Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

Бөлінген қаражат

1

2

3

4

5

 

1.

Толчок тұрғын алқабындағы ескі мал базарының жер телімін пайдалану бойынша жер иесі - жеке кәсіпкермен тиісті жұмыстар жүргізіп, шаралар қабылдау

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

2014 жылы Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі бойында орналасқан, мал базарларды пайдалануды ветеринарлық – санитарлық талаптарға сай келгенше уақытша тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылып, осы талап арыз қанағаттандырылды.

Жеке кәсіпкер М.Н.Кадыровтың Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі, № 31 жайда орналасқан, мал базары үшін, көлемі 1,2900 га жеке меншік құқығына берілген жер учаскесі 1997 жылдың 7 шілдедегі № 2809 Тараз қаласы әкімінің шешімімен берілген. Қазіргі таңда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын ауыстыру бойынша жұмыстары жүргізілмеген.

Мәмбет батыр көшесі, № 31 жайда орналасқан, мал базары үшін берілген жер учаскесінде қаланың Бас жоспары бойынша «Қырғызстан базасы» және «Әли» жеке кәсіпкерлігі нысандарының (ғимараттарының) құрылыстары қарастырылған.

Жер телімі жеке меншікте болуына байланысты жергілікті атқарушы органдары тарапынан алдағы уақытта жоғарыда аталған жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары қарастырылмаған.

Қаражат қажет етпейді

2.

Толчок тұрғын алқабындағы шайынды су маңында бос жатқан 100 га жер теліміне балық шаруашылығын ашу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс беру

2022 жылғы

1 қазан

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеубасқармасы,

 

Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге, Тараз қаласы аумағында балық шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары тіркелмеген. Жамбыл ауданында тіркелген «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы Тараз қаласының аумағынан 18 га жер теліміне алып өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге инвестиция тарта отырып балық шаруашылығын жүргізуде. Аталмыш жер телімі Тараз қаласының Толчок тұрғын алқабындағы ескі мал базар аумағында орналасқан. Шаруа қожалық басшысы – Қуанышбаев Нұрғиса Абдурахымұлы. Шаруа қожалық басшысы шаруашылықта амур, сазан, дөңмаңдай (толстолоб) атты балық түрлерін өсіруде.

Қаражат қажет етпейді

3.

Мамбет батыр көшесінің соңындағы айналма жолына түнгі жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу

 

2022 жылғы

1 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-мен Тараз қаласының айналма жолы бойымен тротуар, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда саяжай алқаптарынан құрылысы жаңадан салынған мектепке дейін тротуар, канал үстімен жаяу жүргіншілер көпірі салынып, Мәмбет батыр көшесінің қиылысынан бастап Орталық базар маңындағы теміржол өткеліне дейін түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылуда.

Жұмыстарды сәуір айының соңына дейін аяқтау көзделуде.

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру қызметі жұмыстары жүргізілуге 1,5 млрд тг қарастырылды.

4.

Пригородный көшесі бойындағы каналдан аққан судың көлемін зерделеп, кеңейту бойынша ұсыныс енгізсін.

2022 жылғы

1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, «ҚазСуШар» РМК

Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Пригородный көшесі жанымен Солтүстік бұрма каналы (лево отводной канал) өтеді. Канал «Казсушар» мемлекеттік кәсіпорыны меншгінде. Көп көлемде су берілген уақытта осы аумақта каналдың бетон лотоктарынан су асып тасуы орын алуда. Қазіргі таңда бетон лотоктардың деңгейін көтеру (наращивание) жұмыстары кәсіпорын тарапынан қажетті материалдар сатып алынған. Қолайлы күн райы басталысымен егістік алқаптарға су беру маусымына дейін тиісті жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Қаражат қажет етпейді

5.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демеушілердің қолдауымен Асқаров көшесінің аяғында орналасқан жаңа мектепке барар жолға жаяу жүргіншіге  арналған көпір орнату

                     

2022 жылғы

 1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

Асқаров көшесінің аяғында орналасқан жаңа мектепке барар жолға жаяу жүргіншіге арналған көпір орнатылды.

Қаражат қажет етпейді

6.

15 мөлтек ауданы мен «Бурыл» алқабы аралығындағы Түйте каналын тазалау жұмыстарын жүргізу

 

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

«Түйте» каналы «МК Түйте суы» ЖШС меншігіндегі канал   және үнемі ағын сумен қамтамасыз етіледі. Алайда, канал қаланың халық көп шоғырланған орындарымен ағатын болғандықтан, қоқысқа толу фактілері жиі орын алуда.

Канал иесі тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша ескертілді.

Күн райының қолайлы кезеңі басталысымен жұмыстар басталып, 2023 жыл 30 наурызға дейін аяқтау көзделуде.

Қаражат қажет етпейді

 

 

Қала әкімі                                                                                                                                                Б.Орынбеков

 

Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Дата публикации
13 апреля 2023