Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Хаттама |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1. |
Ақыртөбе ауылындағы АГТС-ның іске қосылуына «ИнтерГазАзия» АҚ тарапынан берілген кемшіліктерді құрылысты жүргізген мердігердің есебінен жойып, нысанды іске қосылуын қамтамасыз ету |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 15 қазан
|
Ақыртөбе АГТС құрылыстарын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жүргізген. Іске қосылуына «ИнтерГазАзия» АҚ тарапынан берілген кемшіліктерді құрылысты жүргізген мердігердің есебінен жойып, нысанды іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 30,0 млн.тг қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.
|
|
2. |
Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтап, мектеп алаңын абаттандыруды жүргізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 26 қыркүйек
|
Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылы басталмай аяқталып, мектеп алаңы абаттандырылды.
|
|
3. |
Мемлекеттік субсидия алатын ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші шаруа қожалықтарының санын арттыру мақсатында нақты жұмыстар жүргізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Жеңілдетілген лизинг арқылы алатын ауыл шаруашылық техникаларының жолын аудандағы 15 ауылдық округ шаруа қожалықтарына «КазАгроФинанс» АҚ арқылы алынатыны жөніндегі түсіндіру жұмыстары толығымен жеткізілді. Өтініш беріп, алам деген ШҚ-тар құжаттарын тапсыруға дайындау үстінде. Ауылдық округтерде, аудан аумағындағы шаруашылықтарға агрооқыту сабағында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
4. |
Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында құрылысы жүргізілген көпқабатты тұрғын үйдің алаңын абаттандыруы мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарына жасалған ЖСҚ-ның құнына қайта есептеу жүргізіп, ұсыныс енгізу
|
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 20 қыркүйек
|
«Арай» алқабындағы 2-ші нүкте тұрғын үйдің ішкі алаңының инженерлік желілері мен абаттандыру құрылысы бойынша 2022 жылға 27,5 млн.теңге қаралып, игерілмей қалған. 2023 жылға |
|
5. |
Құлан агро-техникалық жоғары колледжі базасында білімгерлер қалашығын орнату бойынша ұсыныстар енгізу. Колледж базасында қарастырылған бал арасын өсіру (омарташылық) және балық шаруашылығын дамыту мамандықтарын жандандыру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 20 қазан
|
Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында білімгерлер қалашығын орнату бойынша төмендегі ұсыныстар енгізілді: - Колледждің жазғы спорт алаңын заманауи спорттық кешен үлгіде қайта құру (үлкен футбол, баскетбол, волейбол, теннис, гимнастика алаңдары) ; - Студенттердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледж аумағын қоршап өткізу пунктін, күзет қызметін, көліктерге арналған автотұрақ, бейнебақылау қызметтерін ұйымдастыру; - Студенттердің, сонымен қатар аудан тұрғындарының, арнайы медициналық топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жабық бассейн кешенін салу; - Студент жастардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін кампус территориясында заманауи қызмет көрсету орталығын құру (кафе, дүкендер, шаштараз т.б.); - Колледж ауласын аллея, үсті жабық демалыс орындары, гүлзарлар, фонтандар құрып абаттандыру; - Колледж ғимараттарын реконструкциялау арқылы заманауи үлгідегі конференция залын, оқытушылар залын, кең кітапхана залын, компьютерлік клубты, фитнес-тренажер залдарын, кино залын ашу. Екінші мәселеге тоқталсақ: - Колледжде «бал шаруашылығы» және «балық шаруашылығы» мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия қосымшасы бар, жұмыс оқу бағдарламалары әзірленіп бекітілген, оқу-материалдық базасы толық жасақталған; - Жамбыл олбысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту орталығының, аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша колледж бал шаруашылығы және балық шаруашылығы мамандарын даярлауға, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын өткізуге дайын.
