| Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 19-қосымша | ||||||||||
| 2023 жылғы 1-тоқсанда Qlik талдамалық жүйесінің деректері негізінде анықталған ТОП-3 өзекті проблемалар жөніндегі есеп Жамбыл облысы | ||||||||||
| № п/п | Мемлекеттік органдардың атауы | ТОП-3 мәселе/саны/% | ТОП-3/саны/ алдыңғы кезеңнің % | Өзекті мәселелердің өзгеру серпіні | Өтініш берушілер көтеретін проблемаларды шешу жөніндегі шаралар | |||||
| (1 кв.2023ж.-17328) | (1 кв. 2022ж.-14884) | |||||||||
| Өтініштердің барлығы | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ||||
| 1 | Жамбыл облысының әкімдігі | 17328 | Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша - 5079 өтніш – 29,3% | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша 3 672 өтініш - 21,1% | Әлеуметтік мәселелер бойынша 1 934 өтініш – 11,1% | Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша - 5706 өтніш – 38,3% | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша 3254 өтініш - 21,8% | Әлеуметтік мәселелер бойынша 1 258 өтініш – 8,4% | ТОП-1 Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша (2023 – 5079 2022 -5706) төмендеу 12,3%; ТОП -2 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша (2023- 3672 2022-3254) өсу 11,3%; ТОП -3 Әлеуметтік мәселелер бойынша (2023 – 1934 2022 -1258) өсу 34,9% |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша - 5 079 өтніш – 29,3%. Ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты бірнеше бағытта өтініштер түскен. Атап айтқанда, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, пай үлескерлерінің жер үлестерін заңға сәйкес рәсімделуін қарастыру, т.б. мәселелер. Жамбыл облысы бойынша 18 819 шаруа қожалықтары және 298 ауыл шаруашылығы кооперативтері бар. «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға - 21,9 млрд. теңге теңге қаржы бөлініп, 2023 жылдың 3 айында 1100 ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл облыстағы жалпы шаруашылықтардың 8% құрайды. Егін шаруашылығында 8 шаруашылыққа 167,7 млн. теңге; Мал шаруашылығында 866 шаруашылыққа 2,4 млрд. теңге; Қайта өңдеу саласында 11 кәсіпорынға 447,7 млн. теңге; Инвестициялық субсидия 198 шаруашылыққа 1,2 млрд. теңге көлемінде төленді. Осының нәтижесінде салада 41,5 млрд. теңгенің өнімі (оның ішінде егін шаруашылығында – 550,1 млн. теңгенің, мал шаруашылығында – 41,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) өндіріліп, нақты көлем индексі 102% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 3,0 млрд. теңгеге артты. Мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағиадаларына» сәйкес жүргізілуде. 2023 жылға 5,3 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күнге Облыс көлемінде 868 шаруаларға 2,4 млрд теңге субсидия берілді. 2023 жылға жергілікті бюджеттен минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 1 млрд. 71 млн. теңге қарастырылған. Бүгінге аталған бағдарлама аясында 22 шаруашылыққа 59,3 млн. теңге субсидия төленді. Одан бөлек, басым дақылдардың өндірісін субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша қант қызылшасы дақылының өнімін 2022 жылдың желтоқсан айында зауытқа өңдеуге тапсырған 8 шаруашылыққа 168,0 млн. тг субсидия төленді. 2023 жылға «Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау» бағдарламасына 8 млрд. 75 млн. теңге қарастырылған (жергілікті бюджеттен 2 млрд. 79 млн. тг, республикалық бюджеттен 5 млрд. 996 млн. тг). Пай үлескерлерінің жер үлестерін заңға сәйкес рәсімделуін қарастыру; Ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты бірнеше бағытта өтініштер түскен. Аудандарғы шаруа қожалықтарының жері бойынша немесе жерді заңдастыру,жеке тұрғын үй құрылысы үшін қалай кезектілікке тұру т.