2023 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

                                                                                                           

ЖОБА

 2023 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын,

сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

1) 2023 жылға басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының  әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Мыналардың:

1) «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің    2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25340 болып тіркелген);

2) «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің    2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 136 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28656 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы                                                                        Н. Жігітеков

 2023 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Дата публикации
30 января 2023