|
|
6. |
Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясы мен Қарақат ауылындағы №2 орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінен кешігу мәселесі бойынша заң талаптарына сәйкес мердігер компанияға қатысты тиісті шаралар қабылдау |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 20 қыркүйек
|
Қарақат ауылында орналасқан № 2 шағын орталықты орта және Құлан ауылының орталығында орналасқан Құлан мектеп-гимназиясында жүргізілген күрделі жөндеу бойынша бүгінгі күні негізгі жұмыстары аяқталды. Алайда, мердігер тарапынан орындалуға тиісті (төтенше жағдай кезінде қолданылатын дабылқаққыш пен бейнебақылау құрылғылары) орнату жұмыстары жүргізілген жоқ. Сол себептен Құлан мектеп-гимназиясы бойынша 16676,4 мың теңге, №2 шағын орталықты орта мектебі бойынша 17 180,0 мың теңге қаражат аударылған жоқ. Техникалық қадағалаушы «City Story-2021» ЖШС-нің ұсынысына байланысты Құлан және №2 орта мектептері бойынша күрделі жөндеу жұмысында орын алған кемшіліктерді мердігер «ЕрК Астана» ЖШС-не шара қолдануға 2022 жылдың 12 тамызы күні № 01-02/1081, 2022 жылдың 01 қыркүйегі күні № 10-02/1182, 2022 жылдың 01 қыркүйегі күні № 10-02/1183 санды хаттары Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасына жолданған болатын. Мердігер мекеменің сметалық құжатта көрсетілген (төтенше жағдай кезінде қолданылатын дабылқаққыш пен бейнебақылау құрылғылары) жұмыстарын толық орындамағаны үшін тапсырыс беруші аудандық білім бөлімінің 2023 жылдың 07 қаңтары күні Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арызы берілді. 2023 жылдың 11 қаңтары күні Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта тапсырыс беруші аудандық білім бөлімі мен мердігер мекемені татуластыру рәсіміне шақырған. Аудандық білім бөлімі татуласу рәсіміне келісім берген жоқ. 2023 жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот процесі болып өтті. Соттың шешімі бойынша «ЕрК Астана» ЖШС-і мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіру және міндеттемелерді орындату туралы талап қою арызы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкер «ЕрК Астана» ЖШС-і мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және міндеттемелерді орындату туралы талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды. «ЕрК Астана» ЖШС-інен мемлекет пайдасына 2 464 144,0 (екі миллион төрт жүз алпыс төрт мың жүз қырық төрт) мың теңге айыппұл және 73 924 теңге сот шығындары өндірілді. Тапсырыс беруші білім бөлімі сот шешіміне келіспей 1 ай көлемінде апелляциялық сотқа апелляциялық шағым жолдайды. |
|
7. |
Мектеп мұғалімдерінің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпараттоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде Үйірмелер туристік өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық, көркем-эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады.
|
|
8. |
«Асар» жобасы аясында тұрғын үйге мұқтаж 13 отбасыға тұрғын үй салу жоспарын жыл соңына дейін орындау. Тұрғын үй алған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге демеушілер есебінен қолдау көрсету
|
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпараттоқсан сайын |
«Асар» жобасы аясында 15 ауылдық округтен 11 үйдің құрылысын салуды және 2 дайын үй сатып әперу жоспарланып, Қорағаты, Ақниет ауылдық округтері бойынша тұрғындардың үйге қажеттілік жоқтығына байланысты үй құрылысы жүргізілмейтіндігі анықталды. Бүгінгі таңда 13 отбасыға өз баспаналарының кілті табысталды. |
|
9. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес орналасқан аудандардан төмен бағада сатылып алынған өнімдерді аудан тұрғындарына жеткізуді ұйымдастыру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпараттоқсан сайын |
Аудандағы Құлан, Ақбұлақ, Құмарық, Луговой, Қорағаты, Көкдөнен ауылдарына алқаптардан төмен бағада өнімдер алынып, төмен бағада сатылуда. Луговой ауылында 6 тн пияз - 55 тг сатылды.; Құлан ауылында 3 тн пияз 55 тг, 2 тн капуста - 30 тг, картоп - 2т 130 тг; Ақбұлақ ауылында пияз - 2,5 тн 55 тг, капуста – 2 тн 30 тг, помидор – 1 тн 100 тг; Құмарық ауылында 3 тн - пияз 55 тг, 2 тн сәбіз 120 тг. Капуста - 2тн 30 тг; Көкдөнен ауылында 2 тн пияз 55 тг, 3 тн картоп Қорағаты ауылында 3 тн пияз 55 тг, 2 тн картоп Барлығы: пияз – 19,5 тн, капуста – 6 тн, картоп - 7 тн, помидор – 1 тн, сәбіз - 2 тн. Сонымен қатар, аудан шаруашылықтары өндірген өнімдерін делдалсыз халыққа ұсыну мақсатында аудан аумағында және Тараз қаласында тұрақты өтіп тұрған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланып, халыққа ұсынылуда.
