Облыс әкімінің Сарысу ауданындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша
берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар бекітілісінің орындалуы туралы
АҚПАРАТ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іс-шара жоспары |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1. |
«Qazsoda» ЖШС-нің кальцилендірілген сода өндіру зауытына инженерлік инфрақұрылым тарту (газ, су) жөнінде жобалар әзірлеп, ұсыныс енгізу |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
«Qazsoda» ЖШС-нің кальцилендірілген сода өндіру зауытына инженерлік инфрақұрылым тарту жөнінде жобалар әзірленіп, ұсыныс енгізілді. Қазіргі таңда, электр тоғын тарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген (476 млн.теңге); Сарысу ауданында Ақкөл көлінен бастап, қуаты жылына Қазіргі таңда су тарататын ұзындығы 43 шақырымды құрайтын траншея қазылды және 34 шақырым су алуға арналган құбыр жеткізіліп, 13 шақырым монтаждау жұмыстары атқарылды. Темір жол құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленіп, қоғамдық тыңдау өткізілді. Аталмыш серіктестік тарапынан қоғамдық тыңдау хаттама негізінде мемлекеттік сараптамаға ұсынылу сатысында. Газ тарту мәселесінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ жобаны іске қосу кезінде жылына 400 миллион м3 дейін табиғи газ беруге дайын екенін растады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ нысанды BGR-TBA газ құбырына қосу үшін техникалық шарттар жобасын дайындады, қазіргі уақытта техникалық шарттар жобасы келісу үстінде.
|
|
2. |
Қалалық қазандықтың қысқы маусымға дайындығын толықтай қамтамасыз ету. Мазутқа қажетті қаражат бойынша бюджеттік өтінім енгізу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
Жылыту маусымында қазандыққа келген 13 267,950 тн мазут (220 вагон). Тұтынылған мазут - 11 724 тн. Қазандықта қалған қалдық мазут көлемі - 1040 тн. Мәлімет ретінде: Оның ішінде 531,15 тонна мазут қарыз қайтарылды. (Казфосфат» ЖШС-не қарыз 49,200 тн, «Игілік» кәсіпорынына 717 тн мазуттын бүгінгі күнге мазут отының жеткізуші мердігер («PETROSUN» ЖШС) есебінен 481,950 тоннасы қайтарылды) Алдағы жылыту маусымына облыстық бюджет есебінен 1,015 млрд тг. қаражат қалдығы бар. Әлеуметтік мазуттың бағасымен тасымалдау қызметін қоса есептегенде 140,0 мың теңге болады деп болжануда. Бұл аталған қаржыға 7 250 тонна мазут келеді, қажетті мазут көлемі 13 000 тн. (жобамен) қаржысы 1,8 млрд. теңге.
|
|
3. |
Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша әзірленген жобалардың қаржысын қайта қарап, бюджеттік өтінім ұсыну |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
Жаңатас қаласында 2 жаңа тұрғын үйдің құрылысын салу үшін 1,9 млрд. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. 2 шағын аудандағы №32 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін (жоба құны: 538,2 млн.тг) және
|
|
4. |
«Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің химиялық кешеніне дейін жүргізілетін темір жол құрылысына жер учаскесін бөлу |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Қазіргі кезде темір жол жүргізу учаскесінде «Казфосфат» ЖШС-нің жекеменшік жер телімі болуына байланысты «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-гі мен «Казфосфат» ЖШС-гі арасында екі жақты келісім жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «ЕвроХим» ЖШС темір жол салудың жобасын әзірлеп отыр. Техникалық шарт жасау «Казфосфат» ЖШС тарапынан жүргізілмеуде. Себебі, теміржол өтетін жерлер «Казфосфат» ЖШС-нің иелігінде. Екі жақты келісімге келу туралы аудан әкімдігі тарапынан ескертілді. Бүгінгі күні «ЕвроХим» ЖШС тарапынан жалға алу туралы шарт үлгісі жасалып, «Казфосфат» ЖШС-не жіберілген. Әзірге «Казфосфат» ЖШС жағынан жауап күтілуде. Келісімге келу мүмкіндігі қарастырылуда. Екі компания толық шешім қабылдаған кезде бұл мәселе шешіледі.
|
|
5. |
«Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің Аралтөбе учаскесінде буландыру тоғанының құрылысын жүргізуге арналған 37 гектар жер учаскесін бөлу |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Минералды тыңайтқыш өндіру зауытының буландыру алаңшасын салу үшін таңдалған 37,1706 га жер учаскесі Іс Жамбыл облысы бойынша ауданаралық экономикалық сотында қаралып, талап арыз қанағаттандырылды. Аудан әкімінің 21 желтоқсан 2022 жылғы №267 қаулысымен «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-не 37,1706 га жер учаскесі Аралтөбе учаскесіндегі буландыру тоғаны құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін табысталды.
