Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

  

2023 жылғы «17» ақпан

№22 бұйрық

 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

 

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер                           туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабы                      3-тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы                   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аппарат басшысы                                                                            М. Мәтен

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі

аппараты басшысының 
2023 жылғы « 17 »

       ақпандағы

№22 бұйрығына

        қосымша

 

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

 

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы;
  2. Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
    (қаржылық мәселелерге жетекшілік ететін);
  3. Жамбыл облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
06 марта 2023