ЖОБА  Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

                                                                                                            

ЖОБА

 Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Басым дақылдар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының  әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын   бақылау   жетекшілік   ететін   Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов       

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                                        Н. Жігітеков

ЖОБА  Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Дата публикации
28 февраля 2023