|
|
6. |
«Асыл тұз» ЖШС-нің тұз өндіру зауытына дейін темір жол тұйығын тарту жөнінде әзірленген жобаның республикалық комиссияда қаралуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Аталған жоба 2021 жылы өңірлік үйлестіру комиссиясының Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі жолданды. Алайда, 2022 жылғы бюджеттік нақтылау кезеңінде аталған жоба қолдау таппады. Ендігі кезекте «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылдың бюджеттік нақтылауына ұсынылады. Жалпы, жоба құны - 241,0 млн. теңге.
|
|
7. |
«Асыл тұз» ЖШС-не шикізатты ұсынатын тұз кен орындарымен меморандум әзірлеп, сату бағасын тұрақтандыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Сарысу ауданында 4 тұз кен орны бар. Олар: Майдакенкөл, Шұнқыр, Ақ-пункт және Итім кен орындары. Аталған кен орындарына облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тұз карьерлерін пайдалану және өндіру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан «Асыл тұз» ЖШС-гі басшылығына аудандағы «Қызылтыма» және «Бұралқының» тұз кен орындарын ұзақ мерзімді жалға беруге ұсынылған. Алайда, компания басшылығы ұсынылған тұз кен орындарындағы өндіріліп отырған өнім сапасына сәйкес келмейтіндігін жеткізіп, бастартқан. Бүгінгі таңда, «Асыл Тұз» ЖШС кәсіпорны толықтай шикізатпен қамтылған. Сарысу ауданындағы 4 тұз кен орнының иелері мен кәсіпорын арасында өзара меморандум жасалған. Анықтама: Кәсіпорынға 4 жеке кәсіпкер тұрақты түрде шикізаттарын ұсынып отыр. Атап айтқанда, Жеке кәсіпкер «Жусамбаев М» директоры М.Жусанбаев, құрылған жылы – 2007 жыл, жер көлемі - 442 га, қуаттылығы жылына – 14 000 тн, келісім-шарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны - 10. Жеке кәсіпкер «Ғ.Тусипбеков» директоры Ғ.Түсіпбеков, құрылған жылы – 2008 жыл, жер көлемі – 95 га, қуаттылығы жылына - 2 000 тн, келісім-шарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны – 5. «Мұхамедия» ЖШС-нің директоры С.Абдумаликов, құрылған жылы – 2014 жыл, жер көлемі – 70 га, қуаттылығы жылына – 1 000 тн, келісімшарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны - 3. Осы аталған мәселерді ескере келе йодталған ас тұзын Сарысу ауданының азық түлік дүкендеріне 55 тг өткеріледі. Ал тұз кен иелері «Асыл Тұз» ЖШС-не 1 кг ас тұзын 1,5-2 теңге бағасымен өткізеді. Қазіргі уақытта баға тұрақты, нарықтағы бағаның қымбаттауына ешқандай себептерін тигізбейді.
|
|
8. |
Сарыөзек каналының құрылысында орын алған кемшіліктерді ретке келтіру |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
Канал құрылысын жүргізген мердігер «Байтұр-2050» ЖШС. Жаңаталап ауылдық округінің әкімі мен «Байтұр-2050» ЖШС арасындағы өзара келісімге сәйкес (18.05.2022 ж., №12 хат), суару маусымы аяқталғаннан кейін каналды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, су жүйесінің төмен отырған (осадка) ағын су асатын жерлерінің қабырғалары қосымша бетондалып, көтерілді. Сонымен қатар, 2022 жылы Сарыөзек каналының қалған бөлігіне жөндеу жұмыстарын өткізуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Сарыөзек каналының
|
|
9. |
Ұйым ауылының шығыс бөлігінде орналасқан жерге шағын су қоймасын салу жөнінде ұсыныс енгізу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» КММ-не су тоғанын (платина) салу үшін су жинау мүмкіндігі, жапсарланған егістік алқабы, ауылдар мен елді мекендерді су алып кету тәуекелдерін, нормативтері бойынша сараптама қорытындысы күтілуде. |
|
10. |
Жаңатас қаласындағы «қызыл сызық» салынған құрылыстарды зерделеу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
«Қызыл сызық» нормасының сақталу барысы бақылауға алынған. 2022 жылы облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының тарапынан зерделеу жүргізіліп, Жаңатас қаласы бойынша 2 (екі) нысанда «қызыл сызық» нормасының сақталмауы анықталып, қазіргі таңда кемшіліктер толық қалпына келтірілді. 1) Жаңатас қаласы, Амангелді көшесі №3 мекенжайда орналасқан дүкен, қызыл сызықтан ауытқу мөлшері - 1,5 м; 2) Жаңатас қаласы, Амангелді көшесі №3 «а» мекенжайда орналасқан дүкен, қызыл сызықтан ауытқу мөлшері - 0,5 м;
