САЛЫҚТАР
2023 жылдың 1 наурызына мемлекеттік бюджетке жоспарда 21,7 млрд. теңге болса, 33,1 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 152,8%-ға қамтамасыз етілді, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 114,8%-ды құраған, оның ішінде:
республикалық бюджетке 12,3 млрд. теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 105,1%-ға орындалған;
жергілікті бюджетке 20,9 млрд. теңге сомасында түсімдер түскен немесе жоспар 208,5%-ға орындалған, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 107,8%-ды құрады.