Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілісіндегі тапсырмалардың орындалуы жөніндегі  АҚПАРАТ

Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілісіндегі тапсырмалардың орындалуы жөніндегі

 АҚПАРАТ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Хаттама

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

1.

Жаңатас қаласы 2-шағын аудандағы бос тұрған №32, №33 көпқабатты тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.12.2022 ж.

Жаңатас қаласы 2 шағын аудандағы №32 тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін (жоба құны: 591,5 млн.тг) мердігерін анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім берілді. 

2 ш/а №33 үйді коммуналдық теңгерімге алу бағытында құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Нәтижесінде,
42 пәтер коммуналдық меншікке алынып, қалған 18 пәтердің иелері болуына байланысты талап арыз қараусыз қалдырылып, қайтарылды.

2022 жылдың соңында қалған 18 пәтер бойынша сотқа талап арыз қайта жолдануына байланысты, сот шешімімен «частный определение» шығарылып, ТҮКШ бөлімінің жауапты маманына (М.Бекежанов) және аудан әкімі аппаратының заңгеріне (Б.Абилдаева) тәртіптік жаза қолданылды.

 

2.

Жаңатас қаласындағы «Жастар кешені» нысанын салу бойынша әзірленген жобаға қаржы бөлу

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Аудан тарапынан бюджеттік өтінім дайындалып,  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді. Қаржы бөлу мәселесінің шешілуі күтілуде.

Жобалаушы мекеме - BS ARCHI GROUP;

Сараптама мекемесі «Expert opinion» ЖШС.

Сараптама қорытындысы: 15.1.2021ж. №EO-0030/21;

Жалпы сметалық құны: 858 783 мың тг.

3.

Жаңатас қаласы 1 шағын аудан №47 көп қабатты тұрғын үйдің алдын жарықтандыру

05.08.2022 ж.

№1317-А

05.08.2022 ж.

Жаңатас қаласы 1 ш/а. №47 үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің алдына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда мәселе жоқ.

 

4.

Қала маңында жатқан өндірістік қалдықтардың экологиялық зияндылықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

Қаладағы полигон сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз «Сәулет» ЖК  берілген (аудан әкімінің 26.02.2021 жылғы №22  қаулысы).

Полигон 2020 жылы қоршалған, экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сай, қоршаған ортаға эмиссиялық рұқсаты бар, құжаттары рәсімделген.

Полигонның жалпы аумағы - 5 га. Тұрмыстық қалдықтар көмуге арналған 5 шұңқыр бар. Әр шұңқырдың сыйымдылығы 20 мың тонна. Жалпы сыйымдылығы - 100 мың тонна.

Полигонға бір жыл ішінде шығарылатын қалдық көлемі 3 мың тонна. Күніне 4 (шамамен 20 тонна) жүк көлігімен қалдық тасымалдайды.

Жалпы жинақталған қалдықтардың көлемі шамамен
15000 тонна. Оның ішінде қайта өңдеуге жататыны жобамен 4000-4500 тонна (25-30%) (қағаз өнімдері - 10-15%, пластмассалық бұйымдар (баклажки, тары) – 20-25%, шиша бұйымдар (стекла) 20-25%, полиэтиленді қапшықтар (целлован) - 10% және қалғаны шірінді қалдықтар).

Анықтама: Полигонда орналасқан қалдықтарды қолмен сұрыптап (пластик, шыны, қанылтыр, құты ыдыстар, қағаз, темір) жеке кәсіпкерлерге өткізіліп отырады.

Қала ішінде 12 контейнер пластмассалық ыдыстар мен люминесцентті шамдарға арнайы контейнер қойылған. 

Жаңатас қаласы бойынша 31 қоқыс алаңшасы бар. Ол жерлерге халық санына қарай 198 дана тұрмыстық қалдықтарды тастайтын контейнерлер қойылған. Алдағы уақытта контейнерлер майысып, жарамай қалған жағдайда қосымша 41 дана контейнер бар.