|
|
11. |
«Казфосфат» ЖШС-не тиесілі «Тоғызбай» карьеріндегі суды Жаңатас қаласына жеткізу бойынша ұсыныс енгізу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.08.2022 ж. |
Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаевқа Жаңатас қаласындағы карьердің суына қорытынды беру туралы хат (20.08.2021 жылғы №598 шығыс хаты) жолданған. Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Жаңатас қаласындағы карьер суы санитарлық қағидаларға сәйкес жүргізілген зерттеулер қорытындысы суға шомылуға, көгалды және талдарды суаруға кері әсері жоқ екендігі туралы жауап берді (02.09.2021 жылғы №24-29-24-1-01/1975 шығыс хаты). «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» ТКӨК директоры С.У.Тұрсынбековтың атына «Жаңатас қаласына су әкелу және жасыл желектерді суару үшін карьерден «Тоғызбай» өзеніне дейін суды вакуум тәсілімен шығарып беруге көмек көрсету туралы» хаты (17.05.2022 жылғы №322 шығыс хаты) жолданған. «Казфосфат» ЖШС-нің басшылығы монополияға қарсы комитеттен және облыстық экология департаментінен рұқсат алуға қатысты барлық қаржылық шығындарды төлеп берген жағдайда аталған мекеме су алып жатқан құбырға қосылып, су алуға рұқсат беретіндігі жөнінде жауап берген (19.05.2022 жылы №01/04-863 шығыс хаты). Алайда, жұмсалатын қаржылық шығындардың жобасын есептеп беру жөнінде жолдаған хатқа аталған кәсіпорын алып отқан су теңгеріміндегі фабрикалардың ғана сұранысын қанағаттандыруына байланысты Жаңатас қаласындағы жасыл желектерді суаруға су беруден бас тартатыны жөнінде жауап берді (21.06.2022 жылғы №01/04-1221 шығыс хаты). «Казфосфат» ЖШС-не «Тоғызбай» карьерінен су тарту мәселесінде хат жолданды (17.08.2022 жылы №01-1532 хаты). |
|
12. |
Сарысу аудандық орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізу және абаттандыру мәселесін қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсыну
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Сарысу аудандық 250 келушіге арналған емханасы және 200 төсектік тәуліктік стационарының құрылысы Сарысу аудандық Жаңатас қаласы, Әулие-Ата көшесі бойынан жаңа талапқа сай ғимарат соғу үшін және оған қызмет көрсету үшін 5,0 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді. Бүгінгі күнге жобалық құжаттама жасау туралы құрылыс басқармасына өтінім берілді.
|
|
13. |
Орталық аурухана аумағында орналасқан көп қабатты ғимаратты және Саудакент ауылдық ауруханасының бос тұрған бөлігін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс енгізу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Саудакент ауылдық ауруханасы аумағында орналасқан көп қабатты ғимараттының құжаттарын реттеу және заңдастыру жұмыстары жүргізілуде, аталған жұмыстар аяқталғанан кейін тиісті ұсыныстар бойынша тиімді пайдалану жұмыстары жалғасын табады.
|
|
14. |
Аудандық орталық аурухананың материалдық - техникалық базасын жаңарту
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасының жабдықталуы - 92%, тозу - 43,0%-ды құрайды. Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарын жарақтандырудың ең төменгі стандартына сәйкес, медициналық техниканы сатып алу бойынша 2023 жылға 5 медициналық жабдықты сатып алу жоспарланған (КТ, Лор-комбайн, цифровой рентген аппарат, Транскутанный билирубинометр и видеогастроскоп). Медициналық техникамен жарақтандыру мәселесі басқарманың бақылауында.
|
|
15. |
Медицина саласында кадр жетіспеушілігін реттеу жөнінде ұсыныс енгізу
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Аудандық орталық ауруханада 87 дәрігерлік штаттық бірлік бар. Оның ішінде, 6 ваканттық штат бар. Аурухананың штаттық бірлігін толықтыру мақсатында облыс орталығынан жұмысқа арнайы шақыртылған мамандар ауданның шалғайлығына байланысты келуден бастартуда. Осыған орай, дәрігерлердің жетіспеушілігін реттеу мақсатында екі дәрігерді аудандық орталық аурухана атынан резидентураға, «травмотолог», «офтальмолог» мамандықтарына Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсірілді. Екі жылдан соң келісімшартқа сәйкес, ауданға келіп қызмет көрсетеді.