б сұрақтармен жиі жоданымдар мен арыздар Басқармаға түседі. Пай үлескерлерінің жер үлестерін заңға сәйкес рәсімделуін қарастыру; Басқармаға бірыңғай азаматтардың өтініштерін қарау платформасының жүйесіне (е-өтініш) : ҰЖ-2023-00217949/2 тіркелген Қордай ауданы, Ноғайбай ауылындағы, «Ақтас –Қордай» ЖШС-ның үлескерлері 2021 жылдың 23 наурызында жалпы жиналыс өткізген. Жиналыс нәтижесі бойынша серіктестік басшысы болып А.Жетібаев сайланған. «Ақтас-Қордай» ЖШС –ның бұрынғы басшысы Қ.Спанов, 2021 жылғы 23 наурыздағы серіктестіктің жалпы жиналысының хаттамасы заңсыз деп тану бойынша Жамбыл облысы ауданаралық экономикалық сотына арызбен қайырылған. Нәтижесінде, соттың 2022 жылғы 18 наурыздағы №3115-21-00-2/2121 санды шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл шешім Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі Сот коллегиясында қаралып күшінде қалдырылған. Осы негізде, «Ақтас-Қордай» ЖШС-ның мүшесі А.Бөлекбаев ауданаралық экономикалық сотына 2022 жылдың 7 қазанында талап-арызбен қайырылып, №3115-21-00-2/1107 сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл шешім Жамбыл облыстық сотының азаматтар істер жөніндегі коллегиясында 2023 жылдың 18 қаңтарында қаралып күшінде қалдырылған. Осы сот шешімдердің негізінде, «Ақтас-Қордай» ЖШС-ның 2021 жылғы 23 наурыздағы жалпы жиналысының хаттамасына сай А.Жетібаев жаңа басшы ретінде, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалынан тіркеуден өтті. Осыған байланысты, серіктестіктің үлесшілері көтерген мәселе өз шешімін тапты. Ал, «Ноғайбай – Kazexim» ЖШС –на Қордай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 401 санды қаулысымен, жалпы ауданы 14059 га оның ішінде 307 га суармалы, 3967 га айдалмалы, 9550 га жайылым, 84 га шабындық, 151 га бөгде жер 251 жанұяның жер үлесіне құқы жөніндегі куәлігіне сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығына жалға берілген. 1. Жылқыбақова Э. 9 участоктан тұратын 1847 га тәлімі егістік жер телімін,«БТА» банкінен сатып алған, бүгінгі күні сот шешімімен «Ноғайбай-Kazexim» ЖШС иелелігіне қайтарылды. 2. «БТА» банкіне кепілге қойылып, банк балансна өткен 5 участоктан тұратын жалпы ауданы 5126,7га оның ішінде 2253 га егістік жерлерді аукционнан Шынтасова Дильда сатып алған. Аукционнан сатып алу мәселесі соттарда қаралып Шынтасова Дильданың пайдасына шешілген. Қазір қайтыс болған, баласы Шынтасов Жанрхан мұрагерлік іс рәсімдеу үстінде. «Ноғайбай KazExim» ЖШС-і бойынша Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан 2022 жылдың сәуір айында жұмыс тобы құрылып, Қордай аудандық прокуратурасымен іс-шара жоспары бекітілген. Облыс әкімдігі және құқық қорғау органдарымен «Ноғайбай KazExim» ЖШС-нің үлескерлерімен бірнеше кездесулер өткізіліп, тиісті құқықтық кеңестер берілді. «БТА» АҚ банкімен кепілде тұрған жер учаскелері бойынша Қордай аудандық әкімшілік тарапынан «Ноғайбай KazExim» ЖШС-нің 11 жер учаскесі бойынша сотқа талап-арыз жолданған. Алайда, сот алдындағы ресімдерді орындау мақсатында аудандық сот тарапынан талап-арыз кері қайтарылды. «Ноғайбай KazExim» ЖШС-і бойынша Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары пайдаланылмай жатқан 3931 гектар жайылым жерлер бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 4 сәуірінде шығыс №1-308 хаты жолданған. Аталған хаттың негізінде Департамент тарапынан ауыл шаруашылығы субъектілеріне қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №139 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 30 маусымында «Ноғайбай KazExim» ЖШС-не ескерту берілді. Жер кодексінің 93-бабы және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 39-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет үшін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатын болады. Шартты жер үлестеріне құқықтарының болмауына байланысты пайшылардың наразылығы. Сұрат ауылының тұрғындарының наразылығы басшылықтың жұмыстан кетуін, мүлік пайын бөлуді және егістік ретінде пайдалануға жарамсыз жерлерді қайта бөлуді талап етуде. Осыған орай, 2022 жылғы 05 шілде күні «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» Сұрат ауылдық округінің Сарғау бөлімшесінен арызданушы жер үлескерлеріне бөліп берілген жер учаскелерінен топырақтың химиялық құрамын анықтау мақсатында топырақ үлгілері алынды. Нәтижесінде жайылым алқабын телімі егістікке ауыстырған алқабының бір бөліктері жарамсыз болып шықты, яғни телімі егістік ретінде пайдалануға мүмкін емес. 2022 жылдың 09 қыркүйек күні Шалабаева Заукен және Акпанбетов Бекен Советбекович «2006 жылғы Бітімгершілік келісімін мәжбүрлеп орындатуға ұсыну үшін атқару парағын беру туралы» талап арызбен Меркі аудандық сотына жүгінген. Меркі аудандық сотының судьясы Е.С.Кенбаевтың төралығымен өткен сот отырысының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі ұйғарымымен Талап қоюшылардың арызы «Бітімгершілік келісімінің қай бөлігі нақты орындалмағандығын көрсетпегендіктен, сонымен қатар талап қоюшылар өздерінің бітімгершілік бойынша орындаған міндеттемелерін растайтын құжаттарын ұсынбағандықтан» қараусыз қалдырылған. Қазіргі уақытта сотқа үш мәтінде талап арыз берілді. 1.Ауыл тұрғындары Қ.Шайхиевтың серіктестікке тиесілі мүліктерді заңсыз заңдастыруға (лигализация) қатысты 2022 ж 29 қарашасында аудандық сотқа талап арыз беріліп (судья Жумагелдиева), сот әкімшілік сотқа беру туралы қайтарылды. 19.12.22 ж Әкімшілік сотқа материалдар тапсырылды. Сот отырысы 2023 жылдың 7 ақпан күні белгіленіп, ол күні сот отырысы өтпеді (судья А.Джасузаков). (мерзімі өтуіне байланысты). Аппеляциялық шағым берілді. 2.Серіктестік басшысы Қ.Шайхиевтың 209 азаматқа тиесілі175,9 га егістік алқабын 2008 жылғы 24 сәуірдегі Меркі ауданы әкімдігінің № 106 қаулысымен 2 жер учаскесін 10 жыл мерзімге рәсімдеп, кейін мерзімін өткізіп, конкурс арқылы өзіне рәсімдегені бойынша аудандық прокуратура 11.01.2023 жылғы № 2-0706-23-00035 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуына байланысты аудан әкімдігі сотқа талап арыз беріліп, а.ж 28 ақпанында қаралмай, аудан әкімдігі талап арызды қайтарып, қайта материалдармен талап арыз ұсынды сот отырысы 13 наурыз күніне белгіленді. 3.Серіктестік басшысы Қ.Шайхиевтың 1200 га жайылым алқабын егістікке ауыстырылған аудан әкімдігінің (27.02.2009 ж №88, 29.06.2018ж №264) қаулыларын жою жөнінде 11.01.2023 жылғы № 2-0706-23-00035 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуына байланысты аудан әкімдігі сотқа талап арыз беріліп, сот отырысы өткен жоқ, талап арызды қараудан бас тартылды. Қайта материалдармен ұсынылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша 3 672 өтініш - 21,1%. Мойынқұм ауданы бойынша ауылдық елді мекендерді газбен қамту мәселесі. Мойынқұм ауданындағы 24 елді мекенде 31 912 адам тұрады. Мойынқұм ауданына іргелес жатқан Шу ауданының аумағынан жоғары қысымды «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбыры өтеді (98,1 МПа). Аталған магистралды газ құбырынан Мойынқұм және Шу аудандарын газдандыру мақсатында «Шу» (АГТС) автоматтандырылған газ тарқатушы стансасы құрылысы жобасы әзірленіп, ағымдағы жылы 10 сәуірде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құрылыс құны - 4 629,8 млн. теңге. Жобаланған АГТС қуаттылығы сағатына - 160 мың м3. Бұл жоба толыққанды іске асқан кезде, Шу және Мойынқұм аудандарының 59 елді мекендеріндегі 135 182 адам табиғи газбен толықтай қамтамасыз ету мүмкін болады. Яғни бүгінгі таңда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан аталған жобаның іске асуы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті мердігер анықталып құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте, осы ауданның 13 елді мекенін (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек, Хантау, халық саны – 23334 адам) газдандыру. Осыған байланысты 9 елді мекенді (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай,) газдандыру мақсатында жобаны әзірлеуге келісім шарт а.