Сонымен қатар, полигонды сенімгерлік басқаруға алған жеке кәсіпкер қоқыс алаңшаларына ПЭТ ыдыстарын жинауға арнайы жәшіктер қойылған (биіктігі 1,6м, ені 1,2м).

2022 жылы Жаңатас қаласы ішінде және қала маңында өндірістік қалдықтарды жою мақсатында аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Мердігер жеке кәсіпкер «Саулет» тарапынан барлық тазалық жұмыстары толығымен жүргізіліп аяқталған (қосымша фотосуреттер тіркеледі).

 

5.

«Казфосфат» ЖШС-нің қаладағы кәсіпорнындағы қызметкерлердің жалақыларын көтеру

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

«Казфосфат» ЖШС-не қарасты «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қызметкерлерінің айлығы 2022 жылы - 20%-ға көбейтілді (2021 жылдың 1 қаңтарынан жалақы 10%-ға, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 15% - ға өскен). Одан бөлек, жыл қорытындысымен барлық жұмысшыларға сыйақы төленді.

Кешен қызметкерлеріне асханадан тегін тамақтану құқығы берілген.

2023 жылдың 1 қаңтарынан «Казфосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК жұмысшыларының жалақыларына 50,0 мың теңгеден қосылды. Сонымен қатар, а.ж. 1 шілдесінен қосымша 30,0 мың теңгеге көтеру жоспарлануда.

 

6.

Жаңатас қаласы аумағында жолаушыларды тасымалдауға арналған мемлекеттік конкурстың өту заңдылығын зерделеу.

«Жаңатас көлік» ЖШС-нің қызметін қайта жандандыру жөнінде ұсыныс енгізу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

2022 жылда ауданішілік «Жаңатас - Жайлаукөл» және қалаішілік «Орталық базар - Шоқай Датқа көшесі» әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға аудандық бюджеттен 14,1 млн. теңге қаржы бөлінді (толығымен игерілді).

2022 жылдың 15 желтоқсанда «Жаңатас көлік» ЖШС
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ауданішілік «Жаңатас-Жайлаукөл» және қалаішілік «Орталық базар - Ш.Датқа көшесі» бағытындағы маршруттағы жолаушыларды тасымалдау қызметін тоқтататыны туралы №54 хатымен хабарлады.

Бұл ретте ҚР «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 26 жетоқсан күні ауданішілік «Жаңатас-Жайлаукөл» бағытында қатынайтын маршрутқа конкурс жариялаған болатын. Алайда, аталған конкурсқа қатыскан мердігер мекеме болмады.

2022 жылғы 14 желтоқсандағы Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы № 23-9 шешіміне сәйкес ауданда 8 маршрут әлеуметтік маңызы бар деп танылды.

​Оның ішінде:

ауданішілік «Жаңатас-Жайлаукөл» бағыты; қалаішілік «Орталық базар-Шоқай Датқа көшесі» бағыты; қалаішілік «5 А шағын аудан – Ертегі әлемі аялдамасы- Аулие ата көшесі» бағыты; ауданішілік «Жаңатас-Игилик, Саудакент» бағыты; ауданішілік «Жаңатас-Жайылма, Саудакент» бағыты; ауданішілік «Жаңатас-Тоғызкент-Әбілдә» бағыты; ауданішілік «Жаңатас-Ә.Бүркітбаев-Үшбас-Арыстанды» ағыты; ауданішілік «Жаңатас-Ұ.Сыздықбаев-Ақтоғай» бағыты.

​2023 жылдың 16 қаңтар күні жоғарыда айтылған
8 маршрутқа тасымалдаушыларды анықтау мақсатында конкурстық комиссия өтетті. Нәтижесінде 8 тасымалдаушы анықталған, барлығымен келісімшарттар жасалған.

8 маршрут тұрақты түрде кестеге сәйкес жүруде.

