Жамбыл облысының 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 143,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-104,6%.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 7,3%-ға (13,9 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 5,3%-ға (102,1 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда –0,3%-ға (26,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 2,2%-ға (1,1 млрд.теңге) қысқарды.
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 183 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 26,9 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («АлельАгро» АҚ - Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты, «Satellie GS» ЖШС - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, «Мол Даму» ӘКК - сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу, «Бахор» ЖК - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 26,6 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-ақпанға 101,8%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 0,4 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы – 26,1 млрд. теңге (НКИ-101,8%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен және субвенциялар есебінен республикалық бюджеттен 22 248,7 млн. теңге субсидия бөлінді. 2023 жылғы 1 науырызына 280,0 млн. теңге игерілді.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 17,5 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 104,4%, сүт – 35,5 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 14,8 млн. дана (86,8%).
МІҚ саны 508,0 мың басты (99,9%), қой – 3252,0 мың басты (105,6%), жылқы – 169,5 мың басты (105,4%), құс – 2160,4 мың басты (132,5%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 720,8 млрд.теңгені (119,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 143,5 мың адамды (114,8%) құрады.
2023 жылғы 1 наурыздағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 98,3 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 88,4%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 215,6 млрд.теңгеге 9152 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 161,6 млрд. теңгені құрайтын 4840 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. – 3,0 млрд. теңгеге 68 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 31,9 млрд. теңгені құрайтын 3901 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. – 0,6 млрд. теңгеге 16 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,2 млрд.теңгеге 134 жоба іске асырылуда (2023 ж. – 153,1 млн. теңгеге 3 жоба).
2023 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда айналымы 64,0 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарай 1,3%-ға, көтерме тауар айналымы –43,7 млрд. теңгеге (0,5%-ға) ұлғайды.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 426,4 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылға қарай 165,1% құрады, оның ішінде экспорт – 163,3 млн. АҚШ долларын (2,7 есе), импорт – 263,1 млн. АҚШ долларын (1,3 есе). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 99,8 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 65,8 млрд.теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-ақпанға 83,9%-ға құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 6,9 млн. тонна (83,3%), жүк айналымы – 6,4 млрд.ткм (89,6%), жолаушыларды тасымалдау – 9,2 млн. адам (122,4%), жолаушылар айналымы – 267,6 млн. ткм (106,4%) құрады.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 33,7 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 111,8%-ды құрады.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 8,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 175,2% құрады.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 72,7 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 107,8%-ды құрады.
Инфляция деңгейі 2023 жылғы ақпан айында 2022 жылғы желтоқсанға 2,1% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,3% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 1,9% - ға, ақылы қызметтерге – 1,8% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен (ҚР -2,3%).
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы ақпанда 2023 жылғы қаңтарға 101,2% құрады, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 101,2%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 100,9%, ақылы қызметтер бойынша - 101,5%.
Азық - түлік тауарлар тобы бойынша 2023 жылғы ақпан айында жемістер мен көкөністердің бағасы - 6,2% - ға (оның ішінде пияз - 30,0% - ға, қырыққабат - 17,2%-ға, тәтті бұрыш - 14,9%-ға, қызанақ - 7,7%-ға, қияр - 6,9%-ға, алма - 2,1%-ға, картоп - 1,7%-ға), күріш - 3,7%, макарон өнімдері, балық пен теңіз өнімдері - 2,0% - ға, нан, сүт өнімдері - 0,4% - ға, ет - 0,2% - ға (оның ішінде шұжық - 1,8%-ға, жылқы еті - 0,3%-ға), май мен тоң май - 0,1% - ға көтерілді.
Қант бағасы 1,4% - ға, қарақұмық 1,2% - ға, жұмыртқа - 0,1% - ға төмендеді. Қой, сиыр, шошқа еті, маргарин, өсімдік майы бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша үй жануарларына арналған жем бағасы 3,4%-ға, жуу және тазалау құралдары - 2,0% - ға, киім мен аяқ киім - 1,1% - ға, фармацевтикалық өнімдер, жеке көлік құралдарына арналған отын және жағармай материалдары бағаларының - 0,3% - ға өсуі байқалады.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында әуе жолаушылар көлігімен жол жүру тарифтері 7,2% - ға, теміржол көлігі - 0,2% - ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері 3,6% - ға (оның ішінде орталық жылыту, 1 Гкал үшін - 38,2%, ыстық су, 1 текше метр үшін - 17,0%, суық су, 1 текше метр үшін - 7,3%), телефон және факсимильді байланыс қызметтері -1,8% - ға (оның ішінде Интернет желісіне кіру үшін абоненттік төлем - 6,7% - ға) көтерілді.
Салықтар. 2023 жылдың 1 наурызына мемлекеттік бюджетке 33,1 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 152,8% (о.і. РБ – 12,3 млрд. теңге (105,1%), ЖБ - 20,9 млрд. теңге (208,5%)) түсті.
Салық бойынша берешек 3,0 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 84,8%-ды құрады.
Бюджет. 2023 жылдың 1 наурызына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 74,4 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері - 20,9 млрд. теңгені немесе болжамға 208,5%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 19,5 млрд. теңге (202,6%), салықтық емес түсімдер - 0,8 млрд. теңге (264,9%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 0,6 млрд. теңге (674,8%) құрады. Бюджеттік шығындар 97,6%-ға (63,7 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12706 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 2693 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 753 адам, жастар практикасымен - 347 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 4799 адам қамтылды.
Жаңадан 9419 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 3174. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 14163 адамның 8512 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 243 477 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 13,1%-ға артты (2022 ж. 4 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
97 098 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға (2022 ж. 3 тоқсан) өсті.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 27,2 мың тұрғынға 398,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 359,4 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 37,5 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 1,3 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 315,6 млрд. теңге қарастырылып, 41,3 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,2%. 2023 жылы білім беру нысандарын дамытуға 21,9 млрд.теңге қарастырылды (Ұлттық Қор қаражаты есебінен - 15,3 млрд.теңге, ОБ - 6,6 млрд. теңге).
2023 жылы 13 білім нысандарының (Жамбыл ауданы Шоқай ауылындағы 150 оқушыларға, Қордай ауданы Бәйтерек ауылындағы 150 орындық, Мерке ауданы Ақжол ауылында 80 орындық және Қайыңдысай ауылында 150 орындық, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық, Шу ауданы Төлеби ауылы Әл-фараби атындағы 300 орындық, Тараз қ. «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, Казарма алқабында 100 орындық, Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 1200 орынға арналған мектеп салу (№16 учаске), Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 1200 орынға арналған мектеп салу (№21 учаске) орта мектептерінің құрылысы, Тараз қаласы №6 орта мектебі ғимаратына жапсарлас спортзал құрылысы, Сарысу ауданы Жаңаталап ауылы Жаңаталап орта мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана және мәжіліс залы құрылысын салу) құрылысын жалғастыру қарастырылған.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 8 мектептің (Байзақ ауданы Бурыл ауылында 300 оқушыға және Сарыкемер ауылында 600 оқушыға, Қордай ауданы Қарасу ауылында 300 оқушыға және Қаракемер ауылында 300 оқушыға арналған, Тараз қаласының 13 мөлтек ауданында 1 200 оқушыға, 15 мөлтек ауданында 2 000 оқушыға, 15 мөлтек ауданында 1 200 оқушыға, Тараз қаласы «Шөлдала» тұрғын алқабында 1 200 оқушыға арналған мектептер құрылысын салу) құрылысы қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 445 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2023 жылғы 1 наурызына облыстағы 573 мектепке дейінгі ұйымдарымен (450 балабақша, 123 шағын орталықтар) 59,9 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
11,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 1 591,9 млн. теңге игерілді, немесе 99,5%-ды құрады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,5 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 694,7 млн.теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3,9 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 141,5 млн. теңгесі игерілді.
4 денсаулық сақтау нысанын дамытуға (ДА - 1, Жуалы ауданы ОАА қосымша ғимарат құрылысы, Меркі ауданының ОАА ғимараты және Шу ауданы Шу қаласының қалалық емханасын қайта жаңғырту) 940 млн. теңге қарастырылды.
2023 жылғы қаңтар-ақпанда наркологиялық аурулар, психикалық бұзылулар және мерез сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, сонымен қатар қатерлі ісік ауруларының, қант диабеті және қан айналымы жүйесі деңгейі төмендеді.