|
|
16. |
Саудакент ауылындағы жеке меншік иелігіндегі стадионды заңда белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке алу жолдарын қарастыру |
18.07.2022 ж. №1124-А |
31.12.2022 ж. |
Саудакент ауылында орналасқан «Жастар» стадионының жалпы аумағы 3,0045 га құрайды. 2021-2022 жылдары стадионды коммуналдық меншікке алу бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілді. Нәтиже берген жоқ. Қазіргі таңда сотқа жүгіну тәртібі қарастырылуда.
|
|
17. |
Саудакент ауылындағы Ы.Дүкенұлының мемориалдық кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Мемориалдық кешен Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып (Жеке кәсіпкер «Тумко»), қаржы қарастыру бойынша бюджеттік өтінім берілді (жоба құны 18 млн. теңге құрайды). 2023 жылдың І тоқсанында тиісті қаржыны қарастырып, мемориалдық кешенге ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарда бар.
|
|
18. |
Аудандағы білім беру нысандары бойынша әзірленген 3 жобаны (Жаңаталап орта мектебіне спорт залы құрылысы жапсарлас асхана және мәжіліс залы және Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу) жүзеге асыруға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Жалпы, жобаларға қаржы бөлу бойынша сұраныс берілген. Жаңаталап орта мектебіне спорт зал құрылысы Жоба құны: 117 482,3 мың теңге Мемлекеттік сараптама: 29.01.2021 ж №QS- 0009/21. Құрылыс-монтаж жұмыстары: 94610,9 мың теңге; Құрылыстың ұзақтығы: 7 ай; Жалпы ауданы: 325,9 м²; Құрылыс көлемі: 2695,8 м³; Жобалаушы мекеме: «Арх-идея-Астана» ЖШС; Жаңаталап орта мектебіне «акт зал» және «асхана» құрылысы Жоба құны: 88 593,9 мың теңге; Мемлекеттік сараптама: 22.02.2021 ж №ЕО-003/21; Құрылыс-монтаж жұмыстары: 86164,0 мың теңге; Құрылыстын ұзақтығы: 4 ай; Асхана қуаты: 72 орын; Акт залының қуаты: 84 орын Жобалаушы мекеме: «Алмаз Проект Строй» ЖШС; Маятас ауылына 50 оқушыға арналған мектеп құрылысы Жоба құны: 409 871,0 мың теңге; Мемлекеттік сараптама: 30.04.2021 Ж №ЭЦБРК-0027/21 Құрылыс-монтаж жұмыстары: 325 765,0 мың теңге; Құрылыстың ұзақтығы: 7 ай; Жалпы ауданы: 1339,7 м ²; Қабаттылығы: 2 қабат; Жобалаушы мекеме: «Құрылысконсалтинг» облыстық филиалы. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылдың бюджетінде Жаңаталап орта мектебіне спорт зал, акт зал және асхана құрылысын жүргізуге тиісті қаржы қаралды (жоба құны – 193,0 млн. тг). Ал, Маятас ауылына мектеп құрылысын жүргізу үшін жауапты басқармалар тарапынан қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.
|
|
19. |
Жаңатас қаласына «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салуға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Аудан тарапынан бюджеттік өтінім дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді. Қаржы бөлу мәселесінің шешілуі күтілуде. Жобалаушы мекеме - BS ARCHI GROUP; Сараптама мекемесі «Expert opinion» ЖШС. Сараптама қорытындысы: 15.1.2021ж. №EO-0030/21; Жалпы сметалық құны: 858 783 мың тг.
|
|
20. |
Тоғызкент ауылындағы спорт зал құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру |
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Аудан тарапынан бюджеттік өтінім дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді. Қаржы бөлу мәселесінің шешілуі күтілуде. Жобалаушы мекеме «Нұр Жол Проект» ЖШС-гі. Сараптама мекемесі - «Expert opinion» ЖШС-гі. Сараптама қорытындысы: 27.04.2021 ж. №EO-0009/21. Жалпы сметалық құны: 437,186 мың тг.