ж. 25 сәуірінде тіркелген, орындау мерзімі – 31.12.2023 жыл. Алайда жобаны толыққанда әзірлеу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлануда. Тапсырыс берушісі – аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі, жобалаушы мекемесі – «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС (Шымкент қаласы). Жобалау құны – 43,2 млн. теңге. Жеткізуші газ құбырларының болжамды ұзындығы – 136 км шақырым. Қосылу нүктесі – Шу ауданы Д.Қонаев ауылы маңындағы «Шу» автоматтандырылған газ тарқату стансасы. Аталған жобаға қаржы облыстық бюджеттен қаралған. Шу ауданы Қонаев ауылының газ құбырына қосылу нүктесінен Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылына дейінгі жобаны 3 кезеңге бөлінді. Атап айтқанда 1 кезең 67,5 шақырым болатын (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 14 млрд. теңге, 2 кезең 44 шақырым (Назарбеков, Көкжелек, Күшаман) жобалық құны 4 млрд. теңге, 3 кезең 35,5 шақырым болатын (Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) жобалық құны 4 млрд теңге. Бүгінгі таңда жобаны кезең-кезеңімен сараптамаға ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса 4 елді мекенді халық саны-2538 адам, отбасы 472 отбасын газдандыру бойынша жалпы газ құбырының ұзындығы 95 км болатын (Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек және Хантау) жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы қаралды. Аталған жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурсқа беріліп жеңімпаз болып «Redline Pro» ЖШС анықталды. Келісім шарт жасалынып, түсірілім жұмыстары жүргізілуде (топосъемка). Аталған жобаны 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Мойынқұм ауданының қалған 11 елді мекенін газдандыру жұмыстары елді мекендердің алшақтығына қарай кезең кезеңімен жоспарланатын болады. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 36 566 азамат тіркелген. 2022 жылы 2 020 пәтерлі (146,6 мың ш.м.) 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды (440 пәтерлі 7 арендалық, 1 580 пәтерлі 23 кредиттік). Жыл қорытындысымен 693,5 мың. ш.м. жеткізіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға асыра орындалды. Оның ішінде: бюджет қаражаты есебінен 146,6 мың ш.м., жеке инвестиция есебінен 546,9 мың ш.м.. Сонымен қатар, облыста мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған 2 943 пәтерлі 49 арендалық тұрғын үй жобалары дайын (сметалық құны 38,8 млрд.теңгеге). Аталған жобалар тұрғын үй саясатының өзгеруіне байланысты бүгінгі күнде қолдау таппады. Осыған байланысты, биыл жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру төмендеген (2021ж. – 28 үй, 2022ж. – 7). Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 60%-ға жуығы табысы төмен әлеуметтік осал санатқа жатады, олар кредит беруге төлем қабілеттілігін растай алмайды және соның салдарынан тұрғын үй мәселесін шешпейді. Жер кезегінде тұрған адамдарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 2022 жылы 20 жаңа алқапта жыл қорытындысымен 26 нысанның құрылысы аяқталып, 3198 жер телімдері кезекте тұрғандарға таратуға дайын болды. Тұрғын үйге жоғары кезектілік «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. 