Жоба 2023 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 63-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері.
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
|
Жамбыл облысының әкімі |
|
Н.Нұржігітов |
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Н.Жігітеков