|
|
10. |
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы бөлім басшыларына лауазымдық міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктерін қарау |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 5 қыркүйек
|
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысына 08.09.2022 жылғы аудан әкімінің у.м.а №213-ө/жқ өкімімен, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысына 07.09.2022 жылғы аудан әкімінің у.м.а №208-ө/жқ өкімімен лауазымдық міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.
|
|
11. |
Ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін мемлекеттік субсидияны алу тәртібі мен ережелерін ауыл әкімдері елді мекендердегі шаруашылықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпараттоқсан сайын |
15 бағытта берілетін мемлекеттік қолдаулар (субсидиялар) туралы түсіндірме жұмыстары агрооқыту сабағында барлық ауылдық округтерді аралап түсіндірілген, одан бөлек бөлімге қайырылған шаруашылықтарға субсидиялау тәртіптері бойынша тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағындағы 15 ауылдық округінде агрооқыту кезінде
|
|
12. |
Сиыр сүтінің құнарлығы (майлылығы базалық 3,6 пайыз) күрт төмендеуіне байланысты аудандағы мал жайылымдарына (пада) асыл тұқымды бұқаларды қосу арқылы мал төлін асылдандыруды қолға алу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпарат тоқсан сайын |
Бұл бағытта аудан бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген, әр ауылдағы қоғамдық падаларға асыл тұқымды бұқаларды қосу бойынша тиісті тапсырмалар берілген. Бүгінгі күнге аудан бойынша қоғамдық падаларда 28 бас асыл тұқымды бұқалар қосылған.
|
|
13. |
Халықтың табысын арттыру мақсатында үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан халқының тұрмыстық табысын арттыру мақсатында үй іргесіндегі бос жатқан жерлерін игеру, ол жерлерге тиімділігі және пайдасы жоғары дақылдарды егу туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Одан бөлек, осы бағытта жұмыс жасап табысын ұлғайтып отырған тұлғалардың жұмыстарын үлгі ретінде көрсетіп, іске тарту жұмыстары тұрақты жүргізілді. 2022 жылы Абай ауылдық округінде жалғасын тапқан «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы» аясында 2023 жылдың көктемінде жобаның 1-ші бағытымен құлпынай дақылын егуді жоспарлануда. |
|
14. |
Луговой ауылындағы ескі кеден қызметкерлері жатақханасын қайта қалпына келтіруге жасалған ЖСҚ-ның бір бөлігін қаржыландыру үшін облыстық бюджеттің қарауына ұсыныс енгізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы
|
Луговой ауылындағы ескі кеден қызметкерлері жатақханасын қайта қалпына келтіру бойынша облыстық бюджеттен 65,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігерлермен келісімшарт жасалынды. Бүгінгі күнге жатақхананы қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
|
|
15. |
Мамай, Сөгеті елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қарастырып, ұсыныс енгізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 1 қазан
|
Мамай, Сөгеті елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама қарауында. 2023 жылдың наурыз айындағы республикалық нақтылауға енгізу жұмыстары жоспарлануда.
|
|
16. |
Жаңатұрмыс ауылында құрылысы жүріп жатқан ауыз су торабының ауылішілік желілерінде жерасты суларының жақын орналасуына байланысты құдықтар ішінде орналастырылған есептеу құрылғалырын жоғары деңгейге немесе тұрғындардың үйлеріне орнату мүмкіндіктерін қарастыру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 1 қазан
|
Жаңатұрмыс ауылында құрылысы жүріп жатқан ауыз су торабының ауылішілік желілерінде жерасты суларының жақын орналасуына байланысты құдықтар ішінде орналастырылған есептеу құрылғыларын жоғары деңгейде орнатылды.
