Облыс әкімінің Тараз қаласы мен аудандардағы жұмыс
сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындалуы жөніндегі
АҚПАРАТ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Хаттама |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1. |
Аудандағы ескі 71 ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан бойынша Тереңөзек ауылдық округіне қарасты «Жамбыл-БТТ» ШҚ-ның иелігіндегі 9 ұңғыманың 7-і қайта іске қосылып, 143 га егістік жерге су үнемдеу технологиясы өндірілген болатын. Дәл осы бағытта 2021 жылы Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Еркін-Таң» ШҚ 2 ұңғыма, Тереңөзек ауылдық округіндегі «Береке» ШҚ 1 ұңғыманы іске қосқан болатын. Ендігі кезекте аудан аумағындағы басқа ескі су ұңғымаларын қайта айналымға қосу бойынша жұмыстар аудан шаруашылықтарымен бірлескен түрде жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген егістік алқаптардан жаңадан су ұңғымаларын қазу туралы жоспар 50 дана болатын болса, соңғы
|
|
2. |
Мәдениет үйлері, спорт мектептері және білім беру мекемелерінде балаларды қосымша үйірмелермен қамту |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Мәдениет үйі бойынша 76 үйірме, 900 қатысушылар қатысады (домбыра, вокал, би, қолөнер, драма, әуесқой үйірмелер). Оның ішінде, балалар үйірмесі - 34, қатысушы-472. Луговой ауылында дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру» клубында 5 спорттық үйірмеде күнделікті Спорт мектептерінде 14 спорт түрі (еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, волейбол, таэквандо, кикбоксинг, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ауыр атлетика, бес тас, футбол) бойынша барлығы 1335 оқушы спортпен шұғылданады. Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 38 мектепте жалпы саны 671 үйірмеге 10 097 бала қамтылған. Оның ішінде, 309 спорттық үйірмеде 5 432 бала спортпен шұғылданады.
|
|
3. |
Мұғалімдердің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру мекемелері бар. Атап айтсақ, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Жас натуралистер станциясы», М.Төлебаев атындағы «Музыка» мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты «Туризм және өлкетану орталығы» және «Өнер» мектебі. Қосымша білім беру жүйесінің басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде 6 271 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған. Үйірмелер Туристік өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық, көркем-эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады.
|
|
4. |
Білім беру мекемелеріндегі берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстау |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудандағы 38 мектептің бүгінгі таңда 33-інде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 3 067 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тамақтың құны Бір күндік ас мәзірінде буланған, қайнатылған тағамдарға қоса салаттар мен алма, айран сынды экологиялық таза өнімдер қарастырылған. Сонымен қатар, сусындар шырыны, бал қосылған шай, компот, кисель беріледі. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасы білім бөлімінің жіті бақылауында. |
|
5. |
Ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында өз біліктілігін арттыру үшін облыс орталығындағы білікті дәрігерлерден кеңес алып және олармен қарым - қатынас орнату |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында алдын ала тексеру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мәселен, қатерлі топтағы жүкті әйелдер мен балалар мониторингі тұрақты күнделікті бақылауда. Күнделікті қауіпті жағдайдағы жүкті әйел немесе бала болған жағдайда ауруханадағы мультитәртіптік топ мамандарымен консилуим жасалынып, облыстық деңгейдегі мультитәртіптік топ мамандары кеңесіне жүгінеді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына баяндалып, облыстық деңгейге ауыстыру алдын ала келісім немесе өзіне санавиция шақыру арқылы жүзеге асырылады.
|
|
6. |
Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Мамандар мен қызметкерлердің этикасы мен көмектің сапасы туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2022 жылы негізді тіркелген шағым болған жоқ, дегенмен ауруханада пациенттер тарапынан болған наразылықтар мен арыз-шағымдар «тез, осы арада» қағидасымен шешіледі. Аурухана әкімшілігіне 2022 жылы арыз-шағыммен қайырылған адамдар саны – 17. Барлығы өз шешімін тауып, түсініктеме берілді, 4 адамға мүгедектік алуға жәрдем берілді. Әр тоқсан сайын ауруханада медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылығын анықтау мақсатында жасырын сауалнама өткізіледі. Сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттану деңгейі 94,8 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, ауруханада «Пациенттерді қолдау қызметі» жұмыс істейді.
