№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатты тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бекешев Алмаз Аскарович, 1986 жылы туған, Жамбыл облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, Қорғаушы (адвокат). Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Султан Сабит, 1951 жылы туған, «SSS» жеке кәсіпкерлігінің басшысы. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№ 16 округтік сайлау комиссиясы