Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 сәуірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 сәуірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 ақпандағы №04 шешімімен 2023 жылғы 2 сәуірге Қордай ауданының Ноғайбай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

2023 жылғы 2 сәуірге тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Сайлауды тағайындау туралы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/115468?lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 сәуірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
23 февраля 2023