|
|
7 |
Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның табыс көздерін арттыру бойынша және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Бұл бағытта ауылдық округ әкімдерімен дөңгелек үстел өткізіліп, әр ауылдың қай бағытта жұмыс атқаруына бейімділігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылға 411 ,7 млн.теңгеге 21 жоба іске асырылып, бүгінгі күнге 92 жұмыс орны ашылды. Мәселен: 1. Құлан ауылдық округі бойынша 2022 жылға 3 жоба 2. Луговой ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 3. Ақниет ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 4. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 5. Ақыртөбе ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 6. Қайынды ауылдық округі бойынша 2022 жылға 3 жоба 7. Көгершін ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 8. Қорағаты ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 9. Тереңөзек ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 10. Құмарық ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 11. Абай ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 12. Көкдөнен ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 13. Өрнек ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба |
|
8 |
Қарақыстақ ГЭС мен Ақыртөбе - Әбдезім электр желілерін Жамбыл электр желілерінің теңгеріміне беру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу
|
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Ауданда 2011-2013 жылдары «Қарақыстақ ГЭС» және «Луговой жылқы зауыты» инвестициялық жобаларына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында электр желілері жүргізілген. Нысандардың жалпы құны Аталған нысандар облыс әкімдігінің энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы қаржыландырылып, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан әкімдігіне қарасты «ҚұланЭнергоЖылу» ШЖҚ КМК теңгеріміне берілген. 100 нақты қадамның 51 қадамына сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңына (25-бабының 7-тармағы) өзгерістер енгізіліп, коммуналдық меншіктегі электр желілерін 2019 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беру тапсырылған. Осы Заң нормаларын орындау мақсатында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-не нысандарды теңгерімге алу туралы бірнеше рет хаттар жолданған. Бүгінгі күнге аталмыш мәселе бойынша Жамбыл электр желі мекеме теңгеріміне алудан бастартуда. Дегенмен, аудан әкімідігінің тарапынан облыс әкіміне және тиісті салалық басқармаға теңгерімге беруге ықпал ету бойынша бірқатар хаттар (23.11.2022 ж., №03-2615, 30.01.2023 ж., №03-131 аудан әкімі орынбасарымен облыс әкімі апараты мен энергетика басқармасына) жолданды.
|
|
9 |
Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына, абаттандыруына, кәріз жүйесінің жұмыстарына қажетті қаражатты қарастыру мақсатында экономикалық қорытындыны әзірлеп, тиісті құжаттар топтамасын бюджеттік комиссияға ұсыну |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым |
Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын «Ленон» ПТФ ЖШС мекемесі жұмыстарды жүргізіп, толығымен аяқтады.
|
|
10. |
Құлан ауылындағы аудандық орталық емханасының құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу
|
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 20 маусым |
Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының аудандық емханасына қосалқы ғимарат салу «Даму» жоспарына сәйкес, 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. «Даму» жоспарына сәйкес, 2024-2025 жылдарға жоспарланған қаражаты 500,0 млн. теңгеден екі жылға қойылған. Қаражат көзі Республикалық бюджеттен қарастырылған.
|
|
11. |
Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражат көлемін анықтап, ұсыныс енгізу |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым
|
Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагері 1970 жылы салынған. Жобалық қуаты 70 балаға арналған. Ғимарат саманнан соғылғандықтан лагерьге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімсіз, жаңа құрылыс қажет. Жаңа құрылысқа ЖСҚ әзірлеуге облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілді. Қазіргі таңда қосымша инвестор тарту арқылы мәселені шешудің жолдары қарастырылуда.
|
|
12. |
Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «Тау самалы» демалыс орны мен Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыруға қажетті қаражат көлемін анықтап, газдандыру бойынша ұсыныс енгізу |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым
|
Қазіргі таңда аудан әкімі тарапынан нысанға газ тарту үшін ЖСҚ әзірлеуге әлеуетті инвестормен келіссөз жүргізіліп, ЖСҚ құны есептелуде (Шамамен 25 млн. теңге).
|
|
13. |
Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар құру |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым
|
2021-2025 жылдарға арналған басқармалармен келісілген даму жоспарына сәйкес, 2022 жылға бөлінген бюджеттік
|
|
14. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірігіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Инстаграм әлеуметтік желісіне 5 мәлімет жарық қөрді. https://www.instagram.com/p/Ca9nOqPAAso/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/p/CgUBjf7jLBb/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/p/Cg4EAlAjwbB/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/p/ChrDj9_jWNB/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/p/Cij8TLQjPuz/?igshid=MDJmNzVkMjY
|
|
15. |
Ауыл тұрғындардың табыс көзін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын ұйымдастыра отырып, тұрғындардан сүт қабылдайтын кооператив құру |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 1 шілде |
Аудан бойынша бүгінгі күнге халықтан сүт жинақтап, сүт өңдеумен айналысатын зауыттар мен цехтарға өткізумен
|
|
16. |
Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған терминалдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған «Е-Goldau» терминалы 2022 жылдың 25 сәуірінде орнатылды. Мамыр айынан бастап тұрғындар ақпарат алу мақсатында жұмыс жасауда. Тегін Wi-Fi желісі іске қосылған.
|
|
17. |
Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаровтың тәжірибесі негізінде ауылда таңқурай өсіруді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаров таңқурай өндіріп, жыл сайын көшеттерін ауыл тұрғындары сатып алуда. Биыл Абай ауылының 25 тұрғыны таңқурай егеді деп жоспарланып отыр. Таңқурайды өсіру жолдарын, оны күтіп- баптау үшін жастарға тәжірибелерін жиі көрсетіп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
|
|
18. |
Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді (субсидиялар) алу шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары «Агрооқыту» сабағында барлық ауылдық округтерді аралап, түсіндірілді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне қайырылған ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндірілуде. Аудан аумағындағы 15 ауылдық округінде агрооқыту кезінде
|
|
19. |
Құлан ауылы мен Луговой стансасы арасында қоғамдық көлікті жүргізу жолдарын қарастырып, тиісті шешім қабылдау |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым |
Луговой – Құлан бағытында қатынайтын қоғамдық көлік бойынша тиісті конкурс ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесіне сәйкес «Концерн-КазСтройСервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда 8 автобуспен қамтылып, халық игілігіне қызмет көрсетуде. Бағасы үлкендерге – 60 теңге, оқушыларға – 30 теңге.
