Облыс әкімінің Тараз қаласы №1 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
Бөлінген қаражат |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. |
Жеке секторларда орналасқан кварталдық комитеттердің жұмысын жандандырып, қала әкімінің бас инспекторларымен тығыз жұмыс жүргізілуін қадағалау |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
11 аумақтық округінің бас инспекторларына, аумақтық округта орналасқан кварталдық комитет төрағаларымен бірлесіп жұмыс атқару жөнінде хабарланды. Бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде.
|
Қаражат қажет етпейді |
|
2. |
Рысбек батыр көшесі, №6 үй жанынан әлеуметтік дүкен ашу мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеу |
2022 жылғы 10 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров «Тараз ӘӘК» АҚ басқарма төрағасы Д.Әбілқайыров (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қаласы, «Химпоселок» аймағында, Рысбек батыр көшесінің бойынан мемлекеттік меншігіндегі бос жер учаскесі жоқ екендігін хабарланады. |
Қаражат қажет етпейді |
|
3. |
Төле би даңғылы, №№94, 96 көпқабатты үйлердің кондоминиум нысанында салынып жатқан кәсіпкерлік нысанның заңдылығын анықтап, тиісті шаралар қабылдау |
2022 жылғы 20 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
2022 жылғы 14 қазандағы Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының №3194-22-00-4/427 шешімімен ішінара қанағаттандырылған. А.Е.Дивеевтің өкілі К.Ж.Искаковтың 2022 жылғы 19 желтоқсандағы аппеляциялық шағымына сәйкес, Жамбыл облысының әкімшілік алқасының қарастырылуында. |
Қаражат қажет етпейді |
|
4. |
Төле би даңғылы, №№1, 3 үйлердің жанында бос жатқан 0,0500 га жерге балалар ойын алаңшасын салу мәселесін белгіленген тәртіпке сәйкес зерделеп, ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 20 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
Қала аумағында аулаларды абаттандыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық жоспар бекітілген. Ағымдағы жылы 25 аула жоспарлануда. Төле би даңғылы, «Доснар» сауда кешенінің жанындағы бос орынға ойын алаңшасын салу бекітілген жоспарға енгізілмеген. Аталған мекенжай 2026 жылдың жоспарына енгізіледі. Сондай-ақ, қосымша қаражат бөлінген жағдайдаойын алаңшасын жоспардан тыс салу мәселесі қарастырылады. |
ББӘ тарапынан бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда бюджеттік комиссия қарауына енгізілетін болады |
|
5. |
Н.Тлендиев атындағы мектеп – интернаты мен Абдуллин көшесінің ортасын құрылыс қалдықтарынан тазалап, сол жерге спорт нысанын салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 8 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
Қала аумағында спорт алаңшаларын салу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық жоспар бекітілген. Ағымдағы жылы 4 алаңша салу жоспарлануда. Мекенжай 2026 жылдың жоспарына енгізіледі. Сондай-ақ, қосымша қаражат бөлінген жағдайда ойын алаңшасын жоспардан тыс салу мәселесі қарастырылады. |
ББӘ тарапынан бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда бюджеттік комиссия қарауына енгізілетін болады |
|
6. |
Сұлтанбаев 3-тұйық көшесінің аншлагтары мен үйлердің нөмірленуін реттеу |
2022 жылғы 25 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
Сұлтанбаев 3 тұйық көшесінің аншлагтары мен үйлердің номерленрін реттеу бойынша бойынша Тараз қаласы әкімдігінің мамандары орнына шығып қаралып, үй номерлері дұрыс болмауына байланысты тұрғындарына мекенжайын беру, мекежайын нақтылау, жою бойынша өтініштерін «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурызы №168 бұйрығы) қағидасына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшелері арқылы қаралатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Қаржы бөлінбеген |
|
7. |
«Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын салу мәселесін талдап, орнын белгілеп, мәселені шешу |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі |
Қала аумағында аулаларды абаттандыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық жоспар бекітілген. Ағымдағы жылы 25 аула жоспарлануда. «Төрткүл» алқабындағы ойын алаңшасын салу бекітілген жоспарға енгізілмеген. Мәселе зерделеніп, қолайлы жер телімі анықталған жағдайда алқап бойынша алаңша салу 2026 жылдың жоспарына енгізіледі. Сондай-ақ, қосымша қаражат бөлінген жағдайда ойын алаңшасын жоспардан тыс салу мәселесі қарастырылады. |
