Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 859,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 110,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 10,6%-ға (618,3 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 19,4%-ға (131,1 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 3,5%-ға                                       (6,0 млрд. теңге) өсім байқалады. 

Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,5%-ға (104,3 млрд. теңге) төмендеді.

2022 жылы 56,7 млрд. теңгеге 595 жаңа жұмыс орны құрылды,                          8 жоба іске асырылды («Каратау Про» ЖШС-гі - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Alina Group» ЖШС-гі - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру; «Turan Industry» ЖШС-гі – табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Ерсад-2021» ЖШС-гі - s (спанбонд) типті тоқыма емес маталарды өндіру бойынша қойма-цех салу, SS, SMS, MB (мельтблаун); «Қордай жем» ӘКК - қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен балыққа арналған құрама жем өндірісін кеңейту; «Япоша» ЖШС-гі ұнтақтарын өндіру зауытын салу; «Eco-Chiken» ӘКК-гі - шағын құс фабрикасының құрылысы; «Казфосфат» ЖШС-гі - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі                         590,2 млрд. теңгені немесе өткен жылға 107,5%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі -375,4 млрд. теңге (НКИ-112,6%), мал шаруашылығы - 214,1 млрд. теңге (НКИ-98,8%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 30 639,8 млн. теңге                                   (о.і. РБ - 20 315,2 млн. теңге, ЖБ - 10 324,6 млн. теңге) субсидия бөлінді.    2023 жылдың 1 қаңтарына 30 623,9 млн. теңге игерілді (о.і. РБ берілетін трансферттер есебінен - 20 314,2 млн.теңге, ЖБ - 10 309,7 млн. теңге).

2022 жылы өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың га немесе 2021 жылға қарағанда                      5,2 мың га артық алаңға орналастырылды, оның ішінде дәнді масақты дақылдар - 390,1 мың га, майлы дақылдары - 72,4 мың га, жем-шөп дақылдары - 215,2 мың га, көкөніс -78,3 мың га, қант қызылшасы -5,5 мың га.

Дәнді масақтардың жалпы өнімі 633,4 мың тоннаны, орташа өнімділігі 17,1 ц/га құрады.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында                    145,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылға 97,5%,                сүт - 338,0 мың тонна (102,0%), жұмыртқа - 139,7 млн. дана (93,9%).

МІҚ саны 0,7%-ға (502,4 мың бас), қой – 6,7%-ға (3205,3 мың бас), жылқы – 4,7%-ға (175,0 мың бас), құс – 21,4%-ға (2078,1 мың бас) өсті.

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-маусым шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 311,3 млрд.теңгені (113,4%), жұмыспен қамтылғандар саны - 133,3 мың адамды (108,0%) құрады.

2023 жылғы 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 92,6 мың бірлікті немесе өткен жылға қарағанда 129,8%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 87,2%-ды құрайды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 211,8 млрд.теңгеге 9065 жоба іске асырылуда. Начало формы

Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 158,6 млрд. теңгені құрайтын 4772 жоба жүзеге асырылуда                           (2022 ж. - 30,0 млрд. теңгеге 2124 жоба).

«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 31,3 млрд. теңгені құрайтын 3885 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж.- 13,8 млрд. теңгеге 2005 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,2 млрд.теңгеге 131 жоба іске асырылуда (2022 ж. - 487,3 млн. теңгеге 12 жоба).

2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда айналымы                           427,7 млрд.теңге және 2021 жылға қарай 0,1%-ға, көтерме сауда айналымы – 387,9 млрд. теңге (4,2%) артты.

2022 жылғы қаңтар-қазанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                  348,9 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 159,0% құрады, оның ішінде экспорт - 133,7 млн. АҚШ долларын (2,8 есе),                     импорт - 215,2 млн. АҚШ долларын (124,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 81,5 млн. АҚШ доллары.Начало формы

 

Конец формы

Көлік. Көлік қызметтері 561,2 млрд.теңгені құрап, 0,5%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2021 жылға қарай 0,2%-ға                               (139,4 млн.тонна), жолаушылар тасымалы - 5,9%-ға (479,0 млн. адам), жолаушылар айналымы - 5,7%-ға (4405,1 млн. жшк) ұлғайды. Жүк айналымы 2,7%-ға төмендеді (44500,0 млн.ткм).

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       423,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,2%-ды құрады.      

Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 227,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,0% құрады.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  693,5 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 101,5%-ды құрады.

Инфляция. 2022 жылғы желтоқсанда инфляция деңгейі 19,8% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 26,0% - ға, азық-түлік емес тауарларға-18,2% - ға, ақылы қызметтерге -12,5% - ға өсті.

2022 жылғы желтоқсанда 2022 жылғы қарашаға тұтыну бағаларының индексі 101,9%-ды (оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 102,5%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 102,0%, ақылы қызметтер бойынша - 100,9%) құрады.

Азық - түлік тауарлары бойынша жемістер мен көкөністердің бағасы - 8,0%-ға (оның ішінде қияр - 48,8%-ға, қызанақ - 19,9%-ға, пияз -                          10,9%-ға, алма - 2,6%-ға, қырыққабат - 1,1%-ға, қызылша - 0,7%-ға,                   картоп - 0,3%-ға), күріш - 5,9%-ға, жұмыртқа - 5,1%-ға, балық және теңіз өнімдері - 4,2% - ға, макарон өнімдері, сүт өнімдері - 2,2%-ға (оның ішінде ауыз сүт - 3,8%-ға, қаймақ - 2,1%-ға, қатты ірімшік - 0,8%-ға), ет, жарма - 0,6%-ға (оның ішінде жүгері - 3,7%-ға, жарма - 2,3%-ға, арпа - 2,2%-ға), шай - 2,9%-ға, майлар мен майлар - 1,0%-ға (оның ішінде маргарин - 2,2%-ға, жануар майы - 1,7%-ға, күнбағыс майы - 0,2%-ға), ұн - 0,2%-ға.

Бағаның төмендеуі құмшекерге - 3,7%-ға, қарақұмық жармасына - 0,3%-ға байқалды.

Азық - түлік емес тауарлар бойынша отын бағасы - 9,5%-ға, шыны бұйымдар, ас құралдары мен үй ыдыстары - 4,9%-ға, киім мен аяқ киім -            2,6%-ға, жуу және тазалау құралдары - 3,5%-ға өсті. ЖЖМ бағасы өзгеріссіз қалды.

Ақылы қызметтер бойынша мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтері - 6,7%-ға, сақтандыру - 4,7%-ға, амбулаториялық қызметтер - 3,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдастыру - 3,5%-ға, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтер - 3,2%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу - 1,5%-ға, жолаушылар көлігі - 1,0%-ға өсті (оның ішінде                     әуе - 7,2% - ға, теміржол - 4,7%-ға, таксимен жүру - 2,4%-ға).

2022 жылдың желтоқсанында тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер тұрақты болып қалды.

Салықтар. 2023 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке                             182,5 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 106,0%  (о.і. РБ – 63,1 млрд. теңге (105,5%), ЖБ  - 119,4 млрд. теңге (106,3%)) түсті.

Салық бойынша берешек 3,1 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 93,7%-ды құрады.

Бюджет. 2023 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 557,7 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері –                119,4 млрд. теңгені немесе болжамға 106,3%-ды (о.і.салықтық түсімдер –    101,0 млрд. теңге (106,6%), салықтық емес түсімдер – 6,4 млрд. теңге (99,6%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  12,0 млрд. теңге (107,4%) құрады. Бюджеттік шығындар 98,6%-ға (557,5 млрд.теңге) игерілді.      

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 75 565 адам қамтылды.                    Жұмыс берушілердің бос орындарына 35 590 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1168 адам, жастар практикасымен - 1840 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  9847 адам қамтылды.

Жаңадан 35 347 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 20 261. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            76005 адамның 38 043 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 216422 теңгені құрады,                 бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 17,4%-ға,                         нақты - 2,2%-ға артты (2022 ж.  3 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
97 098 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   10,5%-ға (2022 ж. 3 тоқсан) өсті.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 64,9 мың тұрғынға                         4813,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 4614,3 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 136,5 млн. теңге,                                үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 62,4 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 253,6 млрд. теңге қарастырылып, игерілді (100%). 2022 жылы білім беру нысандарын дамытуға 7,7 млрд.теңге қарастырылды  (ОБ).                     

2022 жылы білім беру саласында 7 орта мектеп құрылысы басталды      (Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. 300 орындық; Сүлейменов көшесі соңындағы тұрғын алабында 2400 орындық 2 мектеп; Жамбыл ауданының Шоқай а. 150 орындық, Қордай ауданы Бәйтерек а. 150 орындық, Меркі ауданы       Ақжол а. 80 орындық және Қайындысай а. 150 орындық), сондай-ақ                   Сарысу ауданы Жаңаталап а. «Жаңаталап» орта мектебіне спорт залы,           асхана және акт залы жапсарлас құрылысы.

Одан басқа, 3 мектеп құрылысы жалғастыруда (Шу ауданы Төле би а. 300 орындық, «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, Тараз қ. Казарма алқабында 100 орындық).

2022 жылы білім беру саласында 8 мектеп пайдалануға берілді                   (Байзақ ауданы Көктал а. 600 орындық, Сенкібай а. 100 орындық,                    Жамбыл ауданы Айша бибі а. 300 орындық; Дихан ауылында 180 орындық, Жуалы ауданы Алатау ауылында 100 орындық; Қордай ауданы Арал а.                  180 орындық;  Тараз қ. «Барысхан» тұрғын алқабында 600 орындық, Асқаров алқабында 600 орындық).

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  445 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.

2023 жылғы 1 қаңтарына облыстағы 572 мектепке дейінгі ұйымдарымен (449 балабақша, 123 шағын орталықтар) 59,4 мың бала немесе 91,7%                  (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
16,6 млрд. теңге бөлініп, игерілгені 99,5%-ды құрады.                                      Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,2 млрд. теңге, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

25 денсаулық сақтау нысанын дамытуға (ДА - 14, МП - 2, ФАП - 4, Байзақ ауданы Сарыкемер а. орталық аудандық емхана құрылысы - 1, Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасына жапсарлас құрылысы - 1, Меркі ауданы орталық аудандық аурухана және Шу ауданы қалалық емхана ғимараттарын қайта жаңарту - 2, Тараз қаласындағы онкодиспансер-1)             8,6 млрд. теңге  (о.і. РБ - 4,1  млрд. теңге, ЖБ  - 2,2 млрд.теңге, ҰҚ - 2,3 млрд. теңге) қарастырылды.

2022 жылы 13 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт,                       4 фельдшерлік-акушерлік пункт, Байзақ ауданы Сарыкемер а. орталық аудандық емхана (ауысымына 250 келушіге арналған) іске қосылды.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда қант диабеті, психикалық бұзылулар, қатерлі ісік ауруларының өсуі байқалды, сонымен қатар қан айналымы жүйесі, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерез сырқаттанушылық деңгейі төмендеді. Т. Рысқұлов, Шу және Талас аудандарында ана өлімінің               3 жағдайы тіркелді.

 

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
27 января 2023