Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 25 маусымға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы 25 маусымға Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі, Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі және Қордай ауданының Қордай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Аудандық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/29278?lang=kk&parentId=21753
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы