Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын  дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

жоба

 Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын

 дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                 өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                              30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын  дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
28 февраля 2023