 

7.

Жаңатас-Кентау бағытында темір жол құрылысын салу тиімділігі жөнінде ұсыныс енгізу

 

 

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

Жаңатас қаласының тұрғындарының өтініштерін назарға ала отырып, «Жаңатас-Түркістан» бағытында жаңа темір жол құрылысын салу мәселесін қарастыруға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2022 жылдың
5 сәуірдегі №01-640 хаты жолданған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің №27-27/13871 жауабы: Жаңатас-Түркістан жаңа темір жол желісін салу мәселесін қарау ертерек деп санайды.

 

8.

Жаңатас қаласы ішінде жыл соңына дейін кемінде 10 балалар ойын алаңшасын салу. Бұл ретте, құрылыс жұмыстарын демеушілер есебінен жүргізу мәселесін пысықтау

05.08.2022 ж.

№1317-А

31.12.2022 ж.

2022 жылы Жаңатас қаласының аумағында 15 балалар ойын алаңшасы (66,0 млн. тг.) мен 13 тренажер алаңы (30,0 млн. тг.) бой көтеріп, өткен жылдың ішінде барлығы пайдалануға берілді.

Алдағы уақытта, осы бағытта бизнес субъектілер мен ірі меценаттармен жұмыс жалғаса бермек.

 

9.

Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясы» демалыс орны мен орталық саябақты абаттандыру және 2 шағын аудандағы футбол алаңшасын жөндеу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

Жаңатас қаласы 2 шағын аудандағы футбол алаңшасының жалпы аумағы 800 кв/м. құрайды. Қазіргі таңда (2023 жылы орын алған дауылды жел салдарын жою шаралары аясында) жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мамыр айында толық аяқталады.

«Ұрпақтар аллеясы» демалыс орны мен орталық саябақты абаттандыру бойынша (жарықтандыру, орындықтар орнату, суғару жүйесін ретке келтіру және т.б.) ЖСҚ дайындалып, өтінім берілген.

Тиісті жұмыстар Жаңатас қаласын кешенді дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жоспарына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін болады.

10.

Жаңатас қаласында салынған сүт өңдеу цехын толық қуаттылықта іске қосылуын қамтамасыз ету

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.08.2022 ж.

«Байтұр 2050» ЖШС-нің сүт цехі 2022 жылы толық іске қосылған.

Алғашқыда цех іске қосылғанда, өңделген сүт өнімдері бұзылып, сүтті майға және сұйық негізге ыдыратуы барысында қиындықтар туындады.

Сүт өңдеу барысында, өңделген сүт сапасы нашар болуына байланысты барлық цехтің жұмысын толық ұйымдастырып, «Байтұр 2050» ЖШС төрағасы Жуалы ауданында орналасқан ЖК«Нысанов»  сүт өңдеу цехіне біліктілігін арттыруға 2 технолог мамандары тәжірибе арттырып келді.

Бүгінде Түркістан және Жаңаарық ауылдық округтерінен және Жуалы ауданынан сүт жинап, жұмысын жүргізіп, өнімдерін аудандағы сауда нүктелеріне шығарып отыр.

 

11.

Сарысу ауданындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын қатаң бақылауға алу. Әлеуметтік дүкендерге «Тараз ӘКК» арқылы қажетті көлемдегі өнімдерді жеткізу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.08.2022 ж.

«Тараз-ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан наурыз айында 1 кг - 290 теңгеден 5 тонна аққант жеткізіліп, аудан халқына 330 теңгеден сатылды. Тағы 50 тонна аққант тауарын тікелей «Тараз қант зауытынан» жеткізу үшін сұраныс берілген.

Тараз қаласынан 1 кг 130 теңгеден ауданға 304 тонна ұн жеткізілді. Қазіргі таңда 5 наубайханадан нан дүкендерге
115 теңгеден өткізілуде. Дүкендерде 120 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік дүкендерде нан 100 теңге сатылуда. Ауылдық округтерге қосымша 95 тонна ұнға сұраныс берілді.