|
|
20. |
Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарды орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу |
07.06.2022 ж. №713-А |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ауылдық округ әкімдеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтері таратылып, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 7 орман пайдаланушы, жалпы ауданы
|
|
21. |
Қорағаты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге газ, ауыз су жүйесін тарту жолдарын қарастырып (тиімділігіне қарай), нақты ұсыныс енгізу
|
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым |
Бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданының даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы Қорағаты ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенге ауыз сумен қамту мақсатында кешенді блокты модульдік қондырғы орнату жұмыстары жоспарлануда. Ал газдандыру бойынша, 2025 жылға Қорағаты ауылын, 2026 жылға Мамыртөбе, Тойқұдық, Аққайнар ауылдарын газдандыру жоспарлануда. Тиісті 2023-2027 жылдарға даму жоспарына енгізілді.
|
|
22. |
Қорағаты ауылдық округінде туындаған жер мәселесіне қатысты құрылған комиссия жұмысын мәселе шешімін тапқанға дейін жалғастыру |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 31 желтоқсан |
«Қорағаты» ЖШС-нен өз жер үлестерін бөліп алалмай жүрміз деген 63 жер үлескеріне талдау жүргізіліп, «Қорағаты» ЖШС-нің құрамында - 6, «НұрТАУ- Әулиеата» ЖШС-де - 16, «MОLBAL» ЖШС-де - 15, «Мадияр» ш/қ - 1, «Көкрек» ш/қ - 2, «Аққайнар» ш/қ - 1, «Шалқар» ш/қ - 2, «Эльдияр» ш/қ - 2, «Ұлар» ЖШС-де - 1, «Достық-1» ш/қ - 1 жер үлескері тіркелген. Жалпы 63 азаматтың 47-де жер үлестері шаруашылықтарда тіркелген, қалған 13 азаматтардың жер үлестері еш шаруашылықта тіркелмеген, ал 3 азаматқа мүлдем жер үлесі тиесілі болмаған. Қазіргі таңда «MOLBAL» ЖСШ тарапынан 15 үлескердің 7-і серіктестікте жер үлестерін алмай қалдыратындығы, қайтыс болған 3 азамат және мұрагерлік рәсімдеген 4 үлескер табылмаған, 1 үлескер серіктестік мүшелігінде жоқ екендігі хабарланды. Серіктестіктің қайтыс болған мүшелеріне жер үлестерін мұрагерлікпен рәсімдеу жолдары түсіндірілді. «НұрТАУ-Әулиеата» ЖШС-нің мүшелігінен 16 үлескердің 9 азаматты жер үлестері бөлініп берілді, қалған 7 азамат бөлініп шықпайтындығын хабарлады. Қазіргі таңда пай үлескерлер тарапынан наразылық жоқ. |
|
23. |
Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығының жұмысына толық зерделеу (кадр мәселесі, жұмыс істеу режимі және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 6 маусым |
Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығының жұмысына зерделеу жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Бықыбаев ауыл ақсақалдарымен кездесіп, кадр мәселесіне қатысты заң шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандықтарына сәйкес және мамандықты талап етпейтін жұмыс орындарына «Enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы
|
|
24. |
Арнайы жұмыс тобын құрып, Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелеріне қатысты зерделеу жұмыстарын (оқу процесі, білім сапасы, құқық бұзушылық және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау |
07.06.2022 ж. №713-А |
2022 жылғы 10 маусым
|
Жамбыл облысы әкімінің 25 мамырдағы №419 өкімен бекітілген комиссия мүшелері 27-28 мамыр күндері зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі, соңғы 3 жылдағы білім сапасы, ҰБТ-дің қорытындысы, қорытынды аттестаттау, тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары қаралды. Барлық мектептердің оқу- тәрбие жоспарлары стандарттық талаптарға сай жазылған. Жұмыстарға сараптама жүргізіліп, салыстырмалы түрде нәтижелері шығарылған. Білім сапасын арттыруда құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану, фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілген. Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тұрғысынан тапсырмалардың бақылау пакеттері құрылған (қалыптастырушы бағалар жинағы, бжб, тжб). Бірлестік жетекшілері отырыстарында білім сапасының мониторингтерін шығарып, мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсетіп отыр. Сондай-ақ, зерделенген мектептерде мүмкіндігі шектеулі 33 бала оқиды. Оның 22-і үйден оқытылса, 11-і инклюзивті білім алуда. Туыстарының үйлерінде сенімхатпен тұрып жатқан 54 бала анықталды. Осындай жайсыз отбасы балаларының жағдайын, қараусыз, туыстарының үйінде жүрген балалардың жағдайын үнемі бақылауда ұстауда. Білім сапасын арттыру, жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы |