Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 30 сәуірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы 30 сәуірге Қордай ауданының Масанчи және Сарыбұлақ ауылдық округтері, Сарысу ауданының Жайылма аулдық округі және Шу ауданының Шу қаласы, Жаңақоғам ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Шу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/documents/details/445752?directionId=28057&lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы