2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жоба

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                              27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

1) 2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2023 жылға пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері осы қаулының         2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                                     Н. Жігітеков

2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
14 апреля 2023