|
|
17. |
Жалпақсаз ауылына кіреберіс темір жол өткелінің қайта ашылуына орай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгі беру құрылғысын (сигнализатор) орнатуды ұйымдастыру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
2022 жылғы 1 қазан
|
Белгі беру құрылғысын (сигнализатор) орнатуды ұйымдастыру бойынша «Қазақстан ТемірЖолы» ҰК» АҚ басқармасына облыс әкімімен 2022 жылғы 04 тамыздағы №01-6743 сұраныс хаты жолданды. Бүгінгі таңда демеушілер тарапынан орнатуға жұмыстар ұйымдастырылуда
|
|
18. |
Ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі әр үйге жеке-жеке кіріп,тұрғындардың әл-ауқатын зерделеп осал топтағы отбасыларына әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру
|
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпарат тоқсан сайын |
Жалпы ауданда 15 ауылдық округ бар. Әр округтегі осал топтағы отбасыларының жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек алу мәселелері шешілуде, сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға қаржылай, азық-түлікпен, мектеп оқушыларына мектеп құрал-жабдықтары берілді. Тапсырма тұрақты назарда.
|
|
19. |
NEET санатындағы жастармен (49 адам) жұмыс жүргізіп, барлық қолдау шараларын көрсету |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша 1354 жасқа адрестік жұмыс жүргізіліп, 187 уақытша бос жүрген жас анықталды. NEET санатындағы жастарды қазіргі таңда уақытша бос жүрген жастар болып өзгертіп отыр. Уақытша бос жүрген жастарды тарта отырып «Кеңес беру» алаңдарымен қатар «Jastarga kenes», «Jastarga–bilim», «Jastarga – qyzmet», «Jastarga – jumys» жобалары бойынша тоқсан сайын жастарға кеңес беру, дөңгелек үстел және кездесу және жәрмеңке өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта уақытша бос жүрген жастарды түрлі іс-шараларға тарта отырамыз. |
|
20. |
Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында қосымша үйірмелердің жұмысын жүйелендіру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпарат тоқсан сайын |
Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында психологиялық, заңгерлік кеңестер беріліп, аудандағы білім беру мекемелерінде (мектеп,колледж) АПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін «Жастар құқығы», «Қылмыс қайдан шығады?», «Заң және заман», «Иманды жас - ел болашағы»,«Ұят- иманнан», «Дін мен дәстүр құндылықтары», «Жастар арасында патриоттық құндылықтар негіздері» атты тақырыптарға арналған кездесулер мен дөңгелек үстел өткізілді.
|
|
21. |
Жастар ресурстық орталығының жұмысына талдау жүргізіп, қажетті қосымша қаржы көздерін қарастыру |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Керекті қаражаттар: іс-шараға – 835 мың тг бөлініп, ендігі бюджетті нақтылау кезінде 6,0 млн. теңге бөлінетіндігін растайды. Бюджеттік өтінім дайындалып, сұраныс жіберілді.
|
|
22. |
Каменка ауылындағы балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысын жандандыру мақсатында оқу корпустары мен жатақхана, тағыда басқа корпустардың жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірлеп, бюджеттің қарауына ұсынсын |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Каменка ауылындағы балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысын жандардыру мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына (ЛДК, асхана, оқу ғимараты, қазандық, жатақхана, монша/кір жуу ғимараты, хлоратор) жалпы суммасы 124 323 471 теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасалынып, өтінім берілді.
|
|
23. |
Қарақыстақ ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыру мәселесін шешу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу |
02.09.2022 жыл №1516-А |
тұрақты,аралық ақпараттоқсан сайын |
Қазіргі таңда аудан әкімі тарапынан нысанға газ тарту үшін ЖСҚ әзірлеуге әлеуетті инвестормен келіссөз жүргізіліп, ЖСҚ құны есептелуде. (Шамамен 25 млн. теңге)
|