Арзандатылған бағада жұмыртқа, сұйық май, ұн, қарақұмық тауарларының қажеттілігі туындауына байланысты, «Тараз» ӘКК» тұрақтандыру қорына 500 кг қарақұмық, 500 күріш, 3 тонна өсімдік майына,  сұраныс берілді.

Тікелей жеткізу бойынша жасалған келісімшарттар:

Облыстың 4 отандық өнім өндіруші кәсіпорындармен азық-түлік тауарларын делдалсыз жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 6 дүкенге тұрақты түрде тауарлар жеткізілуде, бүгінгі күнге:

1) «Асыл-Тұз» ЖШС тұз зауытынан айына 2,4 тонна ас тұзы;

2) «Бурный сүт өнімдері» ЖШС зауытынан аптасына 1,1 тонна сүт, 120 кг сары май, 60 кг сүзбе;

3) «Бест мил» ЖШС-нен 70 тонна ұн (1 сорт ұн 1 қабы 10 900 теңге, жоғары сұрыпты ұн 1 қабы 12 400);

4) «AQMOL 2025» ЖШС-нен 57 литр сүт, 52 литр айран, 28 кг сүзбе, 65 кг сары май;

5) Байзақ ауданы «Молдебек» ШҚ-нан алқабынан 25 тонна картоп өнімдері жеткізіліп, аудан тұрғындарына 110 теңгеден сатылды.

Сонымен қатар, әр сенбі күні өтетін жәрмеңкеге Жуалы ауданының жеке кәсіпкерлері (ЖК «Мария», ЖК «Асқар, «Бурный сыр зауыты» ЖШС) 200 кг сүзбе, 200 кг сары май, 500 литр сүт өнімдерін, көрші Түркістан облысынан «Ордабасы»  құс фабрикасының 1,5 тонна өнімдері тұрақты сатылымға шығарылып келеді.

Жаңатас қаласындағы екі кәсіпкер (ЖК «Алмаз», «Батыр-бек» әлеуметтік дүкені) «Тараз Холод» ЖШС мен азық-түлік қорын сатып алуға 40 млн. теңгеге келісімшарт жасасты.

Бүгінгі күнге көтерме сауда орнынан ұн, қант, жұмыртқа, пісте май, тауық еті, күріш, макарон, сүт, айран, сүзбе, сыр тауарларын тұрақты түрде ауданға жеткізіп отыр.

Әр сенбі күні Жаңатас қаласы, Орталық алаңында жәрмеңкесі өткізу ұйымдастырылуда. Жәрмеікеде өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен болады.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің
10 түрі ауданда өндіріледі.

1 жыл ішінде аудан тұрғындарына 1100 тонна қырыққабат, 712 тонна пияз, 1000 тонна сәбіз және 4450 тонна көлемінде картоп қажет. Бұл бағытта көкөніс дақылдарын өсіруге ниетті азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұраныстары бойынша әр азаматқа бағбандыққа 1 гектарға дейін 96 азаматқа ауыл сыртынан жерлер 39,0 гектар жер беріліп, оның, картоп 7,5 гектарына егіліп 13,1 тонна өнім алынса, 31,5 гектарға бақша өнімдері егіліп 615,6 тонна өнім өндіріліп тұрғындардың өз қажеттілігінен артылғаны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде аудан тұрғындарына өткерілді.

2023 ж. профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында (ЕРСОП жүйесінде) 102 дүкен тіркеуге енгізілді. Сонымен қатар, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қала және ауылдық округтерде орналасқан 18 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларына 10% пайыздан артық үстемақы қосып сатпау туралы 65 азық-түлік дүкенімен екі жақты меморандум жасалынып, кәсіпкерлік басқармасына ұсынылды.

