2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет
қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
|
Астана қаласы
2023 жылғы 19 ақпан
№47/726