2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының              кезектен тыс сайлауында облыстар, республикалық маңызы бар  қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың  республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған

Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының 

            кезектен тыс сайлауында облыстар, республикалық маңызы бар  қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың  республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

   

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 130 000 (жүз отыз мың) теңге;

3) көліктік шығыстарға - 70 000 (жетпіс мың) теңге.

  1. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


М. Ерман

 

 

Астана қаласы

2023 жылғы 19 ақпан

№47/727

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының              кезектен тыс сайлауында облыстар, республикалық маңызы бар  қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың  республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
Дата публикации
20 февраля 2023