Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 және 16 округтік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:
№15 сайлау округі бойынша:
- Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, ұлты қазақ, кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
- Абдраимов Дусенбек Исахметович, 1960 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, ұлты қазақ, KIMEP University, Астана қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Баймагамбетов Берик Абенович, 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағы директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Салемов Серик Жаксылыкович, 1972 жылы туған, ұлты қазақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№16 сайлау округі бойынша:
- Нурумова Гульдара Алданышевна, 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз. Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ұсынған.
- Султанова Махаббат Тулегенкызы, 1977 жылы туылған, ұлты қазақ, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің директоры. Жамбыл облысы Шу ауданы Д.Қонаев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Жатканбаева Мадина Оналбайкызы, 1978 жылы туылған, ұлты қазақ, «Xaqmedia» журналистік зерттеу агенттігінің бас редакторы. Астана қаласының тұрғыны, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ұсынған.