01.01.2023 жылғы жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 35 794 адам тұр, оның ішінде: - жетім балалар – 2 917 адам; - көп балалы отбасылар – 7 641 адам; - халықтың әлеуметтік осал топтары – 15 781 адам. - мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері - 9 448 адам; - жалғыз тұрғын үй апатты деп танылды - 7 адам. Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың өсуі жыл сайын шамамен 3 мың адамды құрайды. Тұрғын үйге кезектілікті төмендету үшін жыл сайын кезекте тұрған кемінде 4 мың адамды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жылына 80 пәтерге 50 жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру қажет. Бұл үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту талап етіледі. Қабылданған шаралар қысқа мерзімде халықты жеке тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға және кезекте тұрғандар санын азайтуға мүмкіндік береді. Газбен жабдықтау мәселелері Бүгінгі күні Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 217 955 адам тұрады. Оның ішінде, 274 елді мекен (73,9%) немесе 1 099 202 адам (90,2%) табиғи газбен қамтамасыз етілген. Анықтама: 01.01.2022 жылы 257 елді мекен (69,3%) немесе 1018 мың адам (88,6%) табиғи газбен қамтылған болатын. 2023 жылы 11,1 млрд. теңгеге 36 елді мекенде құрылыс жұмыстары іске асырылуда (тұрғын санымен есептегенде 90,2%-дан 92%-ға жетеді). Оның ішінде осы жыл қорытындысымен 18 елді мекендегі 21,3 мың халық газға қосылатын болады. Нәтижесінде, газбен қамтылған халық үлесі 92%-ға жетеді. Қалған 18 елді мекендегі (42,1 мың адам) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Ағымдағы жағдайда облыстағы 97 елді мекен газдандырылмаған болса, оның ішінде: - 36 елді мекенде жеткізуші немесе ауылішілік газ құбырларының құрылысы жүргізілуде (Қордай-6 е.м., Т.Рысқұлов-1 е.м., Меркі – 1 е.м., Талас-3 е.м., Сарысу-15 е.м., Шу-10 е.м.); - 61 елді мекенге (құны шамамен - 48,5 млрд.теңгеге) жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (Жамбыл-4 е.м., Жуалы-4 е.м., Мойынқұм-24 е.м., Талас-6 е.м., Қордай-1 е.м., Т.Рысқұлов ауд.- 7 е.м., Меркі ауд.- 3 е.м., Сарысу ауд.-6 е.м., Шу ауд.-6 е.м.)). Өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2027 жылға қарай облыс елді мекендері 100% табиғи газбен қамтылады. Жылу қуатының тапшылығы Тараз қаласындағы АҚ-4 қазандығының жылумен жабдықтау аймағында жаңа нысандардың пайдалануға берілуіне байланысты алдағы жылдары (2025 жылы) жылу қуатының тапшылығы күтілуде. АҚ-4 қолданыстағы белгіленген қуаты - 200 Гкал/сағ., қосылған жүктемесі - 172,6 Гкал/сағ. Тараз қаласында жаңадан салынып жатқан 15 шағын ауданға техникалық шарт бойынша берілген жылу жүктемесі - 73,25 Гкал/сағ, оның ішінде: қосылған жүктемесі - 2,6 Гкал/сағ. Жаңа объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейінгі күтілетін жылу жүктемесі - 243,75 Гкал/сағ. (172,6 + 70,6 = 243,7). Осылайша, құрылыс аяқталғаннан кейін АҚ-4 қазандығында жылу қуатының тапшылығы күтіліп, 43,7 Гкал/сағ. (243,7 - 200 = 43,7) құрайтын болады. 2023-2024 жылдары қуаты 60-80 МВт дейінгі қосымша су жылыту қазандарын орнату жоспарлануда. АҚ-4 қазандығын кеңейту жолымен қосымша су жылыту қазандарын орнату кезінде қазандықтың қуаты 280 Гкал/сағ. артатын болады (200 + 80 = 280). Су жылыту қазандықтарының жалпы қуаты - 80 Гкал/сағ. Осылайша, су жылыту қазандары орнатылғаннан кейін АҚ-4 қазандығы қуатының профициті - 36,3 Гкал/сағ құрайды. Тараз қаласындағы Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қарасу тұрғын үй алаптарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станциялардың құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп ағымдағы жылдың 17 ақпанында мемлекеттік сараптаманың №19-0073/23 қорытындысы алынды. Аталған жобаны қаржыландыру мақсатында