ББӘ тарапынан бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда бюджеттік комиссия қарауына енгізілетін болады |
|
8. |
Айналма жол салу мақсатында Ж.Аппасова көшесінде орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алынатын тұрғын үйлерді тез арада анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу |
2022 жылғы 10 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
2022 жылдың 13 қыркүйегінде Тараз қаласы әкімдігінің №4854 Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Тараз қаласы, Ж.Сабалақов көшесі №27, №25 «Б» және Ы.Сүлейменов көшесі №146, №148 жайдағы үйлерге қаулысы қабылданған. Аталған қаулыға сай, 4 жер телімінің иелеріне ескерту хаттары мен ұсыныс хаттары жолданған. Қазіргі таңда, 2 жер пайдаланушы бағалау туралы есебіне өз келісімдерін берді. Мемлекет мұқтажына қайтару үшін, бюджеттен 155,1 млн.теңге қаражат бөлінген. |
155 151,7 мың теңге қарастырылды |
|
9. |
Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қаласына Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу үшін қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан Рахимов көшесінің бойындағы аллея аумағы («Шафран» кафесіне қарама қарсы жер телімі) ұсынылған болатын. Қосымшада эскиз жобасы әзірленіп ұсынылды. |
Қаржы бөлінбеген |
|
10. |
«Көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау» бағдарламасы аясында Төле би даңғылы, №116 үйді күрделі жөндеуден өткізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
Төле би даңғылы, №116 үйдің тұрғындарымен үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін арнайы жиналыс өткізіліп, түсініктеме берілді. Нәтижесінде Төле би даңғылы, №116 үй көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркелген. Кондоминиум мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен басқару Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларымен реттеледі. Күрделі жөндеу жүргізу шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерде «жаңа» басқару органы (мүліктің меншік иелері бірлестігі (ОСИ) немесе жай серіктестік (ПТ) болуы қажет. Қала әкімдігінің мамандарымен аталған үйде 4 мәрте жиналыс өткізілді. Тұрғындар арасынан анықталған белсенді топқа меншік иелері бірлестігін тіркеу бойынша және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізу туралы хаттамалар берілді. Белсенді топ жазбаша сауалнама жүргізіп дауысқа салу нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Аталған тапсырма тұрақты бақылауда. |
Қаржы бөлінбеген |
|
11. |
Ы.Сүлейменов және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында орналасқан аялдаманы қайта орнына қойып, жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) салу жұмыстарын жүргізу |
2022 жылғы 5тамыз
|
Тараз қаласының әкімі |
Аталған қиылыста жаңа аялдама кешенін салу 2024 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, ауа-райының қолайлы кезеңінде аялдама жанында жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) салу жұмыстары жүзеге асады. |
Тараз қаласы бойынша бағдаршамдарды ұстау, жолдарды сырмен белгілеу, зебра және тоқтау белгілерін сызу, жүргінші өтпелерін орнату, интерактивті жол белгілерін орнату, жасанды жол кедергілерін орнату, жол жүрісін басқару үшін "ақылды бағдаршам" аппарттық бағдарламасын орнату, авариялық жағдайларды қайта қалпына келтіру шығындары техқадағалаушы қызметіне 320 000 мың тг қарастырылды |
|
12. |
2022 жылдың 5 қаңтарынан бері мүгедектікке шыға алмай жүрген жалғызбасты көпбалалы ана Г.Бексеитоваға заң нормалары аясында көмек көрсету |
2022 жылғы 8шілде
|
Тараз қаласының әкімі |
Бексеитова Гулнар Берикбайқызы, 1984 жылы туылған, Тараз қаласы, Рахимов көшесі 2 өткелі №1 үй тұрғыны, көпбалалы ана, жолдасы қайтыс болған. Көпбалалы ана ретінде 50976 теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 73283 теңге жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 60922 теңге әлеуметтік төлем, жұмысқа қабілеттігінен айрылуына байланысты 26094 теңге жәрдемақы алады. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, мүгедектерге әзірленген мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы (МЖОБ) аясында қамтамасыз етеді. Г.Бекситоваға 2022 жылғы 21 маусым күні 2 топ мүгедектігі 6 ай мерзімге тағайындалған. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес балдақпен қамтамасыз етіледі. 2 топ мүгедегі ретінде 57206 теңге жәрдемақы тағайындалған. |
Қаражат қажет етпейді |
Қала әкімі Б. Орынбеков