Мониторингтік топ құрылып, аптасына 1 рет Жаңатас қаласы және ауылдық округтедегі азық-түлік дүкендерін аралап, бағаларға зерделеу жүргізуде.

 

12.

Жаңатас қаласында орналасқан су бұрқақтарды іске қосу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

2022 жылы қала ішіндегі су бұрқақтарының қысымын арттырып, іске қосу бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Еңбек Ерлері» мен «Ынтымақ» аллеяларында орналасқан су бұрқақтары қайта іске қосылды. Жас балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су бұрқақтары мамыр айынан бастап, кешкі мезгілде қосылып тұрады.

 

13.

Саудакент ауылындағы футбол стадионын мақсатты пайдаланбауына байланысты мемлекеттік меншікке қайтару

05.08.2022 ж.

№1317-А

31.12.2022 ж.

Саудакент ауылында орналасқан «Жастар» стадионының жалпы аумағы 3,0045 га құрайды. 2021-2022 жылдары стадионды коммуналдық меншікке алу бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілді. Нәтиже берген жоқ.

Қазіргі таңда сотқа жүгіну тәртібі қарастырылуда. 

 

14.

Жаңатас қаласындағы иесіз жүрген иттерді аулау. Бұл ретте, иесіз жүрген үй жануарларын күтіп ұстауға арналған питомник ашу жұмыстарын қолға алу

05.08.2022 ж.

№1317-А

31.12.2022 ж.

2022 жылы Жаңатас қаласынан ит пен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайы питомник ашылып, жұмыс  жасауда.

Жыл қорытындысымен аудан аумағында иесіз жүрген 521 ит ауланып, ветеринариялық шаралар атқарылды. 2023 жылы қаңғыбас ит-мысықтарды аулау аудандық ветеринариялық станциясы арқылы жүргізіліп,  барлығы 108 бас қаңғыбас ит ауланды. Питомникте 25 бас ит оқшауланып тұр. Жұмыстар жалғасуда.

 

15.

Өзіне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындамағын үшін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары С.Мамытов пен Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықовтың тәртіптік жауапкершілігін қарау

05.08.2022 ж.

№1317-А

05.08.2022 ж.

2022 жылғы 1 тамыздағы Сарысу ауданы әкімінің №286-ө өкімімен Жаңатас қаласының әкімі Д.Қ. Борсықовқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

16.

Жедел жәрдем қызметінің басқару нүктесін аудандарға қайта беру мәселесі жөнінде ұсыныс енгізу

 

 

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.08.2022 ж.

ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары» бұйрығының негізінде және (қазіргі уақытта  ҚР ДСМ-ң  30.11.2020 ж. № ҚР ДСМ-225/2020 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы») бұйрығына сәйкес және Жамбыл облысы әкімінің 30.05.2018 жылғы №100 қаулысына сәйкес  облыстық, қалалық жедел жәрдем станциялары, аудандық ЖМК бөлімшелері және санитарлық авиация бөлімшелері қайта құрылымдалып 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының балансына берілген.

Жамбыл облысының аумағында 1 станция, 3 қосалқы станция және 11 жедел медициналық жәрдем бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Оның ішінде: 1 Тараз қаласындағы дербес станция, үлгіге сәйкес (ескі, 1974 жылы салынған, 1774,0 м2); Тараз қаласында 3 подстанция, оның ішінде: 1 - бейімделген подстанция ЖОМЖЖС балансында, №6 ҚЕ ауданындағы № 1 қосалқы станция, «Бәйтерек» шағын  ауданындағы №2 қосалқы станция және қант кенті ауданындағы №3 қосалқы станция.

Жедел медициналық жәрдемді шақыру 4 жеделдік санатына бөлінген, 1,2,3 жеделдік санатын Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының (бұдан әрі-ЖОМЖЖС) бригадалары, ал 4 жеделдік санатын  бірінші медициналық - санитарлық көмек ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бригадалары (бұдан әрі - БМСК жанындағы ЖМК бригадасы) орындайды. Халықтан түскен барлық шақыртулар Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының «103» пультіне келіп түседі және облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call-орталығында тіркеледі. Call-орталық 12 «103» шақыртуды қабылдау нүктесімен   (телефондармен) жабдықталған. 