ағымдағы жылдың 27 ақпанында №07-1487 шығыс хатынмен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Алдағы уақытта аталған жобаға қаржы қарастырылған жағдайда подстанциялардың құрылысы жүргізілетін болады. Кәріздік-тазарту құрылыстарын салу Статистикалық мәліметтерге сәйкес Тараз қаласында362,9 мың адам тұрады. Су бұру жүйелерімен 294,15 мың адам немесе 54,7% қамтамасыз етілген. Дегенмен, қалада сарқынды суларды тазарту құрылыстары жоқ. Нәтижесінде, ағынды сулар ауыл шаруашылық арналарының, Аса өзенінің ластануына, сондай-ақ осы аумақтағы жерасты суларының ластануына әкеліп соғады, бұл төтенше жағдай қаупін тудырады. Апатты жағдайларды болдырмау мақсатында қосымша алқаптар қазуға қосымша 20 га жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда, бөлінген 20 га жер телімінде қосымша 12 картаның қазу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 16.09.2022 ж. № 180 бұйрығымен кәріз тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау, жаңғырту жобаларын іске асыру жобаларын іріктеу, қарау, келісу және мониторингілеу әдістемесі бекітілді. Бүгінгі таңда, әкімдік «ХҚҰ-ның водоканалдарға кепілдікпен қарыз алуы» тетігі бойынша ҚТҚ салу және реконструкциялау жобаларының Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Қазіргі таңда, әкімдік Тараз қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жобалау, салу және қаржыландыру мәселелерін пысықтау үшін жұмыс тобы құрылып, ТЭН-нің техникалық тапсырмасы әзірленіп, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-мен келісілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Еуропалық қайта құру және дамыту банкі (ЕҚДБ) (бұдан әрі-Банк) басшылығы Тараз қаласына арналған кәріз тазарту құрылыстарын салу жөніндегі жобаның тұжырымдамасын (концепция) келісті. Әкімдік жанынан КТҚ салу бойынша жобаны іске асыру үшін жобалық-жұмыс тобы құрылды. 2023 жылғы 24 қаңтарда Тараз қаласындағы кәріз тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасы бойынша ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес банктік техникалық-экономикалық зерттеуді (ТЭН) және техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) дайындауға ашық халықаралық конкурс жарияланды. Өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 10 наурызына дейін болды. Байқауға қатысуға 52 компания шақырылды. 4 компания конкурстық өтінім берді. Конкурстың қорытындысы 15 сәуірге дейін шығарылады деп күтілуде. Жеңімпазбен шартқа қол қою 30 сәуірге дейін күтіледі. Байқауға қатысушылар: - - Senat Consulting, Словения - Green ENGINEERING KZ, Қазақстан - Гидрофил, Австрия - K. S. Solutions, Қырғызстан Әлеуметтік мәселелер бойынша 1 934 өтініш – 11,1%. Облыста әлеуметтік мәселелерді шешу 5 бағытта жүргізілуде (халықты жұмыспен қамту, көші-қон, аз қамтамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету). Халықты жұмыспен қамту шаралары аясында 2023 жылдың 1-ші сәуіріне 2022 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында 18158 адам жолданды. 2023 жылдың 1-ші тоқсанында 5967 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, оның ішінде АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелері 9103 адамның қатарынан 786 адам белсенді шараларға тартылғандар, 4070 адам жүгіну кезінде тұрақты жұмысы барлар. Бүгінде Қазақстанда 707,9 мың мүгедектігі бар азаматтар тұрса (халықтың 4%), Жамбыл облысында 45,6 мың мүгедектігі бар азаматтар есепте тұр (облыс халқының 3,7%). 2023 жылға облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 4,7 млрд. теңге бөлінген. 2023 жылдың 1-тоқсанының нәтижесінде, қаралған қаржылар есебінен 8720-дан астам техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды немесе қажеттіліктің 60,8% қамтылды. |