Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 176 қызмет түрін, кіші түрімен қоса алғанда 297 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 22,4%-ын құрайды (1324).

         Оның ішінде:

            - 109 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

            - 17 қызмет қағаз түрінде;

            - 280 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.

         2022 жылдың 12 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 11,3 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

            -           электронды түрде – 11 191 197 қызмет (98,57 %).

            -           қағаз түрінде – 674 қызмет (0,01%);

            -           қағаз түрінде (баламалы) – 161 361 қызмет (1,42%)

         2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 3,1 млн.-ға көбейді (2021 жылы 8,2 млн. қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге денсаулық сақтау, ветеринария және білім беру саласының қызметтері кіреді («Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 8,6 млн., «Жедел медициналық көмек шақырту» – 510 мың қызмет, «Дәрігерді үйге шақыру» – 393 мың, «Ветеринариялық паспорт беру» – 106 мың, «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» – 26 мың, «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 25 мың, «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» – 24 мың).

         2022 жылдың қорытындысы бойынша 60 мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген. Атап айтқанда: мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсетілгені 56 және мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4.  Жіберілген бұзушылықтар үшін 22 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 21 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.

         Есепті кезеңде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 131 ішкі бақылау  іс-шараларын өткізді (91 ЖАО, 29 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 11 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын)  қамтылды).

         Іс-шаралар қорытындысы бойынша 721 бұзушылық анықталды:

         -           мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 6 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 162 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 131 фактісі;

            -           мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 61 фактісі;

            -           мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 5 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 356 фактісі.

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 206 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 14 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (11 – «ескерту», 1 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс»).  

         2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         2022 жылы «Жаңа шабыт» Республикалық қоғамдық бірлестігі Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 67,3 % құрады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында облыс әкімі аппартының басшысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары, Қоғамдық мониторинг нәтижелерімен анықталған кемшіліктерді жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процессін (тәртібін) бұзу, қызмет нәтижесін заңсыз беру (ақпараттардың, құжаттардың дұрыс болмаған жағдайында, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі), құжаттар топтамасы толық болмағанда қызмет нәтижесін ұсыну фактілеріне талдау негізінде мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағида талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұрғындар арасында түсіндіру, БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілді.

         Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 148 қызметкер өтті (2019 жылы – 171, 2020 жылы – 30, 2021 жылы - 119).

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 4 133 636 халықты қамтылған 3 250 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
02 мая 2023