Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

хабарламасы

 

 

2023 жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысында Байзақ ауданының Сазтерек ауылдық округі, Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылдық округі, Талас ауданының Кеңес ауылдық округі және Шу ауданының Қонаев ауылы, Жаңа жол, Ақтөбе, Ескі Шу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

 

Байзақ ауданы Сазтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 998 азамат енгізілді, олардың 687 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны 15, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         А Маткулов   77;   Назарбек Ж 38; Ж.Шайхиев 554.

         Сазтерек  ауылдық округінің әкімі болып  Шайхиев Жумабек Асанович сайланды, 1964 жылы туған,  Байзақ  ауданы  Сазтерек  ауылдық округі,  Сазтерек ауылдық округінің әкімі, Абай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

         Байзақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағығы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда  сайланған    Байзақ ауданының  Сазтерек ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/428309?lang=kk

           

 

Меркі ауданы Рысқұлов  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 2248 енгізілді, оның 938-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 43, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 6.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Байкулов Б. – 407, Медетбеков М.- 211, Узбекбаев Н. - 271.

          Рысқұлов ауылдық округінің сайланған әкімі Байкулов Бахтияр Усенович, 1979  жылы туылған, «Merke Industry» ЖШС жұмсақ жихаздар цехының бригадирі, өзін-өзі ұсынған, Меркі ауданы Рысқұлов ауылында тұрады.

         Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының          45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылы  12 ақпанда сайланған Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/113456?directionId=14512&lang=kk

 

Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 689 азамат енгізілді, олардың 501 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

П.Б.Арыстанова - 33; А.П.Мақұлбек - 34; Е.С.Тәттібай - 417.

Кеңес ауылдық округінің әкімі болып Тәттібай Еркебұлан Серікұлы сайланды, 1990 жылы туған, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;

         Талас аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 12 ақпанындағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Кеңес ауылдық округі әкімін тіркеді.

Талас аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/article/details/114524?lang=kk

 

Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 522 азамат енгізілді, олардың 501 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 27, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Анатаев Е.М. – 287;  Апсатов А.Қ. – 183; Байманасов Ә.Ғ. – 4;

Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып Анатаев Ерғазы Мадиярұлы  сайланды, 1978 жылы туған, Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округі, Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Бірлік ауылы, Амангелді көшесі №76 үй тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

        

 

Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1743 азамат енгізілді, олардың 930 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 30, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Абашов Н.А. – 257;  Әділханұлы Э. – 202; Иманбаев Е.Б. – 106; 

Имашов Д.А. – 36;    Исмаилов Х.Ч. –3;  Кожагулов Г.Ш.–225;  Утегулов М.Т. – 101;

Ескі Шу ауылдық округінің әкімі болып Абашов Нұрлан Арыстанұлы сайланды, 1976 жылы туған, Шу ауданы Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау туралы мекемесінде бухгалтер көмекшісі, Шу ауданы, Төле би ауылында Балуан Шолақ көшесі, №169 үйде тұрады,  өзін-өзі ұсыну жолымен.

 

 

Жаңа жол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1402 азамат енгізілді, олардың 777 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 63, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 101.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Алипбаев Д.Б. – 719;  Башырхан Т.А. – 2; Исахов Г.С. – 55;  Майкеев Т.Ж. –1;

Жаңа жол ауылдық округінің әкімі болып Алипбаев Дархан Бухарбаевич  сайланды, 1987 жылы туған, Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округі әкімі, Бірлікүстем ауылы, М.Ниязбеков көшесі №66 үй тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

         Шу ауданы Қонаев ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3214 азамат енгізілді, олардың 1160 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 1.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ақбаев Қ.Е. – 3;  Молдабеков Д.К. – 75; Мухамбетжанов Б.М. – 182;         Нұрмағанбетов Н.С. – 600; Сулейменов М.Ш. – 148;  Сыздыкпаев И.Б.– 146;  Толегенов Б.К. – 6;

Қонаев ауылының әкімі болып Нұрмағанбетов Нұрсұлтан Сайлауұлы сайланды, 1966 жылы туған, Шу ауданы Қонаев ауылы әкімі аппаратының әкімі, Шу ауданы, Қонаев ауылында К.Смайыл көшесі, №41 үйде тұрады,  өзін-өзі ұсыну жолымен.

         Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда  сайланған Шу ауданының Ақтөбе, Ескі Шу, Жаңа жол ауылдық округі және Қонаев ауылы әкімін тіркеді.

 

Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/505283?lang=ru

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
16 февраля 2023