Шақыртулар диспетчермен және «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) өңделеді. «Көмек» АБЖ Жамбыл облысының емханалары және көпсалалы стационарлармен біріктірілген. Түскен шақыртулар «Көмек» АБЖ-де өңделіп, тіркелгеннен кейін,  1,2,3 жеделдік санатпен түскен шақыртулар «Көмек» АБЖ арқылы  ЖОМЖЖС бригадаларына беріледі, ал 4-ші жеделдік санатпен түскен шақыртулар  алдымен БМСК ұйымы жанындағы ЖМК диспетчеріне беріледі, содан кейін шақырту БМСК ұйымы жанындағы ЖМК бригадаларына беріледі.

Жоғарыда аталған бұйрық негізінде, барлық операторлар ЖОМЖЖС базасында орталықтандырылғандықтан, «жедел жәрдем» қызметінің басқару нүктесін аудандарға қайта беру мәселесі қарастырылмайды.

 

17.

Балаларға арналған жазғы лагерлердің сабақ беру әдістемелерін қайта пысықтау. Балаларға патриоттық мәндегі жаңа әдістемелерді пайдалануды қамтамасыз ету

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

2023 жылға жазғы балалар лагерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру барысында, өзінің қызметін ұсынушыларға сабақ берудің патриоттық мәндегі жаңа әдістемелерін пайдалану қажеттігі жөнінде талап қойылатын болады.

 

18.

Жаңатас қаласында «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде әзірленген 12 жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленген және мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынған. ҚР-ның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетінің «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру» 008 бюджеттік бағдарламасына қатысты 2023 жылға бюджетті нақтылау мақсатында 12 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы 409,9 млн. теңгеге републикалық бюджетке өтінім берілді. Нәтиже күтілуде.

 

19.

Қала тұрғындарының тұрмыста пайдаланып отырған газ балондарының сапасын зерделеу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.10.2022 ж.

Улы газбен улану және өрттен қаза болу және жарақаттануды болдырмау мақсатында қала, ауылдық округ әкімдері тарапынан аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп 7 рет тұрғын үйлер ауласында үгіт-насихат жұмыстары бойынша кездесулер өткізілді. Бұл жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті баспасөзде 28 мақала және әлеуметтік желілерде 263 материал жарияланды.

2022-2023 жылдар аралығында жылыту маусымында Жаңатас қаласы аумағында тұрғын үй секторларында, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тұрғындардың газ баллондарын пайдалану кезінде тұрмыстық өрт қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мақсатында 530 дана газдың иісін анықтауға арналған электронды аспап сатып алынып, Жаңатас қаласы мен Досбол ауылдық округ әкімі аппаратына берілді. Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына, тұрмыстық газ баллондарын және газ жүйелерінің нысандарында бақылау және қадағалау функциялары» арнайы жауапты маман бекітілген.

 

20.

Жаңатас қаласындағы аудандық орталық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобаға қаржы бөлу

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Жаңатас қаласында Сарысу аудандық орталық ауруханасының құрылысы  250 келушіге арналған емханасы және 200 төсектік тәуліктік стационарының құрылысы Жаңатас қаласы, Әулие-Ата көшесі бойынан жаңа талапқа сай ғимарат соғу үшін   және оған қызмет көрсету үшін 5,0 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді. Бүгінгі күнге жобалық құжаттама жасау туралы, құрылыс басқармасына өтінім берілді.

 

21.

Шығанақ-Қамқалы-Жайлаукөл ауылдары арасындағы және Жайлаукөл-Досбол бағытындағы жолдарды жөндеуге жоба әзірлеу

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Жалпы, облыстық маңызы бар «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ 0-102 шқ» бағытындағы автожолды орта жөндеу облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022-2025 жж. жол картасына енгізілген.