|
|
21. |
Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандары мен «Строитель» саяжайына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (ауыз су жобалары) жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын 2022 жылы қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңатас қаласының «Строитель» массивіне су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін (жоба құны - 418,9 млн.тг) мердігерін анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім беріліп, бүгінгі күнге мердігер анықталған (мердігер: «Универсал Строй Сервис» ЖШС). «Строитель» массивіне электр жүйесінің құрылысын жүргізу үшін (жоба құны – 47,8 млн. тг) мердігерін анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім беріліп, бүгінгі күнге мердігер анықталған (мердігер: «Синдекат Групп» ЖШС). Жобалаушы мекеме "КазЦентрПроект" ЖШС-гі. Сараптама қорытындысы: 21.12.2020 жыл №MBSG-0023/20. Жалпы сметалық құны: 61, 370 мың тг. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне газ желілері құрылысы: Жобалаушы мекеме "АРХСТРОЙ-2005" ЖШС-гі. Сараптама қорытындысы: 17.11.2021 ж. №KAZE-0051/21. Жалпы сметалық құны: 33,899 мың тг.
|
|
22. |
Шағалалы ауылының газ жүйесінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Шағалалы ауылын газбен жабдықтау үшін (98,2 млн.тг), ауыз-су құбыры желілерінің құрылысын салуға (253,5 млн.тг), кіре беріс жолын орта жөндеуге (9,2 шқ., 134,9 млн.тг) облыстық бюджеттен барлығы 486,6 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге Шағалалы ауылын газбен жабдықтау үшін мердігер мекемені анықтау мақсатында ҚР «Мемлекттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, конкурс жүргізілуде. Шағалалы ауылын ауыз-су құбыры желілерінің құрылысын салуға мердігер мекеме «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і болып анықталған, келісімшарт құны - 230 846,5 мың теңге. Жұмыстар а.ж. мамыр айында басталады. Шағалалы ауылын кіре беріс жолын орта жөндеуге конкурс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде жеңімпаз «Сарысу жолдары» ЖШС-і болып анықталған.
|
|
23. |
Үшбас ауылының ауыз су жүйесін жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Үшбас ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен барлығы 217,1 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес ашық конкурс нәтижесімен мердігер «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС-і болып анықталған, келісімшарт құны – 208 085,3 мың теңге. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталады.
|
|
24. |
Ақтоғай ауылының ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Ақтоғай ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына бюджеттен барлығы 328,6 млн.теңге (ҰҚ-295,8 млн.тг., ОБ-32,8 млн.тг.) қаржы қаралды. Бүгінгі күнге, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес ашық конкурс нәтижесімен мердігер «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і болып анықталған, келісімшарт құны – 315 005,7 мың теңге. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталады. |
|
25. |
Тоғызкент-Шығанақ бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолы бойында орналасқан Тоғызкент, Досбол-1 және Досбол-2 учаскелерінде су тасқынының алдын алу бөгетін салуға әзірленген жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру
|
18.07.2022 ж. №1124-А |
2022-2023 жылдар |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджеттік өтінім дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілген. Тоғызкент ауылының учаскесіне, үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары: Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі; Сараптама мекемесі: (ТОО) «Мемсараптама» РМК; Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0039/20. Жалпы сметалық құны: 98219 мың тг. Досбол ауылының 1 учаскесіне үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары: Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі; Сараптама мекемесі (ТОО) «Мемсараптама» РМК. Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0038/20 Жалпы сметалық құны: 88 790,2 мың тг. Досбол ауылының 2 учаскесіне үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары: Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі; Сараптама мекемесі (ТОО) «Мемсараптама» РМК. Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0037 Қазіргі уақытта, бөгетті салуға қаржы бөлу мәселесі қолдау таппады.
|
|
26. |
Ауданда жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен жалпы құны 7,6 млрд. теңге болатын 26 жобаны қаржыландыру үшін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсыну |
18.07.2022 ж. №1124-А |
01.09.2022 ж. |
Бекітілген бюджет жобасы бойынша - 26 жоба 7370,4 млн. теңгеге облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және тиісті салалық басқармаларға ұсыныстар берілген. - «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 16 жоба 285,9 мың теңге (1 мед.пунк және 15 ауыл ішілік жолдарды орта жөндеуден өткізу) (РБ/ОБ/АБ); - 2 елді мекенде кіре беріс жолдарды орта жөндеу 285,5 млн теңге (РБ/ОБ/АБ); - Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу 2 жоба 212,0 млн.теңге (Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі және электрмен жабдықтау) (ҰҚ/ОБ). - Сарысу ауданында қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу (бірінші кезек) – 2222,2 млн.теңге (ОБ); - Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін 35 кВ ӘЖ және 35/кв ҚС салу– 71,6 млн.теңге (ОБ/АБ); - Газдандыру бағыты бойынша 2 жобаға - 4005,2 млн. теңге (ҰҚ,ОБ); - 2 елді мекенде 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуға – 288,0 млн.теңге (ОБ); Жыл қорытындысымен жобалардың барлығы толық іске асырылды.
|