабинет алуға 77,6 млн.теңге қаржы бөлінді. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу баскармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда, мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері және қосымша білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған, яғни білім бөліміне қарасты мекемелер толық видеорегистратор арқылы қосылған. Анықтама үшін: мектептерде «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында 2023 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан аналогтық бейнекамераларды цифрлық бейне камераларға ауыстыру бойынша 23 мектепке 32,3 млн. теңгеге қаражат бөлініп отыр. |