2022 жылы «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автожолының
9-42 шқ аралығында орта жөндеу жұмыстары, 20 шқ. асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.

Қалған 11 шқ. автожол ағымдағы жылы аяқталады (жоба құны - 736,3 млн.тг., мердігер - «Тараз Көлік жолы» ЖШС, тапсырысшы - облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы).

 

22.

Білім беру мекемелерінде ерекше балаларға арналған инклюзивті топтардың ашылуы жөнінде ұсыныс енгізу

 

 

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Аудан орталығында сыйымдылығы 100 балаға арналған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс жасайды. 

Түзету кабинеті арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады және аудандағы  даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық- педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында құрылған.

Қазіргі таңда, мекеме 102 ерекше оқытуды қажет ететін балаға түзету көмегін көрсетуде.

Одан бөлек, «Жамбыл облысында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы» және «Облыстағы аудандарда ашылатын аранайы топтар мен инклюзивті қолдау кобинеттерінің қадамдық жоспарына» сәйкес, Сарысу ауданында инклюзивті арнайы орталықтар ашу 2025 жылға жоспарланған.

 

23.

Жайылма, Маятас ауылдарында ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету 

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Екі ауылға ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету үшін жаңа су мұнараларын орнату мен су құбырларын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 390,6 млн. теңгеге тиісті салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді.

24.

Жайылма - Ақтам бағытындағы 12 шақырым жолды жөндеуге жоба әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Аудандық бюджеттен 1,9 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы (жоба құны – 328 млн. тг) алынды. Ақтам ауылына кіре беріс 12 шқ. автожолды аудандық теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнде, ҚР Әділет министрлігі ашық НҚА арқылы келісім күтілуде. Теңгерімге алу жұмыстары аяқталған соң, ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, бюджеттік өтінім беріледі.

 

25.

Бүркітті су қоймасының бөгетін жөндеуге арналған жобаға қаржы бөліп, іске асырылуын қамтамасыз ету

 

 

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

«Бүркітті» су қоймасы республикалық теңгерімде. Су қойманың дамбасын нығайтуға 20,7 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс берілді. 2021 жылы бұл жоба мақұлданбады. 2022 жылы «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалына су қойманы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасап, қаржы қарастыру туралы ұсыныс берілді. Қаржы бөлу мәселесі шешімін таппауда.

 

26.

Қызылдихан су қоймасының бөгетін жөндеуге арналған жобаға қаржы бөліп, іске асырылуын қамтамасыз ету

05.08.2022 ж.

№1317-А

2022-2023 жылдар

Қызылдихан су қоймасының дамбасын нығайтуға 14,6 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс берілді. 2021 жылы бұл жоба мақұлданбады. 2022 жылы қаражат бөлу туралы сұраныс қайта берілген. Қаржы бөлу мәселесі шешімін таппауда.

 

27.

Егістік науқаны кезінде суармалы егіске берілетін су бағасының негізсіз өсуін болдырмау. Суармалы егіс үшін шаруаларға субсидия беру жөнінде ұсыныс енгізу

05.08.2022 ж.

№1317-А

01.09.2022 ж.

Суармалы егістікке пайдаланылатын суды субсидиялау бойынша, су пайдалану кезінде кеткен шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидасына сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтардың егістік алқаптарының басына арнайы аттестатталған су өлшеуіш құрылғыларын орнату қажеттігі туралы түсіндірілді.

Алайда, бүгінгі күнге аттестатталған су өлшеуіш құралдарын орнатқан шаруалар жоқ. Яғни, шаруалар суармалы егіс үшін субсидия алуға ниетті емес. 

 

 

 

Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілісіндегі тапсырмалардың орындалуы жөніндегі  АҚПАРАТ
Дата публикации
25 апреля 2023