Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы!
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуге даярлық жұмыстары бойынша 2023 жылдың 3 наурызында №50 сайлау учаскесінде сағат 16-00 де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге арналған «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері» туралы семинар-тренинг өткізіледі.
Мекенжайы: Тараз қаласы, «Астана» шағынауданы, №10«А», («Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы»)