Терроризм актісі қаупі төнген және жасалған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру

Жамбыл облысында (Тараз қаласы мен барлық аудандарды қамти отырып) «терроризм актісі қаупі төнген және жасалған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығуға терроризмге қарсы күрес жөніндегі барлық аудандық жедел штабтардың жедел топтарының басшылығы қатысты.

Мақсаты-әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізудің теориясы мен практикасын игеру, терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде басқару органдарының үйлесімділігін арттыру.

Оқу-жаттығу террористік актінің кіріспе сценарийлерін жеткізу, ситуациялық міндеттерді модельдеу арқылы жедел топ басшылары мен олардың орынбасарларының (дублерлердің) баяндамаларын тыңдау форматында өтті.

Қатысушылардың құқықтық және теориялық дайындығын бағалау мақсатында жедел штабтардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді (заңнаманы, бірлескен бұйрықтарды) білу тұрғысынан тесттер қабылданды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында тәжірибеге енгізу туралы шешім қабылданды.

 

Материал Жамбыл облысы бойынша Терроризмге

қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризм актісі қаупі төнген және жасалған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру
Дата публикации
24 февраля 2023