Жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
176 мемлекеттік қызмет түрі (297 мемлекеттік кіші қызмет түрі) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 17 қызмет түрі (5,7 %);
  • электронды түрде – 280 қызмет (94,3 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 109 қызмет (36,7 %).

2023 жылдың І тоқсанында облыс бойынша ЖАО 3,1 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 121 086 қызмет (99,19 %);
  • қағаз түрінде –     250 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   25 567 қызмет (0,8 %). 

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 89 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 10. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 758 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 595 917 халық қамтылды.     

         2023 жылдың І тоқсанында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 19 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 22 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 15 жергілікті атқарушы органдар, 7 ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтылды.          Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.

Нәтижесінде 49 бұзушылықтар анықталды және 22 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу 4 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 1 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 29 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 15 фактісі анықталды